ҚЎлпыбаев с


кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы (2010 ж.)



бет155/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

14.1 кесте. Қазақстан Республикасы мемлекеттік
бюджетінің құрамы мен құрылымы (2010 ж.)




Атауы

млрд. теңге

жиынға %-бен

ІЖӨ-ге %-бен (21513,5 млрд. теңге)

1. КІРІСТЕР

4 229,1

100,0

20,0

Салықтық түсімдер

2934,1

68,3

13,6

соның ішінде:
корпоративтік табыс салығы

837,2

19,5

3,9

жеке табыс салығы

312,3

7,3

1,4

әлеуметтік салық

253,8

5,9

1,2

қосылған құн салығы

677,2

15,8

3,1

акциздер

61,4

1,4

0,3

басқа салықтар

792,2

18,4

3,7

Салықтық емес түсімдер

104,4

2,4

0,5

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

60,6

1,5

0,3

Трансферттер түсімдері

1200,0

27,9

5,6

ІІ.ШЫҒЫНДАР

4457,2

100,0

20,7

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

224,9

5,0

1,0

2. Қорғаныс

221,3

5,0

1,0

3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық - атқару қызметі

368,8

8,3

1,7

4. Білім беру

755,3

16,9

3,5

5. Денсаулық сақтау

551,3

12,4

2,6

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

905,3

20,3

4,2

7. Түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

334,2

7,5

1,6

8. Мәдениет, спорт, туризм жән ақпараттық кеңістік

227,6

5,1

1,1

9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пәйдалану

79,7

1,8

0,4

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау.жер қатынастары

207,1



4,7



1,0



11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

28,2

0,6

0,1

12. Көлік және коммуникация

390,7

8,8

1,8

13. Басқадай шығындар

68,2

1,5

0,3

14. Борышқа қызмет көрсету

94,6

2,1

0,4

15. Трансферттер

-







ІІІ. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ

22,2




0,1

Бюджеттік кредиттер

110,8




0,5

Бюджеттік кредиттерді өтеу

88,6




0,4

ІV. ҚАРЖЫлық АКТИВТЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

347,0






1,6



Қаржылық активтерді сатып алу

348,1




1,6

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер

235,9






1,2



Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер

1,0









V. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (профициті)

-527,3




-2,45

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі – салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері.


Жаңа бюджеттік кодекске сәйкес 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджеттің бірінші жылының орындалу нәтижесінің біздің еліміз үшін маңызы зор болды. 2009 жылғы республикалық бюджет бірінші кезекте Қазақстан Президентінің «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының жақсаруы – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» және «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауларында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында және онда көрініс тапқан әлеуметтік-экономикалық дамудың қағидаттары мен басымдықтарына сәйкес іске асырылды. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған республикалық бюджет шығындарының тұрақтылығын сақтап қалу мақсатындағы қадамдар оң үрдістерге ие болды және бөлінген қаржылар соңғы бес жылда 2,5 есеге көбейді. Бұл 2009 қаржы жылының, соның ішінде мемлекеттің әлеуметтік саладағы міндеттеріне қатысты республикалық бюджеттің орындалуынан көрініс тапты (екінші қосымшаны қараңыз).
Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы 510,9 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% артықшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені немесе жоспардағы 100,1% шығыстар 3311,3 миллиард теңгені (98.2%) құрады. Бұл ретте 61,1 миллиард теңге игерілмей қалды.
Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы 510,9 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды.
2010 жылы мемлекеттік бюджетке 4 388,8 миллиард теңге, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 878,5 миллиард теңгеге артық қаржы түсті. Мемлекеттік бюджеттің кірістері де осы мерзімде 4 299,1 миллиард тенге болды. Оның ішінде салықтық түсімдер 2 934,1 миллиард теңгені құрады.
2010 жылы мемлекеттік бюджеттің шығындары 2009 жылмен салыстырғанда 913,1 миллиард теңгеге көбейіп, 4 916,1 миллиард теңгені құрады.
2010 жылы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 527,3 миллиард теңгені, республикалық бюджет бойынша 554,2 миллиард теңгені немесе болжанған ІЖӨ-ге 2,7%-ды құрады. Бұл межеленген жоспардан 248,8 миллиард теңгеге аз.
Кірістер экономика дамуының қарқынын өсіру (74,7 миллиард теңгеге), сыртқы сауда айналысын және Кедендік одақ шеңберінде импорттық кедендік баждарды есептеу механизмінің әрекеті (85,5 миллиард), 2010 жылдың қорытындылары бойынша 82,9 миллиард теңге сомасындағы бюджеттік қаражаттардың бас қалдықтарын тарту есебінен көбейді.
Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша Республикалық бюджет 4 триллион 284 миллиард теңгеге, немесе 99,1%-ға атқарылды.
2010 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет 4284 миллард теңге немесе 99,6%-ке атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда қазынаға 77,6 миллиард теңге артық түсті.
2010 жылы шығыстардың жалпы сомасындағы игерілмеген қалдықтың үлесі 0,9%-ды, немесе 37,5 миллиард теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 22,6 миллиард теңгеге төмен.
2010 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кірістері 106%-ға атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда қазынаға 777,6 миллиард теңге артық түсті.
2011-2013 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2011 жылы республикалық бюджеттің кірістері 3940,0 миллиард теңге, ал шығыстары 4322,7 миллиард теңге мөлшерінде айқындалған болатын. Бюджет тапшылығы елдің ІЖӨ-нің 2,8 пайыз деңгейінде белгіленген. Бюджетті нақтылау барысында 2011 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жоспары 207,9 миллиард теңгеге – 4 триллион 249,3 миллиард теңгеге дейін, шығыстар 301,3 миллиард теңгеге – 4 триллион 954,1 миллиард теңгеге (ІЖӨ-нің 20,8 пайызы) теңгеге дейін көбейді. Бұл ретте бюджет тапшылығы бұрынғысынша қалды.
Қаржылық активтермен операциялар:
1) қаржылық активтерді сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама – бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны – бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қара­жаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар қалдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.
Бюджет профицитін пайдалану бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге арналған бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді.
Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.
Үкімет резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне пайдаланылады.
Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві, сондай-ақ оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін.
Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағ­дайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет