ҚЎлпыбаев с



бет229/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

20.2. Макроэкономикалық
тепе-теңдік және қаржы

Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты – ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.


Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған ара салмақтардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.
Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-қылықтың топтауырындарын (стреотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.
Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор»* ұғымы пайдаланылады.
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:
1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
2) табыстар (немесе бөлу) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың ара қатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салықтық төлемдердегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.
Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады (І тараудың 1.2 параграфын қараңыз):
ЖҰӨ = C + Ig + G + Xn,
мұндағы С – үй шаруашылықтарының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;
Ig – жалпы жекеше ішкі инвестициялар;
G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті арттырмайтын трансферттік төлемдерді шығара отырып);
Хn – таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.
Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтаумен жасалады:
1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
2) бизнеске салынатын жанама салықтар;
3) жалдамалы жұмыскерлердің жалақысы;
4) ренталық төлемдер;
5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу);
6) меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;
7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидендтер, бөлінбеген пайда).
Бұдан ары, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ болып саналады.
Кейнстік моделдерде шығыстардағы өзгерістер тудырған өндіріс көлемінің, табыстың және жұмыстылықтың арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі. «Өндірістің тепе-теңдік деңгейі – өнімнің осы көлемін сатып алу үшін жеткілікті жалпы шығыстарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі немесе ТҰӨ-нің тепе-теңдік деңгейінде сатылған тауарлардың (ТҰӨ-нің) жалпы саны сатып алынған тауарлардың (C + Ig + G + Xn) жалпы санына дәле-дәл тең»*.
Тиісінше, өндірістің жалпы көлемінен жалпы шығыстардың кез келген асып кетуі тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады, мұның өзі соңғының өсуіне апарады; жалпы шығыстардың кез келген жетіспеушілігі ТҰӨ-нің төмендеуін тудырады.
График түрінде (20.1 сызба) бұл жай-күй координаттардың жүйесінде бейнеленеді, ОА биссектрисасы табыстар мен тұтынудың немесе нақты ТҰӨ мен шығыстардың теңдігін білдіреді, яғни бұл сызықтың кез келген нүктесінде деңгейлес білікке (ТҰӨ) бөліп шығарылған шамалар сатылас білікке (жиынтық шығыстар) бөліп шығарылған шамаларға тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет