«Табалдырықты баспа». Ерте кезде жаңадан туған ұл баланың кіндігін табалдырыққа көмген екен. Бұл әрекеттің астарындаға тәрбиелік мән өскенде отбасының тірегі болсын дегені. Ал қыз баласының кіндігін қазан – ошақтың иесі болсын деген ниетпен ошақтың басына көмген. Осы себепті қазақтар ошаққа да бей – жай қарамайды. Бұл тыйымның сонымен қатар діни астарының да бар екенін бізге жеткен мына аңыздан байқауға болады. Адам атаның ұлы Шиш алғаш өз үйін кірпіштен тұрғызыпты. Баспанасы дайын болған кезінде үйіне бірінші қонақ болып құт келген екен. Сол кезде Шиш оған қалаған жеріңнен орын ал дегенде, Құт табалдырыққа жайғасады. Міне осыдан бастап «табалдырықта тұрма», «табалдырықты баспа» деген тыйым мен «табалдырықты бассаң, үйдің құты қашады» деген ырым қалыптасқан.
Құттан кейін Шиштің үйіне Бақыт келеді. Бақыттың жайғасқан орны төр болады. Осы себептен қазақ қадірлі қонағын төріне жайғастырып, ерекше сый – сыяпатын білдіреді. Бақыттың артынан үйге Береке кіреді. Ол дастарқаннан орын алады. Содан болар «дастарқанда береке бар» деген түсінік пайда болып, «асты күткізбе» деген тыйымдар қалыптасқан. Шиштің үйіне келген келесі қонақ Ынтымақ болады. Ол өз орнын босағадан табады. Қазақтардың «босағаң берік болсын» деп тілегі «ынтымағың берік болсын» деген ізгі ниетінен туындаған. «Босағада тұрма», «босағаны керме» ырымының да мәнісі осында. Сондай – ақ қазақ ұғымында әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді, оны керу – екеуінің арасын суыту, ажырату деген түсінік қалыптасқан. Аңыз бойыншы үйге құтты қонақтар орналасып жатқанда ішке саңлау тауып жын – перілер де кіріп, үйдің бұрыштарына тығылған екен. Есі бар есті кісілердің «бұрышқа отырма» деп айтуының себебі осында.
«Үйге қарай жүгірме». Қазақ салты бойынша жаманат хабарды жеткізуші үйге жүгірп келіп, табалдырықты басып, босағаны керіп тұрып жаман хабарды жеткізген екен. Бұдан бөлек, «тізеңді құшақтама», «жағыңды таянба», «таяққа сүйенбе», «ақты төкпе», «тұзды шашпа» сияқты тәрбиелік мәні жоғары ырмдарды да атап өткеніміз жөн.
Ұл мен қызды қатар осы ырымдармен тәрбиелеген. Осылайша өрескел болып саналатын әдеттерден тыйып отырған. Ал, қыз бойжетіп құлпыра бастаған шағында «қызға қырық үйден тыйым» деп нәзік қалпын сақтау үшін артық әрекеттерді тыйған. Қызға неліктен қырық үйден тыйым салды? Себебі, қыздың тәрбиесіне ата – анасы ғана емес, бүкіл жақындары, ауыл – аймақ тегіс жауапты болған. Сондықтан қыз баласының тәрбиесіне айрықша мән беріп, баса көңіл аударған.
Қазақы қызға салынған қырық тыйым:
Жарыса сөйлеуге
Астарына үңіліп қарайтын болсақ, қыз баласының нәзіктігі мен кербездігін, ұяты мен арын сақтайтын тыйымдар жинақталған.
Осы тыйымдарды бойына сіңіріп өскен бойжеткен келін атанғанда да ана болғанда да әуел баста айтылған жамандықтан сақтаған тыйымдарды орнымен қолданады. Сонымен қоса, балаларына да ұғындырып, бабалардың асыл аманатының ұрпақтан – ұрпаққа жетуіне септігін тигізеді.
Қазіргі таңда ешқандай тәрбиелік мағынасы жоқ ырымдар көбейді. Ойға сыймайтын бертін келе пайда болған осы тыйымдардың салдарынан адамдардың сенімдері жоғалған. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Алақаның қышыса, ақша түседі.
Алақаның қышығанда қалтаңа салмасаң, ақшаң далаға кетеді.
Алдыңды мысық кесп өткен соң үш рет айналмасаң, жолың байланады.
Тыйынды лақтырып күнінің сәттті өтеуін болжау.
Сүтті төкпе, төксең шекеңе жақ.
Осыған байланысты халық арасынан сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамаға қатысушылардың жасы 12-25 жас аралығы. Олардың 51,6 пайызы ырымға тек кейбір кезде сенемін десе, 32,8 пайызы сенетіндерін айтқан. Ал, 15,6 пайыз қатысушы сенбейтіндіктерін көрсеткен. Қандай ырымның шығу тарихын білесіз деген сұраққа көпшілігі білмейтіндіктерін жазған.
Қорытындылайтын болсақ, рухани байлығымыздың бір бөлшегі болып саналатын ырым – тыйымдардың ғылыми, тәрбиелік мәнін терңінен зерттеп, халық арасында дәріптейтін болсақ оған сенетіндер саны артатыны анық. Осылайша біз қазынамызды ұмыт болудан сақтандыра аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
С. Кенжеахметұлы "Ұлттық әдет - ғұрыптың беймәлім 220 түрі" Алматы, 1998
М. Қазбеков "Наурыз:жаңғырған салт - дәстүрлер" Алматы, 1991
А. Қайбарұлы "Қазақ ырымдары" Алматы, 1998
Қ. Толыбаев "Бабадан қалған бар байлық" Алматы, 2000
З. Ахметова "Күретамыр" Алматы, 2014
Х. Арғынбаев "Қазақ отбасы" Алматы, 1996
Отбасы хрестоматиясы «Салт – дәстүрлер сөйлейді» Алматы, 2022