Инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жəне жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені.
Инвестициялық қызмет – жеке жəне заңи тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі.
Инвестициялық мағлұмдама – зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылатын жəне инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын анықтайтын құжат.
Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңи тұлғаларына сəйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар.
Инвестициялық портфель – бағалы қағаздар рыногы субъектінің меншігінде немесе басқаруындағы əр түрлі қаржылық құралдардың не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы.
Инвестициялық табыс – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нəтижесінде алынатын ақша.
Инвестициялық ұсыныс – бюджеттік инвестициялық жобаны одан əрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар əкімшілері əзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, қолжетерлік жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы.
Инвестициялық портфелді немесе зейнетақы активтерін басқарушы –
бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп жəне соның есебінен жүзеге асыратын кəсіпқой қатысушысы.
Инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке жəне заңи тұлғалар.
Инжирингтік қызметтер көрсету – инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-контрукторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру жəне басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсыныстар əзірлеу.
Инсайдер – эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек келісімшартын немесе азаматтық-құқықтық келісімшарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |