ҚЎлпыбаев с


Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі



бет212/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

18.6. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны қазір 1,8 миллион адамнан асады немесе елдің еңбек етуге қабілетті халқының ширегін құрайды. Олар ІЖӨ көлемінің ½-ін (1/3) өндіреді.


2007 жылдан шағын және орта бизнесті тек қолдауға ғана 276 миллиардтан аса тенге бағытталды. 2009 жылы корпоративтік табыс салығы ½-ге (1/3) қысқартылып, 20 пайызды құрады. ҚҚС-тың мөлшерлемесі 12 пайызға дейін қысқарды. Ал инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары қарастырылған. 2008-2009 жылдарда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізілді.
Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:
а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;
ә) табыс алуға бағытталған;
б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген.
в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.
Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.
Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлгалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:
a) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.
«Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық» туралы заңда жекеменшіктік қосалқы шаруашылық – ауылды жерде, қала маныңда орналасқан жер учаскесінде өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығы арналы-мының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады.
Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға берілетін жер учаскелерінің шекті мөлшері, мал ұстаудың нормативтері заңнамалық түрде регламенттелінеді.
Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың:
елді мекенге бөліп берілген ауыл шаруашылығы арналымының жерлерді жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалануға;
кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер және ассоцициялар құруға, сондай-ақ жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің ортақ мәселелерін бірлесіп шешу мақсатымен олардың құрамына кіруге;
ауылды мекенді орналастыру жобасына сәйкес жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар мен ғимараттар салуға құқығы бар.
Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік іс ұғымы – бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола алады. сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:
1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;
2) патент негізіндегі арнаулы салық режімі;
3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режімі;
4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режімі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.
Құмар ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі салығын, сондай-ақ құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемін төлейді.
Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудін онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің субъектілері болуы мүмкін. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің тәртібін өздері таңдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет