ҚЎлпыбаев с


Қаржылық бақылаудың сыныптамасы



бет61/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

6.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы


Қаржылық бақылауды сыныптау субъектілердегі айырмашылықтарға, бақы­лау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, субъектілері, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) жалпы мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (6.1 сызбаны қараңыз).
6.1. сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы

Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у

Жалпымемлекеттік

Қоғамдық

Мемлекеттік

Ведомстволық

Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыс-тардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы

Сыртқы

Ішкі

Ішківедомстволық

П а р л а м е н т т і к
(д е п у т а т т ы қ)
б а қ ы л а у

А У Д И Т О Р Л Ы Қ Б А Қ Ы Л А У



Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау – бұзушылықтарды анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасын сақтауын бақылау және талдау жолымен жүзеге асырылатын бақылау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау оны жүзеге асыратын органға қарай сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттің тиісті деңгейіне қарай республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін бақылау болып бөлінеді.
Сыртқы бақылау – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.
Сыртқы бақылауды:
1) республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
2) жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Ішкі бақылау – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және оны ішкі бақылау службалары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттің қаржылары жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері − Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджеттік қаражаттарды алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдендірген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай тұрпаттарға бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау − бақылау объекті қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
2) қаржылық есептемені бақылау − бақылау объектінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау − сәйкестікке және қаржылық есептемені бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура және түпкі нәтижелерге қол жеткізудің мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысқан гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (сферасының) дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың төмендегідей түрлерін жүзеге асырады:
1) кешендік бақылау − бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау − бақылау объектінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылауы.
Барлық өкілдікті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджет жобасын және оның атқарылуын сессияларда жыл сайын қарау кезінде жүзеге асырады. Өкілдікті органдардың жоспарлық-бюджеттік және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылаушылық функцияларды орындайды, олар алдын ала, сессия басталғанға дейін бюджет жобасын және оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшілік аппараты оларға ведомстволық бағыныштағы органдардың, соның ішінде қаржы-кредит органдарының да бақылаушылық қызметін бағыттап ғана қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Үкімет мемлекеттік бюджетті жасауды және атқаруды бақылайды, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет