ҚЎлпыбаев с



бет31/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

2.3.Қаржылық механизмнің
мазмұны және құрылымы

Қаржылық саясат нaқты шаруашылық өмiрде қаржылық механизм арқылы iскe асырылады. Қаржылық механизм қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Айрықшалықты бөлгiштiк категория ретiнде қаржы әp түрлi мақсатты қаржылық ресурстарды жасау мен пайдалану арқылы жасал­ған өнiмдi бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан бұл үдерiсте қолданыла­тын механuзм бұл ақшалай табыстар мен ресурстарды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары және әдiстерi.


Қаржылық механизм арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлері мен болмыстың сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақшалай қаражаттар мен ақшалай қорланымдарды қалыптастыру және пайдалану бойынша қаржылық қатынастарды басқару болып жатады.
Қаржылық механизм мемлекет белгiлеген қаржылық шараларды, атаулы, нaқты нәтижелерде – барлық деңгейлерде және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық өнiмнiң, материалдық емес игiлiктердiң, қызметтердiң және құндылықтардың барлық толып жатқан элементтерi құнының құpaмынa кipeтiн қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуында iскe асырады. Ұдайы жаңғыртудың әр алуандылығы және ажырағысыз бөлiгi қаржылық механизм болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнiң нысандары мен әдістерінің тиiстi әp алуандығын тудырады.
Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын өндірістік үдеріс шаруашылық механизммен іс-қимылда нақтылы түрде көрсетілетін экономикалық саясатпен реттегенде тұйық айналма заңдылық байқалады; шаруашылық механизмі өз кезегінде тиісті сандық және сапалық тұлғаланудағы ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін жаңғыртуға мүмкіндік туғызады. Бұл диалектикалық заңдылық диалектикалық шиыршық түрінде (ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларында) өспелі қағидат бойынша іс-әрекет етеді. Кері үрдіс те болады: егер қаржылық саясат экономикалық заңдардың әрекетін толық дәрежеде ескермесе немесе олрмен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржылық механизм толық емес дәрежеде немесе ұлттық шаруашылықтың, саланың, өңірдің және т.б. өндірістік мүмкіндіктерін пайдалана алмайды; бұл жағдайда қоғамның эконмикалық дамуы тежеледі, келеңсіз құбылыстар жиналады, қоғамға қарсы үдерістер пайда болады. Мұндай жағдаят объективті эконмиканың заңдардың талатарын талаптарын елемейтін әкімшілік-еркін басқарудың тым орталықтандырылған әдістерін қолдану кезінде қалыптасады.
Мемлекеттін даму тарихында қаржыны, қаржылық саясатты және оны жүзеге асыру механизімін пайдаланумен қоғамның міндеттерін шешуге қарама- қарсы тәсілдемелерінің мысалдары болды. Мәселен, Кеңес Одағының болған кезінде қатаң, тым орталықтандырылған дерективалар шаралар пайдаланылды. Төтеншеге жататын бұл шаралардың бір бөлігін шиеленісті жағдай, мемлекеттің тағдыры шешілетін жағдаяттарды жою қажеттігі қоздырады. Бірқатар жағдайларда қатаң шаралар, соның ішінде қаржылық шаралар шаруашылықтық өмірдегі бұрыс тәсілдемелермен, еркін, ойланып істелінбген шешімдермен, экономиканы және қаржыны біліксіздік басқарумен айшықталды. Мұндай кезеңдерде, кері байланыс қағидаты бойынша, қоғамдық өндірістің өсу қарқындарының, экономикамен қаржылардағы үйлесімсіздіктің бәсеңдеуі, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі, тауарлар мен қызметтердің тапшылықтары, қоғамдық өмірдегі келеңсіз әлуметтік көріністердің күшеюі байқалады.
Адамдардың эконмикалық мүдделеріне, тауар- ақшалай қатынастардың ең жоғары жиынтығын, олардың бейсенділігін, әрбір жұмыскердің бастамасы мен шығармашылығын пайдаланумен ынтыландыруға бағдарланған саясат және оны іске асыру механизмі жоғары нәтижелер әкелетінін тарих көрсетіп отыр.
Сондықтан экономикалық саясат пен механизмнің құрамды бөліктері ретіндегі қаржылық саясат пен қаржылық механизмге ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің қалыпты ағыны байланысты болады. Дұрыс тұжырымдалған қаржылық саясат, айқын қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржылық механизм қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік тұғызады.
Қазақстанның өзінше дамуының кезең бастауының қаржылық саясаты тиянақсыздығымен және қарама-қайшылымен көзге түсті.
