Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылықтық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуын, бақылау-тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомстволықбақылау шеңберінде ішкі шаруашылықтық бақылау, яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржылық-шаруашылықтық қызметтің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы үдерісімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржылық тәртіптің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объекті –ақшалай қаражаттардың орталықтандырылмаған қорлары болады.
Ведомстволық қаржылық бақылауды республиканың министрліктері мен ведомстволары оларға бағынышты кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге жүргізеді.
Ішкі шаруашылықтық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық службалары – бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с. жүргізеді. Коммерциялық құрылымдарда (акционерлік қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, биржаларда, банктерде және т.б.) ішкішаруашылықтық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.
Рыноктық қатынастар жағдайларында ішкішаруашылықтық бақылау оның бұрынғы ұғымындағы өзінің мәнін жоғалтып барады: кәсіпорындарда материалдық ынталандырмалар және меншіктің басқа нысандарындағы ынталандырмалар оның орнын басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп болатын әр түрлі бұзушылықтарды көбірек кепілдендіреді, өйткені іс жетістігіндегі жұмыскердің, кәсіпкердің жеке мүдделігі өзіне өзінің бақылау қажеттігін алып тастайды.
Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объекті тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады. Қоғамдық қаржылық бақылауды ерікті және ақысыз негізде топтар, жекелеген тұлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады. Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды. Әр түрлі қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар, жастардың, шығармашылық одақтардың, ғылыми, табиғатты қорғау, спорт, соғыс және еңбек ардагерлерінің ұйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді, сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объекті – табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге сәйкес оның пайдаланылуын тексеру.
Өздерінің құзырларына сәйкес бақылаушылық функцияларды жергілікті жерлерде атқарушы органдар орындайды.
Жүргізу уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болуы мүмкін. Бақылаудың мұндай нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Алдын ала қаржылық бақылау қаржылық ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржылық қызметті жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжаттар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларының жобалары, кредиттік және кассалык өтінімдер және т.б. тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу үдерісінде, шаруашылық-қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында тауар-материалдық құндылықтар мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуын, бұрын берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық-қаржылық операциялардың жасалу үдерісінде жүзеге асырылады.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау – қаржылық операциялар жасалғаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдарының ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.с.с.) жүргізілетін бақылау, ол алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді. Бұл жағдайда қаржылық тәртіптің жай-күйі анықталады, оны бұзушылықтар, ескерту жолдары және оларды жою шаралары айқындалады.