М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет13/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Бақылау сҧрақтары: 
1. Тарихи шығармалардағы кӛркем характер жасау прин-
циптері туралы айтыңыз. 
2. Ұлттық характер дегеніміз не? 
3. Тарихи романдардағы хандар бейнесінің жасалуын 
кӛркем характердің қай типіне жатқызуға болады? 


84 
11-дәріс. Билер мен ақын-жыраулар бейнесі 
Тарихымыздағы от ауызды, орақ тілді билердің, ел билеуші 
хандарға кеңес беріп отырған сӛзі дуалы ақын-жыраулар бейнесі 
де тарихи романдарда молынан кездеседі. 
Би және билер соты туралы Ш.Уәлихановтың зерттеуі 
бойынша қазақ қауымында би атағын алу үшін екі шарт: бірінші 
– әдет-ғұрып заңын жетік білуі, екінші – шешендік қабілеті 
болуы керек.
Ал А.Құнанбайұлы ӛз заманындағы қазақ билер 
институтының қызметі туралы: «Бұл билік деген біздің қазақ 
ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған 
бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі 
жолын», Әз Тәуке ханның «Күлтӛбенің басында күнде кеңес» 
болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек», – дейді. Би – рудың 
билеушісі, әкімі ғана емес, сонымен қатар ӛз ортасының, 
уақытының беделді, белді азаматы, ақылшысы. Халқымыздың 
тарихына кӛз жіберсек, халықпен бірге жасап келе жатқан жер 
дауы, жесір дауынан бастап тіршіліктегі дау-дамай атаулының 
бәрін билер шешкен. Небір қиын мәселелерді байыппен қарап, 
ақылға салып, әділ шешімін, тура үкімін айтқан аузы дуалы 
қадірменді адамды би атаған.
«Кӛшпенділер» трилогисында: «Хан Абылайға кӛңіл айтып, 
сонау Арқадан Қаз дауысты Қазыбек би, Ұлы жүзден Тӛле би, 
Кіші жүзден Бала би келді. Бұл үш бидің келуі Абылайдың үш 
жүздің елі ӛзіне кӛсем ете бастағанының белгісі еді», – деу 
арқылы жазушы қазақ билері беделінің салмақтылығын 
кӛрсетеді. 
Халық ӛзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарып 
әділін айтатын билерін ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, олардың 
айтқан кесімді, бітімді сӛздерін жадында сақтап келген. «Түгел 
сӛздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп аты аңызға айналған 
Майқы би бабамыздың атадан балаға таралып келе жатқан 
сӛздері түйінді, негізі даналы, ал ӛзі би біткеннің алғашқысы әрі 
Шыңғысты хан кӛтерген он екі бидің бірі. 
І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер» трилогиясында ел билеу 
ісіне араласқан Ақжол би, Ноғай би, Құба би, Темір би, Арғын 


85 
би, Қасқалдақ би, т.б. суреттеледі. Әбілқайырдың қол астында 
Арғын, Қыпшақ руларының белді адамдарының ішінде Ақжол 
бидің (бұл ел қойған аты, шын аты Дайырқожа) артында тұрған 
қалың Арғын елі бар. Арғын руы Ақжол биді ерекше 
құрметтейді, қадірлейді. Тіпті, Әбілқайырдың ӛзі де «Түбірімен 
жұлынған шӛп қана қайта ӛспейді. Құр үстін шабудың қажеті 
жоқ: Ӛзбек Ордасы Ақ Ордаға айналмасын десең, Жәнібек пен 
Керейді түп-тамырымен құрту шарт, бірақ Арғындармен ымдас 
руларға сӛзін ӛткізе алатын Дайырқожа – Ақжол би тұрғанда ол 
мақсатқа жету қиын. Ақжол би Жәнібек пен Керей үшін отқа 
күйіп, суға батуға бар. Ия, ең алдымен, Ақжол бидің ӛзін...» 
деген оймен Ақжол биден сескеніп, оны құртудың амалын 
іздестіреді. Сондықтан да Әбілқайыр Ақжол мен Қобыланды 
арасын астыртын шоқ тастап шиеленістіре түскен. Ақыры бұл 
оқиға Қобыландының Ақжол биді ӛлтіруімен аяқталады. 
Әбілқайыр Тарланкӛкке мініп, қалың нӛкерлері мен «хан 
қорғаны» жауынгерлерін ертіп, қазақтың кӛне дәстүрін сақтап, 
Ақжол ауылына кӛңіл айтуға аттанды. Орда-Базарды қоршай 
қонған қазақ ауылдарын аралай, Қаракеңгірдің етек жағына қаза 
болған Ақжол биге арнап тіккен үйлерге беттеп келе жатты. Хан 
атының басын тежей тартып, әлсін-әлсін ӛзен, кӛл бойларын 
жағалай жайлаған қалың елге қарап қояды. Қараған сайын 
сұрлана түседі. Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ 
ауылдарының маңайында ӛреде ерттеулі ат, белдікте шошайған 
найза, сойыл. Әбілқайыр қазақ руларының түрін кӛріп 
сескенейін деді. Қобыландыға Ақжолды ӛлтір деп бекер ақыл 
бердім де, қалай деп ойлады ол бір мезет. 
Құран оқылып біткеннен кейін, Әбілқайыр талғамды сӛзбен 
кӛңіл айтты. Хан сӛзі бітісімен, Қыпшақтың сүбе биінің бірі, топ 
жарған шешен Құба би: 
– Қара бетпін, ағайын – деді. – Ашу үстінде аяулы ұлыңды 
ӛлтіріп, елге қарар емес, жерге қарар жайым бар. Кессең бас, 
алсаң жан мінекей, құнын беруге дайынмын, – деді.
Міне, осыдан-ақ Ақжол бидің елге сыйлы, от ауызды, орақ 
тілді, хандар мен патшаларға, олардың жандайшаптарына 
қарсы шыққанда халықтың сӛзін сӛйлеп, сойылын қаққан би 
екенін білеміз.


86 
Әбілқайырды екі жағдай ойландырды. Бірі – Қара Қыпшақ 
Қобыланды Ақжол биді ӛлтірсе де, оның қадірін құрта алмауы 
еді. Ақжол бидің атын тірідегісінен де ұлғайта түскендей. Кейде 
тарих адам атымен осылай ойнайды. Тірісінде жоқ даңқты 
ӛлгеннен кейін береді. Ақжол би де осындай даңққа ие бола 
бастаған-ды. Әбілқайыр хан бұны анық түсінді. Екіншісі – осы 
Ақжол бидің ӛлімі ӛзі ойлағандай Жәнібек пен Керейді 
құртатын жол болмай шықты. Хан ӛз қатесін ӛзі мойындады, 
бұл ӛлімнің аяғы үлкен насырға, ел бүлінер дау-жанжалға 
шабатынына шек келтірмеді. Хан мұны есіне ұстауға тиісті 
екенін мықтап түйді. 
Халқымыздың тарихына кӛз жіберсек, ықылым заманнан 
бері жер дауы, жесір дауынан бастап ірілі-ұсақты даулы 
мәселелердің бәрін билер шешкен. Небір қиын мәселелерді 
байыппен қарап, ақылға салып, әділ шешімін, тура үкімін айтқан 
аузы дуалы қадірменді адамды би атаған.
Сӛздің мағыналы құдірет күші сонда, оның алдында ешбір 
тегеурінді күш тӛтеп тұра алмаған. Ол «тас жарған, тас 
жармаса бас жарған», «кестім, пішілді, айттым, бітті» дейтін 
хандарды да қаһарынан қайтарған. Жаугершілік замандағы 
қазақ би, шешендерінің дуалы сӛздері бүкіл қазақ даласын 
жаудан аман алып қалған.
«Жанталас» романында сӛздері мірдің оғындай ӛткір 
қазақтың би-шешендер бейнесі бір шоғыр. Романда Бұқар 
жырау бастаған Абылайлап жауға шапқан асыл ерлердің, үш 
жүздің берекесі, бас қосар ұйытқысы болған Қазыбек, Тӛле, 
Әйтеке сияқты ұлы билердің тарихи негіздері бар. 
Тәуке хан Ресеймен қарым-қатынасты жақсартсақ, талай 
жауға тӛтеп береміз деп ойлап, қарым-қатынасымызды 
жӛндейік деп, орыс патшасының қарамағындағы Уфа қаласына 
Тайқымұрын биді бас етіп елшілерін аттандырады. Бұл арада 
Тайқымұрынды бас етіп жіберудегі мақсаты – би ӛзінің
сӛзуарлығы мен кӛрегенділігімен, тілінен бал тамызатын 
шеберлігімен қалай да бітімге келтіреді деп ойлаған. 
Тарихи деректерде Тәуке ӛзінің «Жеті жарғы» деген атақты 
ережесімен белгілі. Әрине ол ережені бір ӛзі емес, қазақтың 
алғыр билерінің, алаш азаматтарының бас қосқан жиынында 


87 
дүниеге әкелді. Қазақ тарихы мен әдебиетінде қазақ билері 
дегенде алдымен үш есімді ардақтайтынымыз ақиқат. Олар – 
Үйсін Тӛле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би. Трилогияда 
осы билер бейнесі кӛрініс табады. «Сол кездегі қазақтың алғыр 
билері – Қаракесек руынан шыққан, отыздардан жаңа асқан қаз 
дауысты Қазыбек, үйсін Тӛле билер Әз Тәукенің ордасына жиі 
келіп, ханның ел билеу ісіне арналған атақты ережесі «Жеті 
жарғысының» жазылуына кӛмектесті.
Үш жүзге бас болған Абылай да Әбілмансұр кезінде Тӛле
бидің түйесін баққандығы трилогияда келтірілген. «Қазір шұбат 
ішіп әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп отырған кездері 
Әбілмансұр Тӛле бидің түйешісі екенінен бӛтен тіс жарып сыр 
ашпады. Бірақ қырағы жырау, туысы бӛлек бұл бала жігіттің 
тіпті де қарапайым түйеші емес екенін іштей сезіп отыр». 
Тӛленің түйесін баққан Абылайдың үлкен дәрежеге кӛтерілуі 
бидің ықпалы болса керек. Тӛле би үлкен жиындарға 
қатыстырып, ел басқару ісіне араластырып жүрді. Демек, 
Абылай ӛміріндегі бидің рӛлі ерекше. 
Есіл ерлерінің жау қолында қаза тапқаны қазақ халқының 
қабырғасына қатты батқан. Дейтұрғанмен мұндай жаугершілік 
заманда небір есіл ерлер жер құшағын елінің азаттығы үшін 
құшпады дейсің. Келешегіңе сенім арттыратын, жүрегіңе 
шапағат жылуын шашатын, жаныңа мейірім сыйлайтын жылы 
сӛз еріксіз бас кӛтертетіні туралы «Жанталас» романында 
кӛрініс береді: «Ойын-той былай қалды. Абылай «аһ» ұрып, 
тӛсектен басын кӛтермей жатып алды. Жанай ӛліміне Олжабай
жазықтыдай, осы сапарда баласымен бірге болған батырға 
сұлтан тіл қатпай қойды. Абылайға кӛңіл айтып, сонау Арқадан 
қаз дауысты Қазыбек би, Ұлы жүзден, Тӛле би, Кіші жүзден 
Бала би келді. Бұл үш бидің келуі Абылайдың үш жүздің елі 
ӛзіне кӛсем ете бастағанының белгісі еді. 
Сонда қаз дауысты Қазыбек:
– Уа, Абылай, Үш жүзің аққан ӛзен еді, солардың табысқан 
жеріндегі сен бір бәйтерек едің. Бәйтеректі дауыл ұрмас па, 
жапырағы оның түспес пе, бұтағы оның сынбас па? Құдай ма 
едің тетігін ұстаған бұл жалғанның, бұның не, бір балам ӛлді 
деп жатып алғаның? – деді. 


88 
– Жӛн айтасың! – деп Абылай басын кӛтерді». 
Осы құдіретті бір ауыз сӛз ұлы Абылайды орнынан қозғады. 
Оны бәйтерекке теңеп, яғни ӛмірде бәрі ӛткінші, дауыл соқса, 
бәйтеректің жапырағы, бұтағы да сынады. Ал қатты бір дүлей
дауылда бәйтеректің ӛзі де құлайтынын Қазыбек би ескерткен 
сыңайлы. Қазаққа сӛз керек, сӛзді айтатын би керек. 
Романда жазушы Әбілқайыр хан бастап хан-сұлтандардың, 
билердің қолдауымен алдымен Кіші жүз халқының Ресей 
қоластына кіргені туралы айта келіп: «Россия патшасы Кіші 
жүзді ӛз қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар 
би, Тӛле би, Сатай батыр, Бұлақ батыр қол қойған, «бізді де қол 
астыңызға алыңыз» деп Анна Иоанновнаға жазылған ӛтінішті 
Петербургқа Қангелді батыр алып келген. Сӛйтіп, қазақ елі мен 
Россия жұртшылығының арасындағы жаңа дәуір басталады».
Мына абзацтан кӛріп отырғанымыздай шешуші сәтте де 
ӛтініштер алдымен қазақ халқының қамын ойлаған би, 
батырлардың қолы қойылып барып жӛнелтілу керек. 
Адам қашанда ӛзінің халқына, дархан даласына ұқсайды 
демекші, қазақ халқы кең халық, ӛзінің бойына біткен 
дархандығымен, дұшпаны сұрқиялықпен қол жая кӛмек сұраса 
ӛзінің кеңдігімен ерекше ғой. Осыны ескерген жазушы романда 
Қазыбек би бейнесін аша түседі. Халық құрметіне ие болған 
Қарасақал да ең алдымен Кіші жүз арасында, кейін Қарқаралы 
маңындағы Қаз дауысты Қазыбек биді сағалап жүрді. Алдымен 
Қазыбек, артыннан Қаракерей Қабанбай Қарасақалға сый 
құрмет кӛрсетіп, ӛзіне жеке ұлыс билетіп қолдарында ұстады. 
Автор бұл эпизодта қазақ халқының кеңдігін, дархандығын, 
қонақжайлылығын, бір сӛзбен айтқанда қазақ жұртының қанына 
сіңген қасиетін ерекше бейнелеген. 
Романның ӛн бойында ерекше кӛрінетін бидің бірі қаз 
дауысты Қазыбек бидің баласы Бекболат би. Ол ӛзінің 
шешендігімен, ашуды ақылға жеңдірер сабырлығымен кӛзге 
түседі. Абылай бір жәрмеңкеде Қаракесектің жігіті Ботақанды 
«маған тіл тигізді» деп ұстап әкеліп, тірідей зынданға қамайды, 
оған шыдамаған Ботақан ӛзіне-ӛзі қол жұмсап ӛлтіреді. 
Абылайдың басқа да астамшылық, қиянаттарын кӛріп әзер 


89 
шыдап жүрген Бекболаттың бұл жағдай тіпті ашу-ызасын 
тудырады. 
– Арғынның бес мейрамының бес мың әскері келе жатыр, – 
деді жігіт ентіге, – Ботақанның құны үшін Абылайдың басын 
аламыз дейді. 
– Бастап келе жатқан кім? 
– Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат би. 
– Ұлы бидің ӛзі қайда? 
– Кӛктемнен бері сырқат деген. Арғынның елірген 
тентектерін баласы Бекболат ертіп келеді. 
Бұл эпизодтан ханның сексенді алқымдап қалған Қазыбек 
биді құрметтейтіні кӛрініп тұр. «Ұлы би» деп атауының ӛзінде 
де бір мән бар. Бұдан кейін билер дауы басталып, Абылай ӛзін
кінәлі санап, Бекболат бидің шешендігіне, ақылдылығына, 
ӛлімге қимаған жақсылығың үшін деп құндыз жағалы күзен ішік 
пен жорға мінгізеді. Бұл арада бір жігіт үшін бүкіл қазақ 
халқына бас болған Абылайды қалайша ӛлімге қиямыз деген
Бекболат бидің парасаттылығын аңғарамыз. 
Сонымен қатар романда Ноғайлының қазық биі Қойсары би 
мен Хақназар ордасының тӛбе биі – Ақсопа бидің бейнесі 
кездеседі. Ақ орданың ханы Хақназардың тұсында ӛмір сүрген
екі би де романда ханмен кездесу үстінде кӛрінеді. Хақназар 
әкесі Қасымның зиратына барып құран оқып, басына күмбезді 
мазар салу мақсатымен Ноғайлы еліне келеді. Оны елдің би-
шешендері, жырау ақсақалдары зор құрметпен қарсы алады. 
Сонда Ноғайлының түп биі болған Қойсары би толғауын 
бастайды. 
– Ойлай берсең – ой да кӛп, уайым да кӛп. Ойнай берсең – 
ой да жоқ, уайым да жоқ! – деп бастады сӛзін, – бір жайлауда
іргелес, бір керуенде тіркелес ел едік, екі сан қол ертіп 
Ноғайлыға келуіңде, Хақназар хан гәп болар. Әйткенмен сӛздің 
басын сұрақтан бастайын. Кәрі құлақ еміс сӛзге де емексиді, 
әкең Қасымханның зиратына құран оқып, мазар салғалы келген 
сыңайың бар секілді... Қасым хан саған әке болса, Ноғайлыға 
хан еді, мазарының басындағы алтын айына дақ түсірмей 
отырғанымызды кеше кӛзің кӛрді, – деп Қойсары би ханға 


90 
әскермен келуінің тӛркіні басқа-ау деген тұспалды бір аңғартып 
ӛтті де:
– Иә, Қасым алдияр жігіттің сырттаны еді, маңдайымызға 
сыймады, қара жер оны да алды, – деп аз бӛгеліп отырып, ар 
жағын тақпақтап кетті...
Қара жер жалғыз Қасымда алды ма?
Ӛлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі,
Жердің жүзін жұтса да бір тоймайды, қара жердің талысы,
Ӛлім деген – ұзақ жолдың алысы. 
Қойсары би тағы да тоқтап, кенет басын кӛтеріп алды: 
– Иә, ӛткеннің ӛкінішін айтып ӛзегіңді ӛртегенмен, алғанын 
құдай қайтарып бермес, бар үміт – алдағы заманда. Алдағы 
күйді болжап, жол шеккендей түрлерің бар, сапарың оң болсын, 
ағайын!. 
Үзіндіден аңғарғанымыздай Қойсары би Қасымның кӛзін 
кӛріп, ерлігі мен ел бастар ақылына тәнті болғанын бір-екі 
сӛзбен аңғартып ӛтті де, Хақназардың ойына алған ісіне ақ жол 
тіледі. Бұл да болса хан ӛмірінде және оның игі істеріне
билердің дуалы сӛздері бастама болатынын жазушы аңғарта 
түседі. 
«Алмас қылыш» романында Тіленші ұлы Шалкиіз 
жыраудың: 
Алп-алп басқан, алп басқан, 
Арабы торым ӛзіңсің. 
Жазылы, алтын, қол кескен 
Алдаспаным ӛзіңсің! 
Сен алтынсың – мен пұлмын, 
Сен сұлтансың – мен құлмын, – деп мадақтаған Темір би 
бейнесі кездеседі. Астраханьды билеген Қасым сұлтанның ӛз 
қолы Әмір-әл-умра яғни әскербасы болған, Едіге батырдың 
шӛбересі, Ноғайлы хандығы кезінен би дәрежесінде келе жатқан 
шынжыр балақ, шұбар тӛс Темір биге алшын руларының кӛбі 
бағынған. 
Романдағы түрлі оқиғалардың басында, жиын, кеңестерде, 
екі ел арасында бітімшілік жасау мақсатында немесе астыртын 
саясаттың басында билер бейнесі жақсы кӛрініс табады.
Абылайдың қамқоршылары болған Толыбай би, Қарауылдың 


91 
шешені Қожай би, Одаршы би, одан әрі Абдолла қарамағындағы 
Келдеше би, Жандаулет би, Тұрсын би, Бике би, Баба-сұлтан
жанындағы Дүстем билерді іс-әрекет үстінде бейнелерін аша 
түседі. 
Сонымен, І.Есенберлин бес жүз жылдық қазақ тарихындағы 
белесті кезеңдерді сұрыптап, Үш жүздің биі Тӛле, Қазыбек, 
Әйтеке секілді ел берекесі, ардақты билердің жарқын тұлғалары 
мен тарихи негіздерін кӛрсетеді.
Әдебиетімізде тарихи романдар легін жаңа туындымен 
толықтырып, айтулы тұлғаларымыздың кӛркем бейнелерімен 
толықтырған Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романының 
бас кейіпкері С.Датұлы сӛзге шешен, ойы жүйрік, кӛреген 
қолбасшы, әрі батыр, әрі би еді. Тар кезеңде жерге байланысты 
туындаған шиеленісті оқиғалар барысында айбарлы әрі 
намысты азаматтардың халық қамы үшін тәуекел деп атқа 
қонуы бұл романға арқау болған, мұнда Байбақты Сырым батыр 
бастаған Кіші жүздің ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы ұлт-азаттық 
кӛтерілісі бейнеленген және сол қозғалыстың шынайы шежіресі 
зерделенген. «Тар кезең» романы – «қазіргі қазақ прозасының 
кӛркемдік қазынасын байытқан эпикалық құнды туынды. 
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиетін бұрын толық назарға 
алынбай келген ұлттық-азаттық күрескері батыр, би Сырым 
Датұлы және ол бастаған күрескерлер бейнелеріне арналған 
эпикалық тарихи туынды ұрпақтарды ұлттық-отаншылдық 
рухпен тәрбиелеуге ықпал етері ақиқат» (Тебегенов Т. «Тар 
кезең» – эпикалық құнды туынды // «Ана тілі», 2012, 22 
желтоқсан). 
Романда Сырым би ел, жер тағдыры жайлы былай 
тебіренеді: «Тек әуелі жан түкпірінен Айрауықтың ащы 
күйіндей аңыраған бір азалы сарын бас кӛтеріп келе жатқанын 
ғана байқаған. Сәлден кейін сол бір ӛзегін ӛртеп, ӛн бойын 
шымырлатқан азалы сарын тұрлаусыз мына жалғанның 
опасыздығын паш етіп, бастарынан кешкенді қара қобызбен 
кейінгіге күңірене толғаған бағзыдағы бабалардың ӛксік пен 
ӛкінішке толы жыры мен зарына айналып, оқыстан «А-а-ай-и-и-
и»-лап, ышқынып, мұның кӛкірегінен ал кеп ақтарылсын-ай… 
тоқтаусыз боздасын-ай!!! 


92 
…А-а-ай-и-и-и!!! 
Бұ қоныс жеті жұрттан қалған қоныс, 
Ноғайдың кӛшіп талақ салған қоныс. 
Қазтуған, Асанқайғы, Орақ, Мамай, 
Біз түгіл, солардан да қалған қоныс. 
Бұ қоныс жеті жұрттың кеткен қоныс, 
Ноғайдың кӛшіп талақ еткен қоныс. 
Кәмелсіз қонған елін кӛп тоздырған – 
Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?! 
Бидің алқымына әлдене кептеліп қалғандай, лықсыған 
ӛксігін ӛзі әзер тежеп тұр (Ішіндегі қара қобыз қылғына қиқыл-
дайды… ыңыранады ышқынып!). 
…Әуелі бұ қоныстан Ноғай кетті, 
Баласы мұсылманның нобай кетті. 
Қазтуған, Асанқайғы, Орақ, Мамай 
Әрі ӛтіп Тесіктаудан солай кетті. 
Артынан Телағыс пен Нәрік кетті, 
Ӛзіне ерген жұртты алып кетті. 
Жер қарап он екі жыл желмаямен 
Асан би дүнияны…а-а-ай-и-и-и!!! Шолып кетті. 
Бидің жүрегі шымыр-шымыр, шымыр-шымыр-шымырлап 
қоя берді. «Апыр-ай, мынау не сұмдық еді?! Жеті жұрт ауған бұ 
қоныстың бұларға да қайырсыз болғалы тұрғаны ма, сонда?! …» 
(134-135 бб.). 
Осы үзіндіден кӛрініп тұрғандай, автор Сырым бидің 
ішіндегі шер-шеменді берудің тың әдісін тапқан. Адам ішіндегі 
қара қобыздың қылғына қиқылдауы жазушы жонған жаңа образ 
болып табылады.
Мұндай 
мысалды 
І.Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер» 
трилогиясындағы Әбілқайыр ханның кӛңіл-күйін суреттеуге 
арналған үзіндіден кӛруге болады: «Әбілқайыр үйде оңаша 
қалды. Бейуақта берілген әмірінен бӛтен ешкімнің хабардар 
еместігіне сенген хан енді тағына сүйеулі тұрған үкілі 
домбырасын алып, бір асау күйді безілдетіп ойнай жӛнелді. 
Осының алдында ғана ашу, ыза, әдіс, қулық секілді неше алуан 
сезімді басынан ӛткізген ханның домбыраны осыншама 


93 
құшырлана қағуы жүрегін ӛртеген бар азапты ұмытып, бір 
мезет кӛңіл қобалжуына басуы еді... ». 
Сырым бидің халық арасында таралған шешендңік 
сӛздерінің 
бір 
саласы 
Нұралы 
ханға 
айтқандарымен 
байланысты. Бұл ретте халық қамын ойлаған батыр әрі би 
Сырым: «Халық кӛл, хан құс, Ел орда, хан – қонақ. Кӛл 
құссыз да күнелтеді, құс кӛлсіз күнелтіп кӛрсін. Орда қонақсыз 
да ӛмір сүреді, қонақ үйсіз ӛмір сүріп кӛрсін», деп халық 
қамын хан беделінен жоғары қояды. 
Ұлттық 
құндылықтарымызға 
айналған 
тарихи 
романдарымыз сарқылмас қазына. Тәуелсіздік мемлекетіміз 
үшін бүгінгі және келешек ұрпаққа еліміздің ӛткен кезеңдерде 
бастан кешірген оқиғаларын, ел бастаған кӛсемдерін, қол 
бастаған батырларын, сӛз бастаған дана билерін, ақын-жырау, 
шешендерін білу қажеттілігін ӛтеуде Қ.Мұханбетқалиұлының 
«Тар кезең» романының кӛтеретін жүгі ауыр. Халық бағасы 
берілген осындай туындылар жас буынды отаншылдыққа, 
ерлікке, намысшылдыққа баулиды. 
Тарихта болған әйгілі тұлғаларды кӛркем шығармада 
бейнелеудің бір қиындығы – олардың халқы үшін жасаған 
ерліктеріне әділ баға беріп, халық алдындағы шын бейнесін 
дұрыс жасау керек. Себебі оқырман қауым тарихи тұлғаның 
кӛркем шығармада суреттелген бейнесіне қарап, оның 
характеріне қанық болуды қалайды. Тарихи роман авторы 
тарихи тұлғалардың қатысуымен болған тарихи оқиғаны 
суреттеп қана қоймайды, тарихи адамдарды мұндай тарихи 
оқиғаны жасауға итермелеген себептерді, мотивтерді де 
кӛрсетеді. Тарихта болған жекелеген оқиғаларды халық 
ӛміріндегі маңызды күрделі басқа құбылыстармен тығыз 
байланыста, сабақтастықта бейнелейді. Себебі халықтың ӛткен 
ӛмірінде айтарлықтай үлкен маңыз-мәні жоқ шағын оқиға ірі 
құбылыстармен байланыста, сабақтастықта бейнеленсе, сол 
байланыс пен сабақтастықтың нәтижесінде ӛмір құбылыстарына 
тән ең басты, мәнді белгілерді айқындап, толықтырып ажарын 
аша түсуге қызмет етеді. 
Он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» І томында 
фольклорды синкретті, кӛпфункциялы руханият, ежелгі 


94 
дүниетаным және кӛне мәдениет, әрі мұра, тұрмыстың бӛлшегі,
сӛз ӛнері деп түсіндіреді. Фольклор үлгілерін зерттеудегі 
заңдылық – кӛшпелі-бақташылық салттағы мемлекеттерде 
міндетті түрде жыраулар институты болатындығы. Оны кӛне 
Түркілер қағанаты мен Алтын Орда кезеңіндегі, әсіресе Қазақ 
хандығы 
тұсындағы 
әдебиеттен 
аңғаруға 
болады. 
Фольклортанушы ғалымдардың пікірінше, «ауыз әдебиеті» 
деген ұғымға фольклор да, ақын-жыраулардың шығармалары да 
сыйғызылып, екеуінің ара-жігі толық ашылмады. Соңғы 
жылдарда сӛз ӛнерінің осы екі түрін бӛліп, бірін «фольклор», 
екіншісін «авторлық ауыз әдебиеті» деп тану қажеттігі 
дәлелденіп жүр.
Кӛне дәуір оқиғалары мен тарихи адамдар ӛмірінің 
кӛркемдік ақиқатын айтуға ұмтылу тарихи прозаның идеялық 
жүгін кӛтеріп тұрады. Жалынды жазушы І.Есенберлин ӛзінің 
тарихи туындыларында сан ғасырлардың тарихын бейнелей 
отырып, сол уақыт ішіндегі белесті кезеңдерді сұрыптап, аты 
алты алашқа аты мәлім ел билеушілердің, ардақты билердің, 
атақты жыраулардың тарихи тұлғаларын кӛркем образға 
айналдыра білді. Жыраулық поэзияның кӛрнекті ӛкілдері 
жазушының 
«Кӛшпенділер», 
«Алтын 
Орда» 
тарихи 
трилогияларында ел тағдырын ойлаған абыз, ел билеушілердің 
кеңесшісі ретінде кӛркем бейнеленген. Еліне еңбек сіңірген 
белгілі үлкен тұлғалардың маңайында Тәуке, Хақназар, Абылай 
хандардың маңына топтасқан Бұқар жырау, Шалкиіз жырау 
сияқты алты алашқа аты шыққан атақты жыраулар бейнесі шын 
мәнінде бізге жеткен аңыздар мен ауыз әдебиеті үлгілері 
негізінде жасалған. Жазушының шеберлігі сонда – ол тарихи 
тұлғаның болмыс-бітімін халқы қалай қаласа, солай жасап бере 
алған нағыз кӛркем туындының хас шебері екендігіне кӛзіміз 
жетеді. І.Есенберлиннің тарихи трилогияларында аузы дуалы, 
сӛзуар, сӛздері мірдің оғындай ӛткір қазақтың би-шешендер 
бейнесі бір шоғыр. Романдарда суреттелген жыраулар – тарихта 
болған адамдар.
Қазақтың ұлы билері мен ақын-жырауларының қатарынан 
орын алатын Асан Қайғы, Қыпшақ жырауы Қазтуған, Арғын 
Сыпыра жыраудың ұрпағы Қотан тайшы бейнелерін жазушы 


