Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет21/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
- Қызылкөз қанішердің түбінде Талдыбұлаққа оралмауы мүмкін емес…

- Бұлар секіл шор аяқ емес, тірісінде шенді шекпен жамылып, мырза атанған азамат. Сол төрелер қара халықтың қанын қандалаша сорғаннан басқа не жақсылық көрсетті?

- Әбден көкмылжың боп бітіпсің ғой өзі!

- Байқа, Хрализов, қаңғырған қараны қорғаймын деп, тіліңнен жазып жүрме!

- Жабағы бет Терентиге қамшысын шошаңдатты.

- Мұның үйіне келіп алып, құлтекедей тепеңдегені несі екен? [36].

Жоғарыдағы мысалдарда дисфемимздер жиі жұмсала келіп, әрі ұғым сипатына қолданыла отырып, белсенді қызмет атқарған. Бұл сөйлеу тілі, ауыз екі тіл стиліне тән сипатты аңғартады. Көркем шығармада көбінесе айшықты сөздер көп болған сайын оның көркемдігі арта түседі деген жансақ пікір қалыптаспауы керек. Оқырманға бейнелік әсері айрықша болу үшін жазушы бастан-аяқ айшықты сөз қолданбай, дисфемизмдерді де шебер қатыстыра білген. Мысалы:



- Қызылын кім білсін, ақ дегеннің сыңайы жаңағы болса, тезі қатты тентекке емес, қан іздеген қанішерге көбірек ұқсайды екен.

- Тәйт әрі!.. Боқмұрын! - деп, Қараман оның қолын қағып жіберді…

- Қаңғыған қызыл ит! - деді тісінің арасынан асылдап…

- Үрерге итің, сығарға битің жоқ сен де бір тесік өкпе емеспе ең?

- Есік алдына төселген өөрпе үстінде аузын буған өгіздей теңкиіп, үнсіз ойға батқан полковник оны елең де қылмады.

- Кекіре тойған текедей жігіттеріне әмір етіп, бақылдап жүр…

- “Әлгі шолақ қол Миябай болса ғой мынадай көпірме сөзді өзіне-өзі айтар еді” - деп бір ойлап қойды…

- Қолыңды желеу етіп, өтірік сұңқылдама қол түгілі талай боздақ жанын да садақалаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет