М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Конструкцияның рационалдылығы және қарапайымдылығы



бет20/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142
Конструкцияның рационалдылығы және қарапайымдылығы. Машиналардың бірлік қуатын өсіру, автоматика және телемеханика жүйелерін енгізу, әдетте, машина конструкциясын күрделендіреді, бұл өз кезегінде машинаны өндіру және пайдалану саласында қосымша шығындарды талап етеді.
Машиинаның сенімділігін сақтай отырып, өндіріске кететін шығындарды қысқартудың негізгі жолы – берілген сапа көрсеткіштерін есепке ала отырып, машина конструкциясын мүмкіндігінше қарапайым ету, яғни машина конструкциясы барынша қарапайым болуымен қатар, онда барлығы рационалды орналасуы қажет. Бұл талап детальдарға да қатысты болуы тиіс.
Конструкция детальдарының рационалдылығы, қарапайымдылығы және технологиялылығының мысалы ретінде теңгергіш корпусының конструкциясын алуға болады (1.3-сурет).




1.3-сурет. Теңгергіш корпусының қарапайым және технологиялы конструкциясы

Мұнда корпус пен букса қақпағы біріктірілген е-е жазықтығы бір өтпемен өңделеді, ал теңгергіш корпусының (1.4-сурет) г-г жазықтығын екі рет өтіп барып өңдейді.




1.4-сурет. Теңгергіш корпусының күрделендірілген және технологиялы емес конструкциясы
Теңгергіш конструкциясы (1.3-суретті қараңыз) сонымен қатар формасының қарапайымдылығымен және мықты пайдалану техно- логиялылығымен сипатталады, себебі шайқалу мойынтірегімен бірге жинақталған жүріс дөңгелектері торабының теңгергіш корпусынан еркін алып-салынуын қамтамасыз етеді. Машина конструкцияларының рационалдылығы мен қарапайымдылығы сапа көрсеткіштері жиынтығымен сипатталады.
Машинаны өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу кезінде жүзеге асырылатын конструкция рациональділігінің ең маңызды көрсеткіші болып оның біріккендігі саналады. Біріктірілген конструк- цияларды жинау, құрастыру, қайта құрастыру және жөндеу едәуір жеңіл болады, сонымен қатар, шашу-құрастыру жұмыстарының көлемі азая- ды, жөндеудің заманауи агрегаттық әдісін қолдануға мүмкіндіктер туа- ды.
Бірігу коэффициенті Кб.л бірікпеге кіретін детальдар санының Nб.л
машинадағы детальдардың жалпы санына Nж.д қатынасын білдіреді:
Кб.л = Nб.л / Nж.д; (1.7)
Машинаның меншікті материалсыйымдылығы (металсыйым- дылығы) Мм машина конструкциясына жұмсалатын материал шығынының машина қуатына немесе өнімділігіне қатынасын сипат- тайды.
Мысалы, крандар үшін бұл көрсеткіш кран массасының Gк.р оның жүккөтерімділігіне Qк.р қатынасын білдірсе, ал конвейерлер үшін кон- вейер массасының оның сағаттық өнімділігіне қатынасымен анықталады және т.б.:


Мм = Gк.р / Qк.р; (1.8)
Материалды қолдану коэффиценті Км.к белгілі бір материал түрінің (легірленген болаттар, илемдар, құймалар және т.б.) қаншалықты қолданылғандығымен сипатталады:


Км.к = G / Gм; (1.9)
мұндағы, G – қолданылған материалдың жалпы массасы; Gм – ма- шина массасы.
Материалды пайдалану коэффициенті Км.n дайын болған деталь массасының Gg.t дайындама массасына Gg.м қатынасын білдіреді:
Км.n = Gg.t / Gg.н; (1.10)
Км.n коэффициентінің мәні неғұрлым жоғары болған сайын, ол де- таль дайындамасының жетілдіріп жасалғандығын, яғни оны өңдеу кезінде материал шығынының соғұрлым аз болатындығын көрсетеді. Дайындамалары көлемдік қалыптау және шекіме әдістерімен алынған
детальдарда Км.n коэффициентінің мәндері жоғары деңгейде болады.
Типтік технологиялық үдерістерді қолдану коэффициенті Кк.mnn машинаны жасауда қолданылатын типтік технологиялық үдерістер санының Nк.mnn оны өндіру үшін қажетті технологиялық үдерістердің
жалпы санына Nж.mnn қатынасын білд іреді:
Кк.mnn = Nк.mnn / Nж.mnn; (1.11)
Машина жасаудың меншікті өзіндік құны Өм.м машина жасауға жұмсалатын абсолюттік жалпы шығындардың машинаның құрылым- дық немесе пайдалану сипаттамаларына (масса, өнімділік, жүккө- терімділік) қатынасы түрінде анықталады:



G
O

M .M
OM GM


Q
; O

M .M
OM ; (1.12)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет