Салықтар, алымдар, төлемдер – табыс салығы, жылжымайтын мүлік салығы, алымдар, айыппұлдар, өсімпұлдар, жарналар; үйлерді, пәтерлерді, көлік құралдарын, техниканы жалдау үшін төлем.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу – үйлерді, пәтерлерді,саяжай және жер учаскелерін сатып алу. Басқадай шығыстар – қайырымдылық қорларына аудару, алименттер төлеу, туысқандарға, таныстарға көмек.
Қоғамдық өндірістің жалпы құлдырауы кезінде натуралдық және жартылай натуралдық шаруашылық қайта дами бастады. Өмір сүру үшін отбасылық ұжымдар жекеменшіктік және үй іргесіндегі учаскелерде өнім өндіре отырып, дара-еңбектік және кәсіпкерлік қызметпен, соның ішінде жанбасылық саудамен айналысады; әр түрлі ақылы қызметтер орындайды.
Натуралдық және жартылай натуралдық шаруашылықтар қоғамдықтарға қарағанда нәтижелері шамалы болғанымен және барлық тауарлар мен қызметтердің толық жиынын қамтамасыз етуге қабілетті болмасада, бірақ олар отбасылық бюджеттің қажетті ең төменгі деңгейін қолдайды және үй шаруашылықтарын кедейлік пен қайыршылықтан сақтайды. Натуралдық өзін-өзі қамтамасыз ету соңғы жылдары өсті, ол натуралдық нысандағы мемлекеттік әлеуметтік трансферттерді есепке ала отырып, үй шаруашылығы тұтынуының төрттен біріне жуығын алады. Алайда ақшалай шығыстар түпкілікті тұтынудың жалпы көлемінде басты рөл орындайды.
Қазіргі жағдайларда нақтылы шығыстардың халықтың белгілі бір топтарының табыстылығының азаюына байланысты, басқа факторлармен қатар, қоғамда сапалы өзгерістерге: халықтың денсаулығының нашарлауына, өмір ұзақтығының қысқаруына, бала туылымы деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер бойынша сыныптауға болады:
1) тұрақтылық дәрежесі бойынша: тұрақты шығыстар (тамаққа; киім-кешекке, көлікке, коммуналдық қызметтерге және басқаларға);
бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланатын тауарларға).
2) қажеттік дәрежесі бойынша: тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі (қажетті) шығыстар;
медицинаға;
екінші кезектегі (қажет) шығыстар (білім алуға, сақтық жарналары және т.с.с.);
басқадай шығыстар (қалғандары);
3) пайдалану мақсаттары бойынша:
тұтыну шығыстары (тауарлар сатып алуға және қызметтерді төлеуге);
салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;
салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен жинақақшалар;
шетел валютасын сатып алу;
халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі. Тауарлар сатып алу мен қызметтерді төлеу – бастысы болып табылатын тұтыну шығыстары барлық ақшалай шығыстардың төрттен үшін құрайды. Олардың мөлшері мыналарға байланысты: ақшалай табыстардың көлеміне, қажетті жеке және отбасының қажет-тіліктерін қанағаттандыруға; бөлшек сауда бағаларының деңгейіне; өмірдің климаттық және географиялық жағдайларына және басқа факторларға.
Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша 2009 жылы Қазақстанда үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының құрылымы мынадай болды:
тұтыну шығыстары – 93%;
оның ішінде: азық-түлік тауарларына – 42%;
азық- түлік емес тауарларға – 27%;
ақылы қызметтерге – 24%;
салықтар, алымдар, төлемдер төлеу – 0,2%;
басқадай ақшалай шығыстар – 6,8%.
Үй шаруашылығы шығыстарының құрылымы тамақ өнімдеріне жұмсалатын шығыстар үлесінің басымырақ екенін көрсетеді. Оның үстіне қалада бұл үлес жоғары. Ауылдық жерде үй шаруашылықтары үштен біріне жуығын натуралдық шаруашылық есебінен өздерін қамтамасыз етеді. Жекеменшік қосалқы шаруашылықта өндірілген өнімді тұтыну құны 2009 жылғы қалалық жерде 3,1%-ды, ауылдық жерде 15,2%-ды құрады. Азық-түліктік емес тауарлар (киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық техника) қалада 26 %-ды, ауылда 28% құрайды.
Қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі үнемі өсуде. Қаладағы отбасының шығындары әсіресе тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге, дәрілерге, сондай-ақ қоғамдық көлікпен жүріп-тұруға көбейді. Қызметтердің жекелеген түрлерінің қымбаттағаны соншалақ олар тіпті қатардағы азаматтың бюджетінен түсіп барады (мысалы, киім тазалау, қоғамдық кір жуу және басқалары). Алайда ақылы қызметтердің жаңа түрлері (денсаулық сақтау, білім беру) пайда болды, олар отбасы шығындарының үлкен үлесін ала бастады.
Үй шаруашылықтарының сандық құрамы да түпкілікті тұтыну шығыстарының құрамына әсер етеді. Бір адамнан тұратын үй шаруашылықтары анағұрлым жақсы жағдайда болады. Үй шаруашылықтары санының өсуімен жағдай нашарлайды. Оларда тамаққа жұмсалатын үлес төмендейді және жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтан және басқа түсімдерден түсетін натуралдық өнімнің үлесі көбейеді.
Азық-түліктік тауарларға жұмсалатын жалпы шығыстардың азаюы тағамдық азық-түліктердің сапалық құрамында бейнеленеді: фруктылар, кондитерлік бұйымдар, ет және ет өнімдері сияқты өнімдердің үлесі төмендейді, ал нан және нан өнімдерінің, картофель мен овощтардың үлесі артады.
Қазақстанда халықтын әр түрлі топтарының, материалдық әл-ауқаты бойынша щығыстардың деңгейі мен құрылымында қалыптасқан айырмашылықтар сақталып отыр: кедей және кедей емес үй шаруашылықтарының орта есеппен жан басының шығыстарындағы алшақтық үш есені құрайды. Кедей үй шаруашылықтарының бюджет шығыстарының сипатты белгісі кедей емес үй шаруашылықтарындағы 35,4 %-ға қарағанда тағамдық азық-тарға жұмсалған шығындардың үлес салмағы негұрлым жоғары болып табылады – 47,8 %.
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының екінші тобы – міндетті және ерікті төлемдер. Міндетті төлемдерге салықтар, алымдар, баждар, аударымдар жатады, оларды атқарушы биліктің органдары түрлі деңгейдін бюджеттеріне және бюджеттен тыс қорларға өндіріп алады. Ерікті төлемдерді үй шаруашылықтарының жекелеген мүшелері өз бастамасы бойынша сақтық органдарына түрлі тәуекелдерден (қауіп-қатерлерден) сақтандыру кезінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, қайырымдылық қорларына төлейді. Үй шаруашы-лықтарының жалпы шығыстарындағы бұл шығыстардың үлесі шамалы.
Қазақстан азаматтары ретінде үй шаруашылығының мүшелері әр түрлі міндетті төлемдер төлейді, олардың саны 20-ға жуық, ең алдымен бұл жергілікті салықтар, алымдар және төлемақылар. Оларға: жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік құралдары иелерінен алынатын салық, мемлекетік баж, жеке тұлғалардан алынатын кедендік алымдар. Жергілікті салықтардың арасында негізгілері жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және басқалары болып табылады.
Ақшалай нысанда, табысты алу күніне жиынтық табыстан алынатын табыс салығы төлеушіге оның ауыртпалығы тұрғысынан ең бастысы болып табылады.
Шығыстардың үшінші тобы – үй шаруашылықтарының жинақақшалары мен қорланымдары.
Экономикалық реформаны жүргізудің басында халықта көбінесе тауарлардың тапшылығына байланысты сұранымды кейінге қалдырудың нәтижесінде пайда болған және жинақ кассаларының шоттарында шоғырланған едәуір қорланымдар болды. Алайда 90-жылдардың бірінші жартысындағы күшті инфляция барлық жинақақшаларды тез құнсыздандырды.
Рыноктық қатынастар және кәсіпкерліктің еріктігі үй шаруашылықтарының айрықша санаттары үшін қымбат тұратын құндылықтарды (жерді,үйлерді,көлік құралдарын) сатып алу немесе бағалы қағаздарға, банктік депозиттерге салу арқылы капиталдандыру үшін қаражаттарды жинай отырып, оларды қорландыруға мүмкіндік жасады.
Банктерде шоғырландырылған ақшалай қорланымдар мен жинақақшалар кредиттік қатынастарды кенейту көздері болып қызмет етеді. Тұтыну кредиті үй шаруашылықтары мүшелерінің ақшалай табыстарын толықтырады және тауарлар мен қызметтерге деген төлем қабілеті бар сұранымды көбейтуге жәрдемдеседі. Тұрмыс деңгейі бір шама төмен, ал банк жүйесінің кредиттік мүмкіндіктері қосымша капиталдарды қажет ететін Қазақстан үшін тұтыну кредиті ерекше манызды.
Үй шаруашылығы қаржылық шешімдерді тек экономикалық мақсаттарды (үй шаруашылықтары табыстарының өсімі, шығындарды үнемдеу және т.с.с) ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік (балаларды тәрбиелеу, білім беру және т.с.с.) мақсаттарды да негіздей отырып қабылдайды. Бұл жағдайда экономикалық мақсаттар әлеуметтік мақсаттарды неғұрлым толық іске асыруға бағытталған. Алайда әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды үй шаруашылығы жиі формалды байланыстардың жүйесі негізінде айқындайды.
Әзірше үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болмай отыр, бірақ дамыған рыноктық қатынастар жағдайларында олардың рөлдері күшейе түсуде, бұл олардың барлық экономикалық үдерістерге қатысуымен қамтамасыз етіліп отыр, оның үстіне ХХІ жүзжылдықтын алғашқы жылдарында Қазақстан экономикасында байқалған он құбылыстар үй шаруашылықтарының қызметін жандандыруға жеткізеді.