Көп жаудың албастысы, ел еркесі - метафора
|
«албасты» сөзі - тура мағынасында түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі;
«Ел еркесі» - халықтың, көпшіліктің қалаулысы, сүйіктісі
|
Абылай ханның сөзіндегі «албасты» метафоралық қолданысы мәнмәтінде «жау» сөзімен тіркесіп, 3-жақта тәуелденіп қолданылған. Бұл метафора арқылы автор Батыр Баянның шабуылда күтпеген жерден (сайтандай) оқыс қимылдап, ғайыптан шыққандай табанда әдісқойлық танытып, жауын тырп еткізбей жеңетін тегеурінді батыр, ерекше күш иесі екенін танытқан. Ол – жауына қырғидай тиетін адуынды да қайтпас ер.
Ел мен жерді жаудан қорғауда батырлығымен аянбай еңбек сіңірген батырды халық аялайды, еркелігін көтереді. Ол - халықтың аялайтын аяулысы, әспеттейтін елеулісі, көпшіліктің көзайымына айналған батыр.
|
«Көп жаудың албастысы, ел еркесі» күрделі метафорасы -Абылай ханның аузынан айтылған, батырға берілген жанама мінездеу. Бұл - автордың батырлықты дәріптеудегі бір амал-тәсілі. Автор метафоралық қолданыстағы жанама мінездеу арқылы басқа емес, хан бағалаған батыр Баянның абыройы асқақ, беделі зор батыр екенін танытқан.
Ел қорғаны болған батырлықты дәріптеу арқылы автор отансүйгіштікке шақырады.
Түйінді ой:
|