Мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.11.2022
өлшемі258,81 Kb.
#52864
1   2   3
Күлік сөзінің «атты сынау» мағынасымен синонимдес тәбия деген сөз 
кездеседі [3]. Мысалы: Бұқар жыраудың «Күпшек санды күреңді тәбияға 
жаратқан» деп отырғаны осы ат сынау шарасын білдіреді. Бірақ тәбия тек 
ат сынау емес, қыз сынау, жігіт сынау шараларында да қолданылған.
Сондай-ақ, Ә.Қайдардың «Халық даналығы» атты зерттеу еңбегінде сырын 
білмеген аттың сыртынан жүрме деген мақал былай талданады:
жылқының қыр-сырына қанық қазақ халқы мінезін, қасиет-әдетін әбден 
білмейтін жылқы малының сырт жағынан жақын өтуге болмайтынын, себебі 
оның мінезі шайпау, өзі асау болып, теуіп жіберіп, бейтаныс адамға зақым 
келтіруі мүмкін екендігін білген. Қазір бұл мақал адамға қатысты «мінез-
құлқын, жақсы-жаман қасиеттерін, ішкі сырын анық білмеген бейтаныс, сыр 
мінез адаммен бірден араласып, бар сырыңды, іс-тірлігіңді айтып, ашып 
салуға болмайды, өйткені ол да, асау ат тәрізді, оқыс әрекет, жат қылық 
(қаскүнемдік, сатқындық, пайдақорлық, екіжүзділік, күншілдік т.б.), 
жағымсыз мінезін көрсетуі ықтимал, сырын, ішкі жан дүниесін жақсы 
білмейтін адаммен бірден етене араласып кетуден абай бол» дегенді білдіреді 
[4, 25 б.]. 
Әрбір мақал-мәтелдердің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық 
мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сеніміне т.б. 
қатысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысын 
танып-білуге қосар үлесі зор.


Мақал-мәтелдерді этнолингвистиканың объектісі ретінде зерттеудегі 
күрделі мәселе – олардың тілде пайда болу факторлары мен дами келе
адамға (оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, қалып-күйіне т.б. 
қасиеттеріне) ауысу уәждерін тап басып, дәл айқындау, мән-жайын таратып, 
түсіндіру. Мысалы, «Ат айналып қазығын табар, Су айналып жазығын 
табар» деген мақал «белгілі себептермен туған жерінен, өскен елінен 
алыстап, жат жерде өмір кешкен ер-азамат күндердің бір күнінде ата жұртын 
іздеп табады» деген ауыс мағынада қолданылады. Этнолингвистика осындай 
құбылыстың мән-жайын түсіндіруге тырысады. Шындығында, жылқы малы 
жылдың төрт мезгілінде еркін жайылып өссе де, жем жеп, су ішетін, 
байлаулы (қорада, белдеуде, желіде, мама ағашта т.б. жерде арқандаулы) 
тұратын өзінің тұрақты бір мекенін, «байланған қазығын», қандай жағдайға 
ұшырамасын, тірі болса, әйтеуір бір тауып келуге бейім жануар. Су да солай, 
қаншама тау-тасты аралап, ой-шұңқырды толтырып, асып-тасып, лықсып 
жатқан ағын су ақыр аяғында жер бетінің ең төменгі деңгейін – «өз жазығын» 
тауып еркін ағуға тиіс. Осы құбылысты ата-бабамыз тап басып тани 
білгендіктен, осындай сөз орамы туындаса керек. 
Әр халықтың мақал-мәтелдері – сол халықтың өзі жасап алған 
логикалық формуласы, ережесі. Ол кез келген оқиғаның, мәселенің тұсында 
еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп, көп ойлауды, ұзақ баяндауды керек ететін 
қиын нәрсені жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, 
ұғындырады. 
Мақал-мәтелдердің пайда болып, қалыптасуы үлкен екі түрлі объективті 
факторға байланысты екенін Ә.Т.Қайдар өз зерттеуінде атап көрсетеді [4, 16 
б.]. Оның біреуі және негізгісі – ішкі фактор да, екіншісі – сыртқы фактор. 
Мақал-мәтелдердің ішкі факторға байланысты пайда болып, қалыптасуын 
әрбір этностық қауымның халық болып қалыптасуының ұзақ тарихи 
үдерісіне, рухани өмірі мен мәдени-әлеуметтік жағдаятына, тіршілік-тірлігі 
мен күн көріс тәсілдеріне, өзіндік дүниетанымы мен болмыстағы 
құндылықтарды бағалай білуіне байланысты деп білсек, сыртқы факторын 
сол этникалық қауымның бір табиғи ортада, жағырапиялық аумақта 
(уақытша не тұрақты) бірге жасап, біте қайнасып кеткен басқа халықтармен 
араласуының, бір-біріне тигізген рухани-мәдени әсеріне байланысты деп 
қараған жөн екенін ғалым атап көрсететеді. 
Жоғарыда атап өткен екі фактордың алғашқысының нәтижесінде қазақ 
халқының халық болып қалыптасу үдерісіндегі мәдени-әлеуметтік 
жағдаятына, тіршілік-тірлігі мен күн көріс тәсілдеріне байланысты мақал-
мәтелдер пайда болды.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу 
ісінде академик Ә.Қайдардың «Халық даналығы» атты еңбегі өте құнды. Бұл 


зерттеуде ғалым тіліміздегі қазақ халқының 2 мыңнан астам мақал-
мәтелдеріне этнолингвистикалық түсінік береді және мақал-мәтелдердің
табиғатына ғылыми талдау жасайды. Бұрын-соңды мақал-мәтелдерге 
байланысты жазылған еңбектерде кездеспейтін құнды, ғылыми пікірлер мен 
талдауларды осы еңбектен кездестіре аласыз. Сондай-ақ, академик 
Ә.Т.Қайдардың осы бағыттағы «Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты көлемді 3 
томдық еңбегінде де мақал-мәтелдер этнолингвистикалық тұрғыдан 
талданып беріледі. Осы еңбектерді ғылыми көпшілік арасында жоғары 
бағаланып жатыр деуімізге болады.
Этнолингвистика этносқа қатысты деректердің бәрін түгел қамтуды 
көздейді. Осы тұрғыдан келгенде әдеби тілдің «сыртында» жатқан, сонау 
тайпа тілінен бастау алып, жергілікті тұрғындар қолданысында сақталып 
келе жатқан көне де байырғы сөздерді, көрші халықтар тілінен әр кезде 
қабылдаған ауыс-түйістерді, жергілікті кәсіпшілікке байланысты ұғым-
түсініктерді жинақтап, түсіндіретін диалектизмдер де этнолингвистиканың 
бастау алар бұлақтарының бірі болып саналады. Этнолингвистика мен 
диалектологияның арақатыстығына байланысты, мәселен, академик 
Н.И.Толстой бастаған ғалымдар тобының көп жылдан бері славян тілдерінің 
жергілікті ерекшеліктерін зерттеу арқылы бүгінде ұмыт бола бастаған көне 
дүниелерін жаңғыртуды мақсат ететіндігін айта кеткен жөн [5, 17 б.]. 
Бұл жағынан келгенде, диалектілік лексика – этнос тарихындағы әр 
алуан кезеңдер мен оқиғалардың, әртүрлі қатынастардың белгісін бойына 
сақтаған 
қазынасы, 
этнос 
тұрмыс-тіршілігінің, 
оның 
тарихының, 
мәдениетінің баға жетпес байлығы. Қазақ тілінің өз тарихын таразылауында, 
халықтың рухани-материалдық байлығын зерделеуінде, этностың өзін-өзі 
тануында, жаңа тарихын жазуында жүгінетін көнекөз куәсінің бірі – 
диалектілік лекиска. Этнодиалектизмдердің ішінде диалектілік мақал-
мәтелдердің басты ерекшелігі – қолданылу аясының тарлығы. Соның 
салдарынан оның саны да әдеби тілге қарағанда шектеулі болады. Әрине, 
тілдік тұрғыдан қарағанда оның құрамындағы тұлғалар да біршама өзгергіш 
болып келеді.
Жалпы мақал-мәтелдердің пайда болуына әсер ететін фактордың бірі – 
сол өлкенің жағдайы, табиғаты, халықтың айналысатын негізгі кәсіп түрі. 
Міне, сондықтан да әртүрлі аймақтарда өмір сүріп жатқан қазақтардың 
тіліндегі 
мақал-мәтелдерге 
талдау 
жасау 
арқылы 
олардың 
көзқарастарындағы, танымдарындағы ерекшеліктер байқалады. 
Мәселен, Қытай қазақтары тіліндегі мақал-мәтелдердің табиғатын 
түсіну үшін оның лексикалық құрылымына, яғни құрамындағы сөздерге 
көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені Қытайда тұратын қазақ диаспорасының тілдік 
ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етіп отырған тілдік факторлар 


жеткілікті. Осы өлкедегі қазақтардың тілін зерттеген С.Мұстафаұлының 
келтірген мына мысалына назар аударсақ: «Жерді көрсең Наратқа бар, 
Озатты көрсең Манапқа бар, Бәйгені көрсең кері атқа бар» . 
Нарат – Іле аймағына қарасты Күнес ауданының топырағы құнарлы, 
шөбі шүйгін, суы тұнық, табиғаты көркем құтты мекен, ырысты ауыл. Нарат 
ауылы қазіргі күнде өзінің жанға жайлы көркем табиғатымен сырттан келген 
саяхатшыларды өзіне ерекше баурайтын әйгілі саяхат орнына айналған жер. 
Манап Ахметұлы (1909-1985) – Күнес ауданындағы Нарат ауылының 
тұрғыны. Шыңжаңда тұңғыш рет Ыластай мал шаруашылық кооперациясын 
құрып, Мау Зыдоңның қабылдауында болған, әйгілі еңбек ері. 
Кері ат – 1959 жылы ішкі Моңғолияда бүкіл Қытай бойынша 
өткізілген ат бәйгесіне Нараттан апарылып қатысқан, 1-бәйгені алғаны үшін 
Бейжіңгер атанған бәйге аты. Сонда бұл мәтелді өзінің бастапқы мағынасы 
бойынша «жақсының бәрі бір жерге жиналған» деген ауыспалы мағынасын 
түсіндіруге болады екен. Егер де жоғарыда келтірген Наратқа, Манап 
Ахметұлына, кері атқа байланысты ақпаратты білмесек, біз мәтелдің 
қолданысын да, мағынасын да түсінбес едік. Осындай сөздердің астарында 
жатқан қызықты тарихи ақпараттарды табу жергілікті, тарихи, кәсіпке 
байланысты т.б. мәліметтерді біліп, жинақтап, сараптама жасауды талап 
етеді. 
Егеменді ел болып, тәуелсіздік туын биік көтерген қазақ елінің бүгінгі 
таңдағы алдына қойған мақсаты – дамыған елу ел қатарына қосылу. Бұл 
мақсатқа жетудің бір жолы – қай сала болса да, барынша еңбек етіп, қазақтың 
рухани, заттық байлықтарын әлемге танытуға әрекет жасау. Осыған 
байланысты қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулерде қазақ 
ұлтының болмысы, дүниетанымы тілінде сақталған құнды дүниелерімен 
танылуда. Осындай еңбектердің алдында 
академик Ә.Қайдардың 
этнолингвистикада жасаған зор еңбегі, салған сара жолы қазақ 
этнолингвистикалық мектебінің жарқын көрінісі деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет