Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет37/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
Сөзге төркін боларлық “дарақы” тәрізді тұлғаны түркі, монғал тобындағы тілдерден кездестіре алмадық, - деп жазады тілші (Ә. Нұрмағамбетов). Ал тунгус-маньчжур тобындағы дәл осы тұлғалас әрі мағыналас сөз бар екендігін көреміз. Маньчжур тілінде: дэрақу-ұятсыз, арсыз, әдепсіз деген мағыналарды ұғындырады.

Тұлға әр мағына жағынан маньчжур тілдегі сөз біздегі “дарақыдан” тіпті де алшақ кетпейтіндігін көріп отырмыз. Маньчжур тіліндегі “дәрақу” екі тұлғаның, дәлірек айтқанда, түбір мен қосымшаның пайда болғандығы жөнінде де дерек табуға болады. Осы топтағы тілдердің кейбіреуінде: эвенкілер, солондар, эвендер т.б. “дэрэ” тұлғасы біздегі “бет” мағынасында қолданылса, ал “ақу” - болымсыздық қосымшасы. Осы екеуін біріктіре келіп (дэрэ+ақу → дэрақу), сөзбе-сөз аударғанда “беті жоқ” немесе “бетсіз”деген ұғым беретіндігін көреміз. Бұл жерде тіліміздегі “бетсіз” сөзінің өзі мағына жағынан бізде “бейбастақ” немесе маньчжур тіліндегі “әдепсіз” сияқтылардың синонимі екендігін еске салу артық та болар. Дегенмен, сөз төркінін ашу үшін бұл да қажет нәрсе. Тіл деректерінен көрінгендей, қорыта келгенде, сөз төркіні маньчжур тілі екен де, оның қалыптасуына тунгус-маньчжур тобындағы басқа да тілдердің қатысы барлығын байқадық. Маньчжур тілінен ауысқан сөздің қазақ тілінде “дарақы” қалпына жетуі де, қиын құбылыс емес: дэрақу → дәрақу → дарақу → дарақы” [45, 67 б.].

Сөздің бір жағынан эмоционалды-экспрессивтік, екінші жағынан дисфемизмдік мағына беретін осылайша талдау арқылы да жете түсінуге болады. Эмоциялық мағына сөздердің мағыналығ ерекшелігі екендігі адамзаттың өмір сүру талабынан туындайтыны анық. “Қазақ тілінің семантикасы” деген еңбегінде М. Оразов эмоцияны таным теориясымен байланыстырып: “Біріншіден, эмоция денотаттық мағынамен тікелей байланыспайды; Екіншіден, сигнификатпен байланысады. Сондықтан да оларды ұғыммен, оймен байланыстыру қажет. Себебі ойда, эмоция мен экспрессиялық мағына жеке адамда болатын әлеуметтік жағдаймен байланысты процестер. Адам санасы айналадағы амал-әрекетті, қозғалыс пен құбылыстарды қабылдағанда тек көшірмесі ретінде қабылдамайды, оны басқалармен салыстырады, өзінің өмір талғамымен өзінің тұрғысынан бағалайды. Сөздердегі осы эмоция бағалаудан туындайды. Экспрессивті бояу, жеке сөздерге фразеологиялық оралымдарға да, сөз формаларына да синтаксистік конструкциялардың қай-қайсысына да тән сипат,” - деп түсіндіреді [47, 122 б.].

Табиғаты жағынан дисфемизмдерге өте ұқсас эмоцияналды- экспрессивті сөздер баршылық. Оларды кей жағдайда дисфемизмдерден ажырату қиынға түседі. Солардың бірі қатынбасша сөзі. Мысалы: -Тамағыңды дұрыстап істемейсің бе, қатынбасша күніне, жүз амандаса ма осылар? - деп Сәлімрахман шығып алды (Р. Нұрғалиев). Қатынбасша зат. Қатын-қалаштың ісіне араласушы еркек (ҚТТС, 6 т., 156). Осы сөз турасында белгілі жазушы, қазақ тілінің сөз байлығына байланысты ерекшелікті өз қырынан зерттеуші Б. Қыдырбекұлы былай дейді: “Қазақта қатынбасшы деген сөз жоқ. Қатынбасша, тазша, қараша деген сөздер бар. Қатынбасшы ол қатын бола алмайды. Ол сөздің дұрысы - қатынбасша, ал қатынбасша ол қатындардың жұмысына, яғни қазан-аяққа, ас пісіруге, қазанға тамақ салуға, орынсыз кірісіп кететін еркек… Қатынқұмар адамды, әйелін, тағы басқа әйелдерді басқадан қорғаштайтын адамды “қатынбұраш”, жақсы атқа қызығатын, ат құмар адамды “атбұраш” - дейді [43, 66 б.]. Зерттеуші ер адам бойындағы кейбір жаман мінездерді суреттейтін сөздерді осылайша түсіндіреді. Сонымен қатар мінез-құлыққа байланысты мәңгі тұрпайы сөзінің мағынасына қысқаша талдау жасап өткен: “Қазақша мәңгі екі мағынада қолданылады: мәңгі - өмірбақи, ұзақ т.б.; мәңгі - мәңгіріп жүре беретін адам. Ш. Айтматовтың “мәңгірті” осыдан алынған. Одан басқа пәңгі, шәңгі деген сөздер бар. Ал осының көбіміз біреуін ғана пайдаланамыз” [43, 8 б.].

Жоғарыда Б. Қыдырбекұлы келтірген “мәңгүрт” Ш. Айтматовтың “Боранды бекет” романындағы жау қолында жүріп есі ауып, “мәңгүрт” атанған, анасын өз қолымен өлтірген тұтқын кейіпкер.

Эмоционалды-экспреcсивті сөздер барлық уақытта жағымсыз мағынаны бере алмайды. Бұл олардың дисмефизмдерден айырмашылығын көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі мысалдарды келтіруді жөн көрдік. -Мен мынау адамзаттың алғыр ойы мен ұшқыр қиялынан тұратын жақұт қаланың қай жерін көруге де бейілмін (С. Бердіқұлұлы). - Бар жайды сонша кең, терең түсінетін аса білгір адам екен (М. Әуезов). Бұл сөйлемдердегі ұшқыр қиял, алғыр ойы, аса білгір деген тіркестер жақсы көру мен жағымды эмоцияны беріп және адамның бойындағы бір іске деген икемділікті, ыңғайлықты, ынталықты білдіріп, амал-әрекеттің сипаты жасалып тұр. Сонымен қатар дисфемизмдермен эмоционалды-экспрессивті сөздердің өзара ұқсас