ҚЎлпыбаев с


Мемлекеттің қаржысын басқару



бет36/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

3.2. Мемлекеттің қаржысын басқару

Қаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары – Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.


Қазақстан Республикасы Президентіне оның көптеген өкілеттіктерінің Парламентке өтуі­не қарамастан көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік
бер­ілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік төтенше бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржылық-кредиттік және салықтық- бюджеттік саясаттарының негізгі бағыттары айқындалады;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді.
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы – Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджетің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Парламенттің құзырында қаржылық проблемаларды шешу заңнамалық актілерді – Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді. Парламенттің жұмыс органдары тұрақты жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттерінің бірі – Қаржы және бюджет комитеті болып табылады. Комитетте заңнамалық актілер оларды парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрлер кабинеті Республика Президенті белгі­лейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңдігін айқындайды, елдің қаржы жүйесін нығайту жөніндегі іс-шараларды жасап, жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық, валюталық және материалдық ресурстарды жасау және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бұл органдар басқа функцияларды орындаумен бірге қаржыны басқарады, өйткені қаржылық проблемалар жөніндегі шешімдер қоғам дамуының бағдарламаларын әзірлеумен және іске асырумен байланысты басқа шаруашылық және саяси проблемалармен тығыз тоқайласады. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламалар мен жоспарларды (болжамдарды) жүзеге асыру міндеті қаржылық қамтамасыз етуді, яғни нақтылы қаржылық ресурстарды іздестіруді қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша шешімдерді жасау үдерісінде салықтық емес түсімдер, трансферттер, қарыздық қаражаттар, басқа ақшалай көздер түрінде қаржы базасы анықталады.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешелігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады.
Ұлттық банк ақшалай-кредиттік саясатты жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржылық ресурстарды басқарғанда қаржылық қатынастарға тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюталық-қаржылық қатынастарға, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржылық-кредиттік саясатын жүргізгенде мемлекеттің қаржысы мен субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет