Қолдану көрсетілімдері: буындардың (артроздар, артриттер, сүйектің, бұлшық еттің (миозитер) қабынуы және жарақатпен зақымдануы, невриттер (радикулит), ішкі мүшелердің аурулары, күйіктен кейінгі терінің тыртық өзгерістері.
Қарсы көрсетілімдері:қызба жағдайы, жүрек қан тамырлары ауруларының өрістеуі, қан қысымының жоғарылауы, қатерлі және қатерсіз ісіктер, қан кету, туберкулез, бронхиальды астма, жүктілік.
І. Парафинді салу әдісі: 1-ші қабат – ерітілген парафинді (Т-55-650 С) 2 см дейін қабат қалыңдығын бірте-бірте көбейтіп жалпақ бояу жаққышпен тері бетіне жағыңыз.
2-ші қабат – бұл учаскені клеенкамен жабыңыз.
3-ші қабат – бұл учаскені көрпемен қымтаңыз.
Парафин апликациясының температурасы 500С дейін жетеді.
Емшараның ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін.
ІІ. Парафиндік ванна әдісі ( қол немесе аяқ бастарына әсер ету үшін). 1. Қолға немесе аяққа ыстық парафинді (Т-55-650С) 1,5-2 см дейін қабаттап жалпақ бояу жаққышпен салыңыз.
2. Ыстық ерітілген парафинмен (Т-650С дейін) ванночканы немесе клеенкалы қапты толтырыңыз.
3. Өңделген қолды немесе аяқты ыстық ерітілген парафинмен толтырылған ванночкаға немесе клеенкалы қапқа салыңыз.
4. Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Алдын ала жағылған қабат күлдіреуді алдын алады. Емшараның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін.