М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі



бет19/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142

Машиналар конструкцияларының технологиялылығы, детальдарды дайындаудың сапасы мен дәлдігі




Конструкция технологиялылығы. Конструкцияның техноло- гиялылығын қамтамасыз етуге бұйымдарды шығару мен пайдалану кезінде жұмысты орындау жағдайларын жетілдіру және қабылданған шешімдегі технологиялық құжаттамаларды белгілеу кіреді.
Өндірісте машиналар конструкциясының технологиялылығы не- месе машиналардың өндірістік технологиялылығы дегеніміз – уақыт, еңбек және құралдардың шығындары ең аз болған кездегі өндіріс үдерісінде орындалатын жұмыстарға машиналар конструкциясының бейімделу дәрежесі.
детальдар технологиялылығы – технологиялық жарамсыздықтың ықтималдылығы ең аз болған кездегі детальдардың конструкциялық формаларының оларды дайындаудың технологиялық үдерістеріне сәйкестік дәрежесі. Детальдар технологиялық және технологиялық емес болуы мүмкін.
Машина конструкциясының сабақтастығы машина және оның бөлшектерінің унификациясы және конструкцияның жинақылығы және т.б. көрсеткіштерімен сипатталады.
Көрсеткіштері жақсартылған жаңа машинаның конструкциясын жасау кезінде бұдан бұрын шығарылған типтес машинаның конструк- циясы мен жасау тәжірибесі ескеріледі. Сондықтан жаңа машинаның конструкциясында (сапа көрсеткіштерін төмендетпестен) базалық машинаның детальдары, жинақ бірліктері және кешендері неғұрлым көп қолданылған болса, соғұрлым оның жобалауы мен өндірісі оңайға түседі, себебі бұл кезде жұмыстағы сызбалардың, технологиялық карталардың, технологиялық құрал-саймандардың бір бөлігін қолдану мүмкіндігі туындайды.
Машиналар конструкциясы сабақтастығын жоғарылатудың басты жолдарына бұйымдар және оның бөлшектері, бір типтегі машина- лар конструкциясында унификацияланған детальдар мен тораптарды қолдану аясын кеңейту және т.б. жатады.
Унификацияланған деп әртүрлі машина механизмдерінде не- месе әртүрлі машиналар конструкциясында қолдануға мүмкін бо- латын детальдар мен тораптарды айтамыз. Көлік техникасының унификацияланған тораптарына олардың тежегіштері, редукторлары, шығырдың жүріс теңгергіштері және т.б. жатады.
Детальдарды, жинақ бірліктері мен кешендерін унификация- лау машиналарды жобалау мен шығаруға дайындықты жеделдетеді, унификацияланған тораптарды ірісериялы немесе массалы өндіріске ауыстыру есебінен олардың өзіндік құнын азайтып, сапасын арттырады, машинаны пайдалануға қажетті қосалқы детальдар мен тораптардың жалпы санын қысқартады.
Машина конструкцияларының сабақтастығы төмендегі коэффици- енттермен сипатталады: бұйым унификациясы, элементтер унифика- циясы, сабақтастық және қайталану коэффициенттері.
Бұйым унификациясының коэффициенті Ку.б унификацияланған жинақ бірліктері мен кешендерінің атаулар санының Nу.к олардың машинадағы жалпы санына Nж.k қатынасына тең:
Ку.б = Nу.к / Nж.k; (1.3)
Көлік техникасы конструкцияларының унификациясы коэффи- циентінің мәндері 0,2...0,7 аралығын қамтиды.
Элементтер унификациясының коэффициенті Ку.э конструкциядағы унификацияланған элементтер атаулары санының Nу.э олардың машинадағы жалпы санына Nж.э қатынасы деп қарастырылады:
Ку.э = Nу.э / Nж.э; (1.4)
Сабақтастық коэффициенті Кс бұдан бұрын шыққан машина кон- струкциясына кіретін өзара ауыстырылатын детальдар, жинақ бірліктері және кешендері санының Nа олардың жобаланатын машинадағы жалпы санына Nж қатынасын білдіреді:
Кс = Nа / Nж; (1.5)
Қайталану коэффициенті Кк машина конструкциясында біртипті де- тальдар мен жинақ бірліктерінің қайталануын сипаттайды:
Кк = Ng / Hж; (1.6)
мұндағы, Hж – машинадағы детальдар мен жинақ бірліктері атауларының жалпы саны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет