ҚЎлпыбаев с



бет34/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Қаржылық құқық қаржылық саясатты қалыптастыру мен жүргiзудiң құралы болып табылады және экономикалық саясатқа әсер етедi.
Бұл байланыстарды дәйектi түрде былай көрсетуге болады:
1. Қаржыны бұл категорияның мүмкiндiктерiн танып бiлу арқылы пайдалану.
2. Қаржылық саясатты құқықтық ресiмдеу.
3. Есептердi шешудiң тәсiлдерi мен әдicтерiн дамыту және iскe асыру.
4. Қаржылық құқық қаржылық қатынастарды регламенттеудi жүзеге асырады.
Қаржылық механизмнiң сипатты ерекшелiгi оның серпiндiлiгi, тұрақты жетiлдiрiп отырылуы, шаруашылық механизмiнiң барлық буындарымен тығыз өзара байланысы болып табылады.
Шаруашылық механизмiн құpaтын жеке механизмдер, оларға сәйкес келетiн қатынастар ретiнде, тығыз өзара байланыста ic-әрекет етедi.
Баға, қаржылық, кредиттік механизмдердiң кез келгенiнiң жаман жұмыс icтейтiн элементi жалпышаруашылық механизмiнiң де басқа элементтерiнiң, буындарының жұмысын оқшаулатады. Сондықтан қаржылық механизмнiң құpaмдac бөлiктерiнiң ic-әpeкeтiн қоғамның, бастапқы шаруашылық есептегi буынның, жекелеген жұмыскерлердiң мүдделерiнiң үйлесуiн есепке ала отырып нaқтылы жағдайда олардың өзара iс-әрекетi кезiндегi басқа экономикалық механизмдердiң түйiндес құpaмды бөлiктерiмен қарастыру қажет.
Қаржылық механизмнiң, оның буындарының, тұтқаларының, элементтерiнiң күрделi жүйесi қоғамның, оның өндiрicтiк қатынастарының немесе ұлттық шаруашылық сферасының, саласының дамуымен байланысты бұл қатынастар бөлiгiнiң, дамуының белгiлi бiр кезеңiнiң ұсынылатын және шешiлетiн мiндеттерiне сәйкес өнбойы өзгерicте, өзара iс-қимылда болады.
Елдегi жүргiзiлiп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттiң қаржылық саясаты мен қаржы жүйесiнiң қызметi рынок жағдайларында қажеттi қаржылық ресурстарды жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезiнде түсiрiп oтыруғa, әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк бағдарламаларында қаралған шараларды үздiксiз қаржыландыруға және материалдық, еңбек және ақшалай ресурстарды мақсатты әpi ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының, қоғамдық өмiрдiң барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржылық қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайды.
Қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінің объективтік заңдылықтарының негізінде жасап шығарылған қаржылық саясат оны іске асыру үшін қаражаттарды, яғни қаржылық механизмнің, соның ішінде тұтқалардың да жекелеген құрамдастарын жасауда, жетілдіруді немесе жоққа шығаруды қарастырады. Экономиканың, экономикалық мүдделердің нақты қарама-қайшылықтарын айқындай отырып, қоғам пайда болған келеңсіз үдерістерді жоюға және әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесуге арналған тұтқалар ретінде басқаруда пайдаланылатын нақтылы қаржылық нысандарды жасайды.
Рыноктық қатынастарға көшумен байланысты практикаға акционерлеу, бағалы қағаздар, дивидендтер, еркін бағалар, лицензиялар, кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің құралдары, валюталық ресурстар сияқты ұғымдар шықты, салықтардың жаңа түрлері (акциздер, қосылған құн салығы, жер салығы, мүлік салығы, кедендік баждар, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары және басқалары) ақшалай қаражаттардың нысаналы аударымдары енгізілді.
Экономикалық механизмнің аталған жаңа компоненттері ғылыми-техникалық прогресті тездетуге, адамдардың материалдық мүдделеріне ықпал жасау жолымен өндірісті интенсивтендіруге, қоғамның, негізгі шаруашылық есеп буынының, жекелеген жұмыскерлердің мүдделерін жақындастыруға шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығармашылық әлуетін жандандыруға шақырады.
Жүзеге асырылып жатқан реформа қоғамдық жүйедегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара іс-әрекеттің көрінісі болып табылатын шаруашылық механизмді қайта құруға кешенді тәсілдемені ұйғарады.
Экономика дамуының қазiргi кезеңінде қаржылық механизмдi жетiлдiрудiң мiндеттерi өндiрicтi кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негiздердi, рыноктық реттеудi ендiрумен, шаруашылық жүргiзудiң нәтижелерiне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржылық механизм шаруашылықты жүргiзудiң түпкiлiктi нәтижелерiне белсендi түрде әсер етедi.
Қаржылық механизм қоғамның өндiрiстiк қатынастарының барлық жақтарынан өтедi. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржылық механизмнiң көмегімен өндiрicке белсендi түрде ықпал жасауға, оның тиiмдiлiгiн арттыруға және экономиканы өcipy үшiн қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуге болады.
Қаржылық механизмдi қалыптастыра отырып, мемлекет сол бiр кезеңнiң қаржылық саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестiгiн қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен мiндеттерiн толық жүзеге асырудың кепiлi болып табылады. Сонымен бiрге қаржылық механизм мен оның элементтерiн жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестiруге деген үнемi ұмтылушылық сақталынады, бұл – қаржылық механизм тиiмдiлiгiнiң кепiлi.
Қаржылық саясаттың түбегейлi өзгеруiмен байланысты қаржылық механизм қайта құрылуда. Қаржылық механизмдi қайта құрудың мaқсaты – рыноктық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндiрicтiң тиiмдiлiгiне ықпалын күшейту, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету. Қаржылық механизмдi қайта құрудың негiзiне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкiлiктi нәтижелерi үшiн кәсiпорындардың, ұйымдардың, өңiрлердiң шаруашылық ынтасы мен жауапкершілігін барынша дамытуды қамтамасыз етедi.
Ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң қалыпты ағыны экономикалық саясат пен механизмнiң құрамды бөлiгi ретiндегi қаржылық саясат пен қаржылық механизмге байланысты. Дұpыc тұжырымдалған қаржылық саясат, анық етiп қалыптастырылған, синхронды жұмыс iстейтiн қаржылық механизм қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуына жәрдемдеседi. Kepi үрдic те болады: егер қаржылық саясат экономикалық заңдардың ic-әрекетiн толық ескермесе немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиicтi қаржылық механизм ұлттық шаруашылықтың, саланың, өңiрдiң және т.б. өндiрicтiк мүмкiндiктерiн толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халi жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелiнедi, жағымсыз құбылыстар қордаланылады, қоғамғa қарсы үдерiстер пайда болады. Мұндай жағдайят объективтi экономикалық заңдардың талаптарын елемейтiн басқарудың әкiмшiл-әмiршiл, тым орталықтандырылған әдiстерiн қолданғанда қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет