ҚЎлпыбаев с


Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен



бет154/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

14.4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен
шығыстарының құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарының қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерек­ше экономикалық нысандар – бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.


Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.
Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және Бюджеттік кодекске сәйкес мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) таза бюджеттік кредиттеу:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо:
қаржылық активтерді сатып алу;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
5) бюджет тапшылығы (профициті);
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферт түсімдері болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер – Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер. Салықтық түсімдер мемлекеттік бюджетте басым болады: олар кірістердің барлық түсімдерінің 68%-ын құрайды.
Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байланыстырылған гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер:1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті; 2)мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды; 3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық келісім шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден; 4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалай қаражаттарды кіріктіреді.
Трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Трансферттердің түсімдері 2010 жылы 27,9%-ті құрады (2009 жылы 31,5%) – салықтық түсімдерден кейін екінші орынды алады. Бұл экономикалық дағдарыстың әрекетімен және түсімдердің дәстүрлі көздерінің азаюымен түсіндіріледі, бұл үкіметті Ұлттық қордың резервтерін пайдалануға иек арттырды.
Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары – бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар – мемлекеттік эмисссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (не­месе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар­дың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын­дардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемле­кеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. 14,1 кестенің мәліметтерінен көрініп тұрғандай, Қазақстан Республикасы бюджетінің шығындарында әлеуметтік шығыстар басым болып отыр. Мысалы, 2010 жылы бюджеттен түсімдердің 20,3%-ы әлеуметтік қамсыздандыруды, білім беруге 16.9 денсаулық сақтауға (барлығы 49,6%) жұмсалды.
Бюджеттік кредиттер – қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар.
Қаржылық активтерді сатып алу – заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы қағаздарын мемлекет­тік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды өтеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін кіріктіретін үдеріс.
Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді – 1 жылға дейін, орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді – 5 жылдан 30 жылға дейін.
Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстарының құрылымы 14.1 кестенің мәліметтерімен сипатталады (2008-2009 жж бұл мәліметтерді 1, 2 қосымшалардан қараңыз).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет