Лекция заманауи фиқҺ МӘселелерін шешу жолдары: негізгі көЗҚарастар, назарда ұсталуы қажет басты принциптер, заманауи пәтуа шығарумен айналысатын ұйымдар дайындаған: Алпысбаев Е



бет2/9
Дата28.12.2022
өлшемі82,49 Kb.
#60109
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бүгінгі таңда фиқһтың қазіргі мәселелерін шешуге қатысты ортақ қабыл етілген бірегей әдісі туралы айту мүмкін емес. Бұл мәселеде бір-біріне жақын және керісінше бір-бірінен алшақ көптеген көзқарастардың бар екенін айтуға болады.

  • Бүгінгі таңда фиқһтың қазіргі мәселелерін шешуге қатысты ортақ қабыл етілген бірегей әдісі туралы айту мүмкін емес. Бұл мәселеде бір-біріне жақын және керісінше бір-бірінен алшақ көптеген көзқарастардың бар екенін айтуға болады.
  • Сонымен қатар, бұл көзқарастардың әрбірі әртүрлі түсініктер мен бағыттарға ие. Алайда оларды негізгі бағыттары мен ортақ ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топтарға бөліп қарастыруға болады.

1. Модернист көзқарас

1. Модернист көзқарас

  • Бұл көзқарас, шығу тегі жағынан батысқа тиесілі болып, «барлық нәрсе тарихқа байланысты өзгереді және тарихи сипатқа ие нәрсе әмбебап және жалпыға ортақ бола алмайды», деген идеяға негізделеді.
  • Осы көзқарасқа сәйкес, Құран мен Сүннет белгілі бір тарихи жағдайлардың өнімі болып табылады және осы тұрғыдан ол екеуі тарихи сипатқа ие. Құран мен сүннеттің жүзеге асыруды көздеген моральдық және әлеуметтік принциптері ғана әмбебап және міндетті болып табылады. Қазіргі уақытта алдымен белгілі бір әдістер арқылы осы принциптердің не екенін анықтап, содан кейін оларды ақыл мен ғылымның негізінде қазіргі діни мәселелерге қолдану керек.
  • Бұл көзқарас ақыл мен ғылымды настан жоғары қойып, насты оларға тәуелді еткендіктен көп қолдау таппады.

2. Жаңа сәләфилік көзқарас

2. Жаңа сәләфилік көзқарас

  • Бұл көзқарас классикалық фиқһ мұрасы мен дәстүрлерін елемейтін немесе қабылдамайтын түсінікке ие. Негізгі қайнаркөздерге оралуға шақырады. Бұл көзқарас иелері алғашқы кезеңге қайта оралып, фиқһты әуел бастан қайта бастау идеясын қолдайды.
  • Алайда бұл көзқарастың жақтаушылары настардың тікелей мағынасынан ауытқымауды негізге ала отырып, олардың түпкі мағынасы мен мақсаттарын ескерусіз қалдырады. Осының нәтижесінде кейіннен пайда болған және настардың тікелей мағынасына жатпайтын көптеген жаңа туындыларды бидғат ретінде бағалайды.
  • Дәстүрден қол үзген және реалды өмірмен байланысы әлсіз болған бұл көзқарас қазіргі фиқһ мәселелерін шешуге қауқарлы бағыт болып саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет