Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарымен өтетін бірінші сабақ.
Жаңа бөлімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалын өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағыдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ.
Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болып табылады.
Сонымен, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты болғанымен, әрқайсысының өзіне тән өзгешілігі болады.
3.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары. 4.Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары. Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Соңынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.