95 
Әбілқайыр ханның ұлы Шах-Будақтың асында тоғыстырып, 
орайын келтіре суреттейді. 
Халидұлы 
Құрбанғалидың 
«Тауарих 
хамсасында» 
айтылғандай, Майқы бидің ұрпағы абыз жырау Асан Қайғы 
Сәбитұлы Алтын Орда ханы Ұлығ-Мұхамедке сӛзін ӛткізетін 
билердің бірі болған. Асан Қайғы ақылгӛй, кӛреген ғана емес, 
сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Оның «Ел айрылған», 
«Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты күйлері бізге 
жеткен. Жырау Әбілқайыр ұлысындағы шиеленіскен тартыстың 
ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың 
Әбілқайыр ұлысынан бӛлініп шығуын қолдаушылардың бірі 
Асан Қайғы болды. Ел аузындағы қария сӛздің айтуында, ол 
Ордадан бӛлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау 
тӛңірегіне қоныстандыруға атсалысқан. Жыраудың осы 
қызметін жазушы былай бейнелейді: 
– Бәсе, – деді күліп Жәнібек, – хан аққу болса, қасына 
құладындардың жиналуы мүмкін емес қой, ал хан құладын 
болса, оның маңына аққулар келмесе керекті... 
Асан Қайғы кенет түксие қалды. Оның кәрлі даусы дала 
бүркіттің үніндей саңқ етті: 
«Құладын құстың құлы еді, 
Тышқан жеп жүнін түледі, – 
Аққу құстың тӛресі 
Ен жайлап кӛлде жүр еді. 
Аңдып жүрген кӛп дұшпан 
Елге жау боп келеді: 
Құладын қуды ӛлтірсе –
Ӛз басыңа келеді. 
Құлың кӛп сені ӛлтірер...». 
Хан тағы күлді. Оған Асан Қайғы сӛзі ӛрескел кӛрінді. Тек 
осыдан алты жыл ӛткеннен кейін, осында отырған бір 
құладынның жүрегіне қадаған қанжарынан ӛліп бара жатып, 
Асан Қайғы ның сӛзі кілт есіне түсіп, қарт жыраудың қандай 
данышпан екенін бірақ білді. Әттең, дүние-ай, тек тым кеш 
білді. «Асан ата қандай данышпан едің!» деуге де шамасы 
келмеді. 


96 
Ханға айтқан жырау сӛзін Жәнібек қазір түсінуден тым 
алыс еді. Бірақ бұл толғауды Тӛре би жақсы ұқты. Оған қарт 
жыраудың әр сӛзі жүрегіне қанжардай қадалып жатқандай еді. 
Жәнібек Тӛре бидің боп-боз боп сұралана қалғанын енді кӛрді.
Хан әңгіме бетін тағы бӛтенге бұрды. Ол тағы ештеңе 
болмағандай күле сӛйледі. 
– Уа, Асан ата, кӛптен бері сұрамақ едім, деді ол, – әлемнің 
тең жартысын алған Шыңғыс хан да дүние салды. Күн 
шыққанда кӛмескі тартқан ай тәрізді, дүниеге бӛтен ұлы 
жиһангер келсе, біздің атамыздың да атағын тот басады. 
Әлемнің тең жартысын билеген ұлы Шыңғыс ханға да шын ӛлім 
осылай келеді. Ал байлық деген қолдың кірі, жусаң кетеді. Ал 
ханның артында ордасы қалады. Сол орда қайтсе ӛлмейді. 
Құлаққа ұрған таңадай тына қалған сарайда, енді шерлі үнге 
бӛленген Асан Қайғының шаршағандай даусы шықты. 
«Ел бастаған билеріңнің, Жәнібек, 
Ой ӛрісі теңіздей терең келсе, 
Алыстағыны қырандай кӛре білсе, 
Ханға дұрыс қатесіз ақыл берсе, 
Халқың тарығып күйзелмес-ті, 
Алтын Орда мәңгі-бақи күйремес-ті». 
Тӛре алдындағы билердің басы тӛмен түсіп кеткен. Ханға 
да, Асан Қайғыға да қарай алмай, бір-біріне ақырын әлденелерді 
күбірлейді. Тек Тӛре би ғана жауын кӛрген күзендей ширығып 
Асан Қайғыны жеп қоярдай, тасырая түскен. 
Жанындағы ақылшы жыраудың сӛзіне ден қоймаған хан 
дүниеден ӛтті. Азынаған жел ме екен, әлде сарнаған ел ме екен, 
жер мен кӛкті басып кеткен қайғылы үн. Бұл заманда даусы, 
тарих даусы. Алтын Орда ма, Ақ орда ма, Кӛк Орда ма, әлде 
кӛшпенділердің бӛтен әлемге әйгілі бӛтен патшалығы ма, бәрі 
бір олардың гүржідей ауыр салмағын халық кӛтерген. Алтын 
кеселі рашиян шарабы хандарға ғана тиген. Алтын тәжіні, 
кіреуке, торқа шапанды хандар киген. Маңдайы күнге күймеген, 
қас аруларды сол құшқан. Бақ құсы тек солардың басына ғана 
қонған. Ал халық болса, етегімен су ішкен, етігімен қан кешкен. 
Мықтылар үшін, мықтылардың әулеті үшін бірін-бірі қырған, 
жау санап ӛз бауырларына қарсы тұрған.


97 
Сол себептен де әлемнің жартысын алып жатқан Алтын 
Орданың аспанға шарықтаған айбарлы атағына қарамай, сонау 
ӛз заманын зар заман деп атаған халқының кӛзі, құлағы ұлы 
жырау Асан Қайғы:
«Бүгінгі күн зарлы күн, 
Бүгінгі күн кәрлі күн, 
Буыршын мұзға құлаған, 
Бәйтерек жерге сұлаған, 
Аққу қанатынан қайырылған, 
Жалғызынан ана айырылған, – десе керек-ті. 
Сол себептен де ол халқына, қой үстіне боз торғай 
жұмыртқалаған қиялы тудырған Жерұйығын іздеп, желмаясын 
еңкілдете желіп, сағым қуып кете барды. 
Абыз Асан Қайғының кӛркемдік бейнесі «Кӛшпенділер» 
трилогиясының бірінші кітабы «Алмас қылыш» романында 
жалғасын тапқан: «Асан айтыс тәртібін ӛзінше құрған. Бас бәйге 
кімде кім жауға қарсы елдің ерлігін дұрыс айтып бере алса соған 
беріледі. Орта бәйгі ӛз руының жер-суын қорғаудағы істерін 
дұрыс суреттеп берген адамға тапсырылады. Ал аяқ бәйгіге 
Дешті Қыпшақ елінің болашағын кім дұрыс болжай алса сол 
ие... Және жеңіс тәртібі де ӛзгеше. Бір жырау ӛз руының ерлігін 
паш етсе, қарсы жырау сол рудың айтылған ерлігінің 
кемшілігін, қатесін дат етеді. Қайсысының жыры жұрт кӛкейіне 
қонар болса, сол жеңді деп саналмақ. Шыңғыс ұрпақтарын 
мадақтайтын айтысқа да осы шарт. Бұл шарт үшінші айтыста да 
қолданылмақ: бір жыраудың болжауын екінші жырау сынауы 
керек. Егер сынай алмаса жеңілген болып саналады. Бас бәйгеге 
Қыпшақтың ұлы жырауы Қазтуған мен Арғынның ақиығы 
Сыпыра жыраудың ұрпағы Қотан тайшы түспек болды. 
Қазтуған Қыпшақ руының ерлігін мадақтап, байлығын 
мақтамақ, ал қарт Қотан Арғын руының атынан сӛйлемекші». 
Бұл шығармада суреттеліп отырған жыраулар – тарихта 
болған 
адамдар. 
Мәселен, 
Қодан 
тайшы 
туралы 
Ш.Құдайбердіұлы: «біздің қазақта мақал болып жүрген «Қара 
Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген сӛз Дайыр 
Қожаның сүйегін айналып жүріп жылаған әкесі Қодан тайшы 
деген кісінің сӛзі, аты Қодан еді, тайшы дегені ӛлеңші, ақын 


98 
дегені. Біздің қазақтың арғы аталы Қотан ақын дейтұғыны осы», 
– деп жазады. Қодан тайшы ақындығымен қоса, күйшілік ӛнер 
иесі, оның «Ақжелең» күйі кең таралған. Ал Сүйінішұлы 
Қазтуған ӛз заманында әрі батыр, әрі ақын, әрі күйші, әрі би, әрі 
шешен болған.
І.Есенберлиннің тарихи мұрасы халқымыз үшін бағасы 
кемімес ұлттық құндылықтарымыздың бірі болып қала береді. 
Ӛзінің тәуелсіз мемлекеттігінің іргесін кӛтеріп жатқан 
халқымызға еліміздің ӛткен кезеңдерде бастан кешірген 
оқиғаларын, соны жырлаушы ақын-жырау, шешендерін білу аса 
қажет. Жазушы ӛзінің «Кӛшпенділер» трилогиясында бес жүз 
жылдық қазақ тарихындағы белесті кезеңдерді сұрыптап, еліне 
еңбек сіңірген белгілі үлкен тұлғалардың маңайында Тәуке, 
Хақназар, Абылай сынды хандардың ақылшысына айналған 
Бұқар, Шалкиіз, Ақтамберді сияқты алты алашқа аты шыққан 
атақты жыраулардың жарқын тұлғаларын сомдаған. 
Трилогиядағы шоқтықты бейнелердің бірі – кӛреген әулие 
Бұқар. Қазақ еліне әділдігімен, даналығымен мәлім жырау 
хандармен тең, иық тірестіре сӛйлескен. Бұқар Қалқаманұлы – 
ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың 
азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты 
Абылайханның ақылшысы. Заманындағы сыншылар оны 
«кӛмекей әулие» деген. Сӛйлегенде кӛмейі бүлкілдеп, аузынан 
тек ӛлең тӛгіледі екен. Күміс кӛмей жыраудың ӛмір жолы, 
шығармашылығы туралы әдебиеттанушы ғалым Б.Кенжебаев 
Бұқар жырау шығармаларының тақырыбы ӛз тұсындағы қазақ 
халқының жай-күйі, мұң-тілегі, болашақ тағдыры, жалпы 
тұрмыс, заман жайы екенін, оның қазақ халқының бірлігін, 
ынтымағын, халық тыныштығын, бейбіт етіп, тұрмысын 
гүлдендіруін кӛксегенін жазады. 
Жырауларды «халықтың кӛзі, құлағы» деп білген хандар 
олардың әр сӛзіне мән беріп, арнайы шақыртып, оң жағына 
отырғызған. Жазушы «Жанталас» романында Бұқар жыраудың 
тегін жан емес екендігін, оның ой мен ақындықтың алтын кені, 
ақылгӛй, кешегі мен бүгінгі еске түсіре отырып, ой түйгізетін 
ақылман екенін байқатады: «Бұдан шығатын түйін: «Қазақ 
халқы мұндай күйге қалай жетті? Осыдан екі ғасыр бұрынғы 


99 
айбары қайда?» Бұл сұрақ осынау сұрапылда үлкен-кішінің 
кӛкірегіне үйелеген запыраннан кем болған жоқ. Кім бұған 
жауап берер? Міне, бүкіл қазақ даласына әйгілі, бұл күнде жасы 
қырықтарға келіп қалған шоқша сақалды, кең маңдайлы Бұқар 
жырау да осындай толғаныс үстінде еді. Ол есікке таяу отырған 
бала жігітке сезіктене кӛз тастады... Отырған отырысында, 
қимыл-қозғалысында бір паңдық, тәкаппарлық байқалады. 
Ақынның қырағы кӛзі алдамаса керек-ті». Алыстағыны қиядан 
шолар, алдыға сәуегейлікпен болжам жасай білер Бұқарға 
мұндай қырағылық жат болмаса керек-ті. Әр нәрсеге 
талғампаздықпен, кірпияздықпен қарар Бұқар Абылайдың 
тумысы бӛлек, текті жан екенін байқайды. Қазақ елінің 
болашағын келер күндегі жауларына қаталдығымен қыр кӛрсете 
аларын сезген Бұқар Абылайдың ӛзін құтқарған Ораз құлды 
ӛлтіруінің ӛзіне кешіріммен қарайды. 
Романда Бұқар қандай жағдайда да халықтың қасынан 
табылады, елдің сӛзін сӛйлейді. Жау жан-жақтан андағайлап 
жатқанда да ол қарша жауған жебеден, оқтан қаймықпай, сӛзбен 
жауынгерлерге рухани дем береді. Мысалы, жоңғарлар 
қоршаған Сауран қаласында халқының жанына табыла білген 
Бұқардың кӛргені мен кӛкейге түйгені кӛп екеніне тағы бір 
мәрте кӛз жеткіземіз: «...Мұсылманша хат таныған Бұқар жырау 
– қазақ тарихы қамтылған кӛне кітаптарды кӛп оқыған әйгілі 
шежіреші. Ұлы арманының бірі сол халқының ерлігін үлкен 
дастан ету еді. Ол қазақ халқының басынан ӛткен күндерін ғана 
емес, бүгінгі күресін де, ерлігін де жырламақ. Үш айдан бері 
Сауранның жауға берілмей тұрғанын естіп, кеше қара түнді 
жамылып, жау шебінен ӛткен. Содан бері қаласын жаудан 
қорғаған, аштыққа да, ажалға да кӛнген қара бұқара жұртын 
кӛріп, мұқалған кӛңілі бір жасарып қалған. Жыр шумағы бірінен 
соң бірі келіп, қиялында дастан да туа бастап еді... Халқы үшін 
жанын шүберекке түйіп, сӛзімен сеп берер Бұқар олардың 
намысын қайрау мақсатында қорған үстінде тұрған Науан 
ұстаның арғы бабалары батырлар Қияқ пен Тұяқтың ерлігі 
жайында жыр толғайды». Осы эпизодтан қай жерде не айту 
керек екенін білетін кемеңгердің тағдыры қыл үстінде тұрған 
қала тұрғындарының қорқынышын дӛп басып, жыр арқылы 


100 
берілмейтін қамал, алынбас асу да болмайтыны кӛрінеді. 
Кейінгіге жетпеген «Тас қамал» жырынан рухтанған халық 
қаланы асқан шыдамдылықпен қорғайды, олардың мұншама 
қайсарлықтарына шыдас бермеген жоңғарлар күздің қара 
суығында кері қайтуға мәжбүр болады. Орынды жерде тоқтам 
салып отыратын Бұқар жырларының уытты ғибраты, отты ойы 
бар. Халық жадында есімі ханмен қатар аталар жырау 
Абылайдың ел билеу ісіне белсене араласып, ақыл-кеңесін ретті 
жерінде айта білген, жол сілтей білген: 
– Саған берер ақылым, – деген Абылайға, – замана түлкі 
жетекке түсіп, жауымен кең айқасудан тайсалса, сол бӛктердегі 
ӛзі түстес бір қызғылт тастың қия бертінде құйрығын шаншып 
тұрып қалады. Қыран ондай түлкіні кӛруі керек. Ел билігі 
қолыңа тиген екен, кӛреген бол. Ақылың мен айлаң қатар 
жүрсін, – деген Бұқар тілегін ол еш уақытта аяқ асты етпей, 
жадында тұтты және ол сӛздер оның ӛмір бойы темірқазық – 
мақсаты болып, жеңіске жетуіне, мерейі үстем болуына әркез 
септігін тигізді. Ӛзіне ақылшы бола білген, орынды жерде ӛз 
ойын жеріне жеткізе айта білетін оның сӛздерін Абылай аса 
сақтықпен тыңдап, жатқан жыланның құйрығын баспауға 
тырысты. 
Туындыда сӛзімен, жырымен бітіспесті біріктірер Бұқардың 
Абылай түсін сәтті жорығанын байқаймыз және сол дуалы 
ауыздан шыққан сӛздің айна-қатесіз шын шыққанын кӛреміз. 
Ол: «Қырыққа келмей табытта жатсаң – ӛмірің ұзақ болады 
екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, 
үш жүзге хан болады екенсің, ал аяқ жағыңда тұрған үрім-
бұтақтың ішінен бірі Құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің 
ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан 
туған бір балаң атын майданда қалдырды екен», – деген-ді. Ел 
жағдайын, күйзелісін кӛзімен кӛріп жүрген Бұқар Абылайға 
әркез аяғын аңдап басып, сақ болу қажеттігін ескертіп, «кӛппен 
кеңесіп пішкен тон келте болмайтынын» айтып отырады. 
Әділдігімен, терең даналығымен халық жадында мәңгі 
сақталған Бұқардың бейнесін жасауда автор шындықтан алыс 
кетпеген, бір сӛзді жыраудың парасатты данышпандығын, 
кемеңгерлігін, бетің бар, жүзің бар демей айтып салар 


101 
шыншылдығын, халық қамын үнемі есінде ұстаған ел 
қамқоршысы екенін тап басып суреттеген. 
1993 жылы 28 мамырда Ордабасында ХҮІІІ ғасырдағы 
әйгілі мемлекет қайраткерлері, қазақ халқының үш ұлы перзенті 
Тӛле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске түсіруге арналып 
ӛткізілген той салтанатында сӛйлеген сӛзінде Елбасы 
Н.Назарбаев: «Халықтың үш ұлы перзенттері, даңқты үш 
дананың – Тӛле би Әлібекұлының, Қазыбек би Келдібекұлының 
және Әйтеке би Бәйбекұлының есімдері біз үшін ерекше киелі... 
үш ұлы би халық санасына тарихтың тар жол, тайғақ кешуінде 
бірлігінен айрылған елдің ажал құшары туралы ақиқатты сіңіре 
білді. Үш ұлы би үш жүздің асау мінезді батырларын ақылға 
шақырып, сол арқылы халықтың жұмылған жұдырықтай тұтас 
болуына қол жеткізді», – деп қазақ билерінің қоғамдағы саяси 
ролін айқын кӛрсетті («Егемен Қазақстан», 1993, 1 маусым). ҚР 
Конституциясының Ата заңымыз деп аталуы да оның 
ғасырлардан ғасырларға ұласып келе жатқан бабалар сӛзі 
екендігін кӛрсетеді. 
Жазушылар тарихи тұлғалардың қатысуымен болған 
оқиғаларды суреттеп қана қоймай, осыған итермелеген 
себептерді, мотивтерді кӛрсетеді. Тарихта болған жекелеген 
оқиғаларды халық ӛміріндегі маңызды күрделі басқа 
құбылыстармен тығыз байланыста, сабақтастықта бейнелейді. 
Себебі халықтың ӛткен ӛмірінде айтарлықтай үлкен маңыз-мәні 
жоқ шағын оқиға ірі құбылыстармен байланыста, сабақтастықта 
бейнеленсе, сол байланыс пен сабақтастықтың нәтижесінде ӛмір 
құбылыстарына тән ең басты, мәнді белгілерді айқындап, 
толықтырып ажарын аша түсуге қызмет етеді. Тарихи 
романдардағы жыраулар бейнесі шын мәнінде бізге жеткен 
аңыздар мен ауыз әдебиеті үлгілері негізінде жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет