Жинақталған зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсімпұлды жəне келісімшарттарға, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға, Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша.
Жинақталған зейнетақы қара жатының номиналдық құны – жинақ талған зейнетақы қаражатының Қазақ стан Республикасы мемлекеттік статис тикасының уəкілетті органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген номиналды құны.
Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту жəне зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан – алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу.
Жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы.
З
Заңи тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік.
Заңсыз жолмен алынған табыстар – қылмыс жəне (немесе) əкімшілік құқық бұзушылық жасау нəтижесінде алынған ақша жəне (немесе) өзге мүлік.
Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстату) – заңсыз жолмен алынған ақшаны жəне (немесе) өзге мүлікті мəмілелер жасау арқылы заңды айналымға тарту, сол сияқты көрсетілген ақшаны жəне (немесе) өзге мүлікті пайдалану.
Заңи тұлғаның өзге құрылымдық бөлімшесі – орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындарымен жабдықталған, тұлғаның заңи функцияларының бір бөлігін орындайтын кез келген аумақтық оқшауланған бөлімшесі. Жұмыс орны бір айдан артық мерзімге құрылса, стационарлық болып саналады.
Зейнетақы – Зейнетақы төлеу жөнін дегі орталықтан (Орталықтан), жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларын алынатын қаражатты қамтамасыз етуге жəне жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге қаржылық құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: |