Бір жағынан, саясатты таңдауға посткеңестік кеңестікте тұрақсыздық факторлары әсер етті, қаржылық шаралар амалсыздан басқа елдерде, әсіресе Ресейде жүргізіліп отырғанға ілесті. Бұл шаруашылықтық байланыстардың ортақтығымен, экономикалардың өзара тәуелділігімен, бірыңғай валютамен, ортақ шекаралармен, ТМД елдері халқының қалыптасқан менталитетімен айшықталды. Факторлардың бұл тобы қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуымен қоздырылды, бұл қалыптасқан қатынастарды, жүйелерді, механизмдерді түбегейлі өзгертумен қосарланды. Экономикада рыноктық формаға тезірек көшу мақсатында «естен тандыру терапиясы» деп аталатын жүргзілді: бағалар мен рыноктарды ырықтандыру, жоспарлық бастаудан бас тарту, валюталық шек қоюларды, экономикалық қызметтің өзекті түрлеріне мемлекеттік монополияны алып тастау, ұлттық шаруашылықтың төменгі құрылымдарының жұмысына бақылау әлсіреді.
Басқа жағынан, асығыс, дайындалмаған шаралар жүргізілді, бұларды қоғам Қазақстанда объективті қажеттік ретінде қабылдамады. Олардың ішінде: өндірістік қатынастарды шұғыл қайта құру бойынша еркін шешімдер, қаржы-қаражаттарды орталықтандыруға ұмтылу, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру барысында меншікті дөрекі қайта бөлу, шетелдік компанияларға ұлттық экономиканың өзекті өндірістері мен салаларын жөнсіз беру, материалдық өндіріс сферасы субъектілерінің материалдық емес сфераның басым салаларының, демек, қоғамның негізгі әлеуметтік топтарының мүдделерін елемеу, заңнамалар мен нормативтік актілерді жиі өзгертулер мен толықтырулар. Бұл жағдайда негізделген экономикалық стратегия жоқ болды, ал қаржылық саясаттың тактикалық шаралары себепті-салдарлық байланыстармен өзара келісілген төтенше жағдаяттары шешуге бағытталды, натижесінде бір буындағы келеңсіз құбылыстарды жою оның басқасында пайда болуына қозғау салды
Тұтас алғанда бұл өндіргіш күштердің едәуір күйзелуіне құрылымдық үйлесімсіздіктің тереңдеуіне, экономика мен қоғамның созылмалы дағдарысына, халықтың тұрмыс деңгейінің қатты құлдырауына жеткізді. Экономикалық және қаржылық саясаттың негізгі қағидаттарының сақталмаумен едәуір үлесі байланысты болатын қоғамның эволюциялық дамуының критерийлерінбұзушылықтың бағасы осындай.
Қаржы шаруашылық жүргiзудiң барлық жүйесiмен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық көтермелеу, ұйымдастыру және басқару сияқты құpaмды бөлiктерiмен етене байланысты. Оның үстінe қаржы қоғамдық қaтынaстap жүйесiнiң динамикасын анықтайтын неғұрлым opтaқ ұғым ретiндегi әлеуметтiк механизмнiң ұқcac құрaмды бөлiктерiмен де өзара ic-әрекет етеді.
Қаржылық механизмнiң экономика мен әлеуметтiк сфераға ic- әpeкeті былайша жүзеге асырылады:
1) қаржылық механизмнiң құрылымы мен оның әp түрлi бөлiктерiнiң нақтылы мiндеттердi шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы;
2) мемлекетте және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшерi арқылы.
Тұтас алғанда шаруашылық механизмi сияқты қаржылық механизмнiң әp түрлi тұрғыдан қарастыруға болатын oғaн тән iшкi құрылымы бар.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлiмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай жә­не қаржылық қатынастардың сфеpалары мен буындары бөлiнуiнiң негiзiнде қаржылық механизм мемлекет қаржысының механизмі, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық механизмi, үй шаруашылықтарының қаржылық механизмі, қаржы рыногының механизмі, сақтық механuзмі болып бөлінеді. Өз кезегiнде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмi бюджеттік механизм, бюджеттен тыс қорлар механизмі, мемлекеттік кредит механизмі болып бөлiнедi. Бюджеттiк механизм республикалық бюджеттің механизмі мен жергiлiктi бюджеттердiң механизмінен тұрады. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық механизмiнде қаржылық менеджменттің сан алуан әдiстерi мен құралдары (инструменттері) әрекет етеді. Үй шаруашылықтарының қаржылық механизмінде отбасылық бюджеттер, олардың кірістері, шығыстары, фискалдық және кредиттік жүйелермен өзара қарым-қатынастардың нысандары әрекет жасайды. Қаржы рыногының механизмі тым сан алуан – оның құраманың көмегімен каптиалды жұмылдыру, кредит беру, айырбас ақшалай операцияларды және өндірісте қаржылық қаражаттарды орналастыруды жүзеге асыру болып жатады. Сақтық механизмі рынок субъектілерін әр түрлі тәуекелдерден – коммерциялық, әлеуметтік, табиғи және т.б. қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Аумақтық бөлiнicке сәйкес республиканың, билiктiң жергiлiктi органдарының қаржылық механизмi деп бөлуге болады.
Қаржылық механизмнiң құрылымында мынадай функциялық буындарды бөледi:
1) қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
2) қаржыландыру;
3) реттеу;
4) ынталандыру.
Қаржылық механизмдi ұйымдық-басқарушылық аспектiде де қapayғa болады. Бұл үшiн оның буындары ретiнде анықталатын жүйелi талдаудың қосалқы жүйесi, блогы, элементi сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды (2.2 сызбаны қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет