М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет11/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Неліктен А.Байтұрсынов прозаны «ұлы әңгіме, ұзақ 
әңгіме, ұсақ әңгіме» деп жіктеген? 
2. Тарихи туындылардағы кӛркем кеңістік заңдылығының 
тартыспен байланыстылығын түсіндіріңіз. 
3. Тарихи романдарда кӛркем уақыт пен тарихи уақыт 
қалай бейнеленеді? 
4. Тарихи 
романдардағы 
ретроспекция 
әдісінің 
қолданылуына мысал келтіріңіз. 
5. Фольклорлық уақыт дегеніміз не? 
 
 
 
 
 
 
 
 


70 
9-дәріс. Тарихи тҧлғалар образы 
 
Қазақ әдебиетінде қазіргі кезеңде байқалатын ұнамды 
үрдістердің бірі – кӛне дәуір оқиғалары мен тарихи адамдар 
ӛмірінің кӛркемдік ақиқатын айтуға ұмтылу. Бұл әдебиетіміздегі 
кӛрнекті қаламгерлердің осынау ұзақ жылдар мен сан 
ғасырлардың тарихын бейнелей отырып, сол уақыт ішіндегі 
белесті кезеңдерді сұрыптап, белгілі ел билеушілердің, алты 
алашқа аты шыққан атақты жыраулардың, ардақты билердің 
жарқын тұлғаларын тарихи негіздегенінен кӛрінеді. 
Әдебиеттегі кейіпкерлерді зерттеу барысында олардың 
адамдық қасиеттеріне, тұлғалық роліне және жеке адам 
ретіндегі іс-әрекетіне назар аударамыз. Себебі кейіпкер әдеби 
категория болғанымен, оның қоғамдағы ролі ғылыми 
философиялық негіздеуге келіп тіреледі. Жеке адам немесе 
индивид – ғылымда жекеше, тұлға – ерекше, адам – 
жалпылықты білдіретін ұғымдарға жатады, осы жерде тарихи 
романның тағы бір ерекшелігі мұнда тарихи тұлғалардың 
суреттелетінін атап ӛтеміз. Әдеби кейіпкер тарихи тұлға болса, 
тарихи туындыда оның сӛйлеген сӛзі, іс-әрекеті, қимыл-
қозғалысы, түр-тұлғасы, ӛмір сүру талаптары, қоршаған ортамен 
қарым-қатынасы, 
қайраткерлік 
істері, 
қоғамдағы 
орны 
ашылатын болады. Әлеуметтік тұрғыда жетілген адам ретінде 
тұлға Қ.А.Йасауи толғауларындағы «кемел адам», Абай, 
Шәкәрім сынды философ-ақындардың шығармаларындағы 
«ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекке» ие болған «толық 
адам» санатына жатады, ал тарихи шығармада тұлғалармен 
қатар тарихымызда ерекше орын алатын қаһармандарға «тау 
тұлға» атауын да қолдануға болады. 
Кейде әдеби кейіпкердің жекелеген ерекшеліктері, 
дүниетанымы ғасырлар бойы ӛмір сүріп келе жатқан жалпыға 
ортақ дәстүрлерімен және жоралғыларымен, ұлттық этика 
ережелерімен, идеологиямен қайшылыққа келуі мүмкін. 
Кейіпкер ӛзінің мінез-құлқымен немесе басқа жолмен болса да
ӛзінің келіспеушілігін білдіреді. Ойды ғылыми тұрғыдан 
жеткізуден айырмашылығы, кӛркем әдебиетте бұған образдар, 
поэтикалық әдіс-тәсілдер, мәтіннің кӛркемдік құрылымы 


71 
арқылы қол жеткізеді. Сонымен қатар шығарманың кӛркемдік 
әлемі кӛбіне мифтік бейнеде болып келеді.
Бұдан түйетініміз, тарих адамның ӛзін-ӛзі тануының тиімді 
құралы деген философиялық тезис нақтылауды талап етеді. 
Себебі тарих шындығына тереңдей енудің ӛзектілігі, ӛткірлігі 
және күрделі шығармашылық әрқилылығы жоғары. Тарихи 
шындықтың 
табиғатын 
зерттеу 
ӛткен 
ӛмір 
туралы 
кӛзқарастардың 
объективтілігі 
мен 
субъективтілігіне 
байланысты. Тарихшылар тарихи шынайылық пен тарихи 
білімнің объективтілігін кӛрсетуді мақсат тұтса, философтар 
үшін олардың субъективтілігі проблемасы туындайды. Ал 
жазушы адам туралы жазады. Халқымыздың ежелгі дәуіріне 
беттеп барған қаламгерлеріміз ӛздерінің суреткерлік қажыр-
қайраты деңгейінде ӛткен күннің кӛмескі іздерін тауып, 
бұлыңғыр бедерлерін ажарлап, кӛп дүниені тарихи заңдылықтар 
тұрғысынан 
қарастырып, 
замананың 
рухани 
әлеміне 
жүгіндіретін фактілерді сӛйлете алады.Әдетте тарихи романшы 
тарихты және қайталанбас тұлғалардың тағдырын қарастырады. 
Тарихи романдар тарихи жылнамалардағы оқиғаларға 
негізделгенімен, жылнама және тарихи романдар циклі бір 
құбылыс емес. Мысалы, І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер» 
трилогиясында басты сюжеттік желімен қатар қосалқы сюжеттік 
желілер де мол. Жазушы оқиғаларды үнемі тартыс үстінде 
бейнелеп, кейіпкерлерін де тартыс үстінде мүсіндейді. Бұл ретте 
Әбілқайыр хан – Керей – Жәнібек, Абылай хан – жоңғар 
қонтайшылары, Кенесары хан – Ресей отаршылдары арасындағы 
тартыс тізбектерін айтуға болады. Жазушының шеберлігі сонда, 
ол оқиғаны кӛркем тартысқа құра отырып, кейіпкерлердің 
характерін сомдайды, сӛйтіп тұлғалық биікке кӛтереді. 
Жазушы ӛз трилогиясында кейіпкерлердің, соның ішінде 
тарихи тұлғалардың образын жасауда түс кӛру, диалог, монолог, 
кері қайту, еске түсіру секілді психологизм әдістерін жиі 
қолданады, бұл тәсіл кейіпкер бейнесін негізгі оқиғадан 
алшақтамай сомдауға мүмкіндік береді. 
Кейіпкер мінезін романдардың сюжеттік құрылымынан тыс 
қарауға болмайды. Ең басты заңдылық, характердің пайда 
болуы ӛмірлік ситуациялармен, әлеуметтік жағдайлармен 


72 
байланысты. Әрбір қайшылықты жағдайдың, оқиғаның басты 
қозғаушы күші тартыс болып табылады.
Тарихи романдарда ел билеушілер, билер мен ақын-
жыраулар, батырлар образы басты кейіпкерлер қатарын 
құрайды. Әдебиетімізде тарихи тұлғаларды бас кейіпкер ретінде 
сол кезеңнің тарихи оқиғаларымен байланыстыра кӛркем 
бейнелеу орын алған. Кӛрнекті жазушылар І.Есенберлиннің, 
Ә.Кекілбаевтың, 
Қ.Жұмаділовтің, 
Қ.Мұханбетқалиұлының 
тарихи романдарында Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандар 
мен Қобыланды, Қабанбай, Бӛгенбай батырлардың образдары 
кӛркемдікпен сомдалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет