ҚЎлпыбаев с



бет284/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Гуманитарлық көмек – халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, таби­ғи жəне техногендік сипаттағы төтен­ше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою үшін шет елдерден жəне халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құрал­дар жəне дəрілік заттар, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеу­сіз негізде, Қазақстан Республикасының Үкіметі уəкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік.
Д
Дара зейнетақылық шот – салым­шының (алушының) жинақтаушы зейнет­ақы қорындағы дара атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кəсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсім­пұл жəне өзге түсімдер есепке алынады жəне содан зейнетақы төлемдері төленеді.
Дара инвестор – институтционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор. Дара шот – бағалы қағаздарды ұстау­шылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржылық құралдар бойынша мəмілелерді тіркеу жəне құқықтарды есепке алу мақсатымен тіркелген тұлғаны бірыңғай сəйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы.
Дивидендтер – акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңи тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңи тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңи тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар жəне басқалары.
Делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет