ҚЎлпыбаев с



бет129/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

12.13. Тіркелген салық

Ұтыссыз ойын автоматтарын; ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді; ойын жолдарын (боулинг (кегельбан)); картты (картинг); бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңи тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.


Ойын өткізу үшін пайдаланылатын тиісті ойын құрылғылары тіркелген са­лық салу объекті болып табылады.
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі және ең жоғар­ғы базалық мөлшерлемелерінің мөлшерлері төменгі кестеде келтірілген.
12.3 кесте. Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері



рет №

Салық салу объектінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерле-мелерінің ең төменгі мөлшері (АЕК)

Тіркелген салықтың базалық мөлшерле-мелерінің ең жоғары мөлшері (АЕК)

1

2

3

4

1.



Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.



Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге ар-налған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекітілген база­лық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.


Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға енгізу кезінде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің ½ мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық айдың жартысы үшін деп, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің ½ мөлшерінде есептеледі.
Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Жоғарыда аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
Тіркелген салық бойынша мағлұмдама есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет