Лобзин с. А. Электр машиналар



бет28/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

Аралас түрдегі орама. Жоғары қуаттағы машиналарда аралас түрдегі орама жиі қолданылады (аралас, бақа тәріздес), ол қарапай- ым ілмекті және күрделі толқынды орамалардың үйлесімі болып та- былады. Мұндай орамалар зәкірдің төрт қабатында орналасады және жалпы коллекторға қосылады. 1.11-суретте осындай ораманың бір бөлігін және оның белсенді жағын зәкірдің ойықтарына орналасты- руы көрсетілген. Екі жоғарғы ойықтардың қабаттарында бөліктердің жақтары 1.11 а - суретте тұтас сызықтармен, ал штрих сызықтармен басқа ойықтың төменгі екі қабатында орналасқан жақтары көрсетіл- ген. Аралас түрдегі ораманы жасаған кезде, әр коллекторлы тілімше- ге әртүрлі бөліктерге жататын төрт өткізгіш дәнекерленеді.
Зәкірдің тогы орамалар арасында біркелкі бөліну керек, сон- дықтан аралас ораманы құрайтын толқынды және ілмекті ора-





1.11.-сурет. Аралас түрдегі ораманың бөлімі: а - әзірленген сұлба;


б - белсенді жақтарын ойықтарға орналастыру

34


малардың параллель тармақтары бірдей болу қажет. Бұрын ай- тылғандай, қарапайым ілмекті орамада параллель 2а тармақтардың саны 2р полюстерінің санына тең; қарапайым толқынды орамада тармақтар саны екіге тең; күрделі толқындық орамда 2m, мұндағы m - күрделі ораманы құрайтын қарапайым толқынды орамалар саны. Осыған орай, қарапайым ілмекті орама мен күрделі толқынды орама аралас түрдегі орамаға енгізілу керек, мұндағы m = p (аралас түрдегі ораманы күрделі ілмекті орама құрамында қолдану ақталмайды).
Теңгермелік жалғаулар қажеттілігінің жоқтығы қарастырылған ораманың маңызды артықшылығы болып табылады: толқынды ора- ма ілмекті орамаға арналған бірінші түрдегі теңгермелік жалғаулар рөлін атқарады, ал ілмекті орама толқынды орамалар үшін екінші түрдегі теңгермелік жалғаулардың рөлін атқарады.


1.6.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет