Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы



Дата30.03.2023
өлшемі199,58 Kb.
#77689
Байланысты:
ұлттық тәрбие-ұлт болашағы


Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Кез келген жұрттың өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары болады. Бұл – атадан балаға ұласып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоймаған, күнделікті өмірімізден айқын көрініс тауып келе жатқан негізгі ерекшелігіміз.



Расында да, ең құнды тәрбие – ұлттық тұрғыдан берілген тәрбие емес пе?! Сан ғасырлар бойы сараланған асыл құндылықтарға шынайы ізеттілік пен моральдық тұрғыдағы тәлім қосылса құба-құп болар еді. Халықтың дана өмір салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар жиынтығы қашанда маңызды рөлге ие. Осы себептен ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп, жалпы ұрпақ тәрбиесі мәселесінде тиімді пайдалана білу бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік.
Қай ұлттың болсын баянды болашағы оның ұрпағымен тікелей байланыс­ты екені сөзсіз. Ол екеуін бір-бірінен ажыратып қарау әсте мүмкін емес. Ал­дың­ғы толқын «келместің кемесіне» мініп кеткеннен кейін елдегі барлық жауапкершілік түгелімен сол дәуірдің буынына түсетіні біз айтпасақ та белгілі жайт. Ендеше, ата-баба аманатын алысқа апаратын саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу ісі бүгіннен кешікпеуі керек. Сонымен қатар оларды өмірге бейім, заманауи сауатты, жан-жақты қабілетті қоғам мүшесі болуға да талпындыруымыз керек.
Иә, әлімсақтан біздің қазақ жұрты рухани зор байлықтың мұрагері болып саналады. Әлемнің бірде-бір елінде жоқ бай ауыз әдебиеті мен мол фольклоры – ойдан шығарыла салынған дүние емес. Көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап бүгінге дейін аман-есен алып келген ата-бабамыздың жанкештілігі әр ұрпақтың жадында жаңғыруы қажет. Сан ғасырлар бойы күмбірлеген күйі, әуелеген әуезді әні, асқақтаған айтысы, таңды таңға ұрған эпостық жырлары, шешімі шебер шешендік сөздері, мақал-мәтелі мен жұмбағы, жаңылтпашы мен өтірік өлеңі, қоржыны ортаймаған қара өлеңі, ең бастысы, қасиетті тілі қаншама қазақ баласын адами қалыпқа салып, бүтіндей ұлтты қалыптастырып шығарды десеңізші...
Қазіргідей заманда ұрпақтың бо­йына қайырымдылықтың, ізгіліктің дә­нін сепсек деп ойлаймыз. Ал оның бар­лығы ұлттық тәрбиемізден бастау алатынын кейде естен шығарып аламыз. Ендігі бөлек Еуропаның, белдігі бөлек Батыстың мәдениетін жоғары санап, соған басымдық беріп, ұлттық тамырынан ұзап бара жатқан ұрпақ өз арамызда өріп жүр. Соларға салт-дәстүр, таным-түсінігімізді барынша сауатты түсіндіріп, ортамызға қайта оралту міндеті тұр алдымызда. Расымен де, қасиетті Отанды сүю қазақтықтың өзін сүюден бастау алуы керек. Қазақи орта үшін әуелден тән қасиет үлкенді қадірлеу, қонақжайлылық, қоршаған ортаға құрметпен қарау, туысқандық тығыз байланыс орнату, балажандылық, еңбексүйгіштік, жан-жануарларға жана­шыр­лық таныту тағы да басқалары – біздің тұрмыс-салтымызбен тығыз байланысты дүниелер. Отбасындағы орны бөлек дәстүрлеріміз бен салттарымыз да шаңырақтың шайқалмай берік болып, балалардың бақытты өсуіне мүмкіндік береді. Алдымен ата-ана өз баласына ата-баба салтын сіңірудің алғышарттарын жасаса, қалғанын білім ұялары қостап әкетуі керек-ақ. Сонда ғана елін, жерін сүйетін шынайы патриоттар қатары молая түседі.
Бізге етене таныс тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжы­рымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық бола­ша­ғы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпыазаматтық мәде­ниет­ке аяқ басып, өз халқының мәде­ни игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің тағдыры мен талап­та­­рын объективті факторлар ретінде ұсы­нып, сол арқылы ұрпақты өмірге бейімдеп, оларды жинақталған тәжірибе негі­зінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» деп жазылған екен. Бұған көп нәрсені алып-қосудың өзі артықтау.
Шынтуайтында, жас ұрпақты әдеп­ті де саналы, арлы да абыройлы етіп тәр­­биелеу үшін ең алдымен тәр­бие ере­же­­ле­­ріне тірек арта отырып, ұлт­тық дәс­түрі­мізді, әдет-ғұрпымызды, дәс­түр­­лі діні­мізді, ата-бабаларымыздан қал­­ған мұ­раларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет. Ел болашағын туған жерді, Отанын сүйіп, оны қасық қа­ны қалғанша қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адам­гер­­шілік сананы қалыптастыру –әр отбасы мен азаматтарының міндеті. Тәр­бие­нің қайнар көзі ата-бабамыздан қал­ған даналық сөздер десек, біз – сол на­си­хаттың қолданушысы әрі қор­ғау­шы­­сымыз. Ендігі жерде елді сүюді ең асыл қасиеттің бірі деп бағаласақ, онда ұлттық тәрбиенің басы бүтін көрініс табуы тиіс-ақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет