Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Жұбанова Қызғалдақ Құдайбергенқызы



Pdf көрінісі
бет159/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Жұбанова Қызғалдақ Құдайбергенқызы 1933 жылы 26 ақпанда 
Алматы қаласында дүниеге келді. Ақтөбе облысында бастауыш мектепті 
аяқтап, 1946 жылы Алматыдағы №12 қыздар орта мектебінде оқып бітірді. 
1952 жылы мектепті бітірген соң Қазақ ұлттық университетінің «Экономика» 
факультетіне түсіп, «Экономист» деген мамандық алып шығады. Сол 
мамандығы бойынша статистика басқармасында жемісті де абыройлы қызмет 
атқарып жүргенде, 1961 жылы Алматыда ашылған Республикалық халық 
шаруашылық жетістіктер көрмесі ашылады да, соған қызметке шақырылады. 
Ол көп жылдар бойы халық шаруашылық жетістіктер көрмесінде «Бас» 
павилон директоры қызметін атқарады, халқының сенімді перзенті ретінде 
зор беделге ие болып, талай құрмет грамоталарымен, дипломдармен, 
медальдармен марапатталды, абыройға кенелді. Еліміз егемендік алғаннан 


327 
кейін ол жерде «Атакент» іскерлік орталығы ашылды. «Мен онда 
акционермін» дейді Қызғалдақ Құдайбергенқызы. 
Әкесі Құдайберген Жұбанов 1957 жылы ақталған күннен бастап, өз 
анасынан, апа-ағаларынан бала кезінен әке жағдайын естіп, өксіп өскен, 
ғалымның ортаншы қызы Қызғалдақ, енді ел аузынан жалынды лебіздерді 
естіді, зиялы қауым, атақты жазушы, ұлағатты ғалымдардың әкесі туралы 
жазған 
мақалаларын 
оқыды. 
Талай 
мерейтойларға 
байланысты 
конференцияларда жасалған баяндамаларды тыңдап, газет-журналдардағы 
мақалаларды тірнектеп жинап, әкесінің еңбектерімен танысты. Ардақты да 
қымбатты әкесі жайлы сағынышқа толы жырлар да жаза бастады. «Жұбанов 
Құдайберген жүзге толды» атты жүректен шыққан толғауында өзінің әкесі 
деген сәбилік сезімін, былайша көрсеткен-ді. 
«Бүгінгі елордамыз Астанада, 
Жанашырлар жиналды жас қалада. 
Жүзге толған Жұбанов құрметіне, 
Келелі кеңес ашты бас қалада. 
Отанының білімпаз қайраткері 
Халқының азаматы ардагері, 
«Елім, ұлтым, тілім» – деп, отқа түскен 
Жұбанов тым ертерек қыршын кеткен. 
Ісіңді армандаған алға апарар, 
Ел білді бар екенін жас ұрпақтар. 
«Тіл қолдану аясын кеңейту» – деп, 
Ғылыми тәжірібелі жиын арнар. 
«Мұқият бол деп, тіл мен терминдерге» 
Ғұлама айтып кеткен дәл сендерге. 
«Өз тілің ғылыми тіл шеңберінде, 
Әлемдік деңгейден көр әр кезінде». 
Егеменді елімнің тіл – тірегі,
Жастары жалындаған – ең керегі. 
«Ұрпақтар жалғастығы» деп жатармыз, 
Әлі де бергенінен мол берері. 
Әкесінің ұшан-теңіз еңбектерін жете оқып, мән-мазмұнына терең ден 
қоя ұғып түсінген Қызғалдақ: «Осындай қазақтың бақытына біткен ерекше 
талантты жоқ етуге қалай көздері қиды екен?» деп қиналады. Өзінің жан 
жүрек балапандары, немере-шөберелеріне атасының ғалымдық жолын үлгі 
етіп, мәпелеп, тәрбиелеп, үнемі үлгі етумен ғана тынбай, әке мұрасын жинау, 
насихаттау жолында да айтарлықтай тынымды да ұлағатты істер атқарудан 


328 
жалықпай еңбектенуде. Ол әкесінің туғанының 105 жылдығына арнап, «Әкем 
– жарық жұлдызым» атты көлемі 222 беттік сый кітапты 2005 жылы жарыққа 
шығарып, оның тұсаукесер тойын да өзі өткізді. 
Проф. 
Құдайберген 
Қуанұлы 
Жұбановтың 
өмірі 
мен 
шығармашылығын, ғылыми және қайраткерлік қызметін, жалпы азаматтық 
тұлғасын танытуда жан-тәнімен еңбек етіп, бар күш-жігерін салып, 
ғалымның 
мерейтойларына 
арналған 
конференциялардың 
бәрінде 
баяндамалар жасап, барлық іс-шаралардың басы-қасында келе жатқан – 
ғалымды «халық жауы» ретінде тұтқындаған күні туғанына алты күн ғана 
болған кенже ұлы Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы. Ол 1937 жылы 13 
қарашада Алматы қаласында туған. Математика және тіл білімі маманы, 
филология ғылымдарының докторы, профессор.
А.Қ.Жұбанов 1960 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика 
институтының математика факультетін бітірген. 1960-1967 жылдары Қазақ 
мемлекеттік 
ауылшаруашылық 
институтының 
жоғары 
математика 
кафедрасында оқытушылық қызмет атқарған. Әкесі Құдайберген Қуанұлы 
Жұбановтың ғылымдағы жолын жалғастыру мақсатымен А.Қ.Жұбанов 1967-
1970-жылдары ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының аспирантурасында 
оқиды. Аспиранттық және докторанттық кезеңдерінде қазақ тілін 
математикалық әдістермен зерттеу мақсатында Минскідегі Лингвистикалық 
университеттің ғылыми мектебінен өтті. Осы саланың белгілі ғалымдары, 
профессорлар – Р.Г.Пиотровский, А.В.Зубов, Қ.Б.Бектаевтардан дәріс алды. 
1973 жылы филология ғылымдарының докторы Қ.Б.Бектаевтың ғылыми 
жетекшілігімен және академик І.Кеңесбаевтың ғылыми кеңесшілігімен 
«Статистико-лингвистическое 
исследование 
казахского 
текста 
с 
применением ЭВМ» атты кандидаттық диссертация қорғады. Бұл ғылыми 
жұмыс қазақ тіл біліміндегі статистикалық лингвистика саласына арналған 
алғашқы еңбектердің қатарында саналып, жоғары бағаланды. Сөзіміздің 
дәлелі ретінде академик І.Кеңесбаевтың Құдайберген Жұбановтың жұбайы 
Раушан Жұбановаға жазған хатын келтіруді жөн көрдік: 
Аса құрметті Раушан жеңгеме. 
Ата балаға сыншы ғой. Асқарға біз сияқты кісілер де ата. Асқарға 
жүктелген жұмыс ауыр еді. Оны мызғымастан өткелден көтеріп шықты. Ол 
ғылым өткелі еді. Ата баласының ат меңіндей белгісі болады емес пе?! Осы 
жолы әкеге біткен қабілет балаға біткен дарындылықтан анық аңғарылды. 
Асқардың сәтті аяқталған еңбегіне шын жүректен шыққан 
қуанышымды білдіремін. Жұрағат, бала-шағамыздың, өзіңіздің бақыттан қол 
үзбеулеріңізге тілектеспін. Өмір бойы үйіңіздің түтіні сөнбесін. 
Ісмет 
15.06.73 


329 
P.S. Бір ғана өкінішім бар. Кеше кешкі ауық түшкіріп, сәл сырқаттанып 
қалдым. Ыстығым бар. Тойдың басы-қасында өзім болмақ уәдем бар еді. Бұл 
уәдеден шыға алмай қалдым. Ғафу сұраймын». Бұл хаттың кирилл қарпімен 
қатар төте жазумен жазылған нұсқасы да Асқар Жұбановтың мұрағатында 
сақтаулы. 
А.Қ.Жұбанов 2001 жылы филология ғылымдарының докторы, 
математик А.В.Зубовтың ғылыми кеңесшілігімен «Основные принципы 
формализации содержания казахского текста» атты тақырыпта докторлық 
диссертация қорғады. Ғалымның зерттеулерінде қолданбалы лингвистика 
саласының әдіс-тәсілдері беріліп, жиілік сөздік мәселесі, олардың автоматты 
түрде жасалу жолдары көрсетілген. Қазақ мәтініндегі негізгі сөз таптарының 
мәтін ішінде үлестірілу заңдылығының ықтималды-статистикалық моделін 
құру мәселесі зерттелген. Ғалымның докторлық диссертациясында қазақ тіл 
білімінің өзекті мәселелеріне жататын мәтін және оның формалдық, 
мазмұндық құрылымына қатысты құрастырушы элементтер арнайы 
қарастырылған.
А.Қ.Жұбанов 1970-1976 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институтында кіші, 1976-1986 жылдары аға, 1986-1990 жылдары жетекші 
ғылыми қызметкер, 2002 жылданбас ғылыми қызметкер, 1990 жылдан бастап 
«Қолданбалы лингвистика» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді. 
2004 жылы тіл білімі мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
А.Қ.Жұбанов – қазақ тілін зерттеуде математикалық статистика мен 
ықтималдылықтар теориясы пәндерінің әдістерін (ғылыми жетекші 
Қ.Бектаевпен бірге) және қазақ лексикография саласына компьютер 
мүмкіндіктерін пайдалану әдісін тұңғыш қолданған және оны әрі қарай 
дамытушы ғалым. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қазақ 
тілінің қолданбалы саласының жаңа бағытына қатысты тақырыптарға 
А.Жұбанов ғылыми жетекшілік етіп келеді. Ғалымның алғашқы зерттеулері 
ЭЕМ (компьютер) арқылы М.Әуезовтің шығармаларындағы сөзформалар 
мен сөздердің жиілік сөздіктерін құрастыру және олардағы тілдік 
бірліктердің статистикалық заңдылықтарын анықтауға қатысты болса, 
соңғылары – «Мәдени құндылықтар ретіндегі қазақ тіліндегі мәтіндер 
корпусы және сөздіктердің «Тіл – қазына» атты ұлттық компьютерлік қорын» 
құрастыру мәселелерін қамтиды. Мұндай зерттеу қазақ тіл білімінде бұрын-
соңды болмағандықтан, зерттеу нәтижесі компьютерлік лингвистиканың 
теориялық және практикалық негізін қалыптастыруға бастама болды. 
«Тіл мамандарының ең талантты дегендерінің ішінде екінің бірі бара 
алмайтын бұл салаға Асқардың жаңадан жол салып, бастау көздердің бірі 
болуында екі-үш фактордың мәнін атау керек: бірі – бұл іске математик 
маманның кірісуі, екіншісі – математиктің тіл білімі сияқты гуманитарлық 
ғылым саласының негізгі қағидаларын, тармақтарын, теориялық тұрғылары 
мен практикалық қажеттіктерін бірден жақсы игеріп (оқып), танып алған 
қабілет-дарыны, үшіншіден, қазақ тіл білімі саласын заман талабына сай 
дамытуға үлес қосу (дәлірек айтсақ, жол салу) сияқты ғылыми мақсат қоюы. 


330 
Ал мұндай мұрат-мақсатты қоюға, сірә, әке жолын жалғастыру, «Жұбанов» 
деген ата атын жоғары ұстау сияқты жазылмаған адами заңның талабы да 
болған болар», – дейді академик Р.Сыздық («Ана тілі», қарашаның 8-і, 2007). 
Профессор А.Қ.Жұбанов жоғары оқу орындарында: әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті Жалпы тіл білімі кафедрасында, Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және 
PhD докторантура институтында қазақ тілінің математикалық және 
компьютерлік лингвистика пәндері бойынша дәріс оқыды. 
Профессор А.Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімінің сөздік қор, лексикалық 
байлығын, яғни институттың картотекалық қорында жиналған бес миллион 
сөз қолданыс байлығын компьютерлік қорға түсірді. 
Ғалымның жетекшілігімен, бөлім қызметкерлерінің бұл тамаша еңбегі 
2011 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасымен жарық көріп отырған 15 
томдық «Қазақ тілінің сөздігін» жасауға кеңінен қолданылып, көп көмегін 
тигізді. Бұл қорға «ақ таңдақ» кезінде шығармалары пайдаланылмаған, 
қажетті сөздері тиісті дәрежеде кортотекалық қорға түсірілмеген арыстар: 
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ахмет 
Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек 
Аймауытұлы т.б. жазушылар шығармаларындағы халық тілінің байлығы, 
жауһар сөздерді компьютерге жаңадан түсірді. 
Ғылыми-зерттеу және жоғарыда аталған пәндер бойынша сабақ беру 
нәтижесінде А.Жұбанов – 6 монографияның (3 жиілік сөздіктің 
құрастырушыларының бірі), 3 оқу құралының, сондай-ақ 150-ге жуық 
ғылыми мақаланың авторы. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 5 
кандидаттық және 7 магистрлік диссертация қорғалды.
Профессор А.Қ.Жұбановтың негізгі теориялық-танымдық еңбектері: 
Куманша-қазақша жиілік сөздік. –Алматы, 1978 (құраст. бірі). –217 б.; 
М.О.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі. –Алматы, 1979 
(құраст. бірі). –336 б.; Квантитативная структура казахского текста. –Алматы, 
1987. –147 с.; М.О.Әуезовтің 20 томдық шығармалар текстерінің жиілік 
сөздіктері. –Алматы-Түркістан, 1995 (құраст. бірі). –346 б. Основные 
принципы формализации содержания казахского текста. –Алматы, 2002. –250 
с.; Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. Оқу құралы. –
Алматы, Қазақ университеті, І-2004, ІІ-2007. –209 б.; Қолданбалы 
лингвистика: формалды модельдер: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ 
университеті, І-2006, ІІ-2007. –280 б.; Компьютерлік лингвистикаға кіріспе: 
Оқу құралы.–Алматы: Қазақ университеті, 2007. –204 б.; Қолданбалы тіл 
білімінің мәселелері. Вопросы прикладного языкознания. –Алматы: Арыс, 
2008. –640 б.; Қазақ сөзінің «Тіл – қазына» деректер базасы және оның 
теориялық негіздері. База данных «Тіл – қазына» казахского слова и ее 
теоретические основы. –Алматы: Арыс, 2009. –304 б.; Қазақ тіл білімі: 
қолданбалы лингвистика. Казахское языкознание: прикладная лингвистика. –
Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2012. –696 б. 
(қазақша, орысша). 


331 
Жан-жағына саясын төккен зәулім бәйтеректей болған профессор 
Құдайберген Жұбановтың шарапаты мен шексіз дарыны ұрпақтарына дарып, 
Жұбановтар әулетінің есімдері бұл күнде қазақ халқының ғылымы мен 
мәдениетінің төрінде шоқ жұлдыздай жарқырап тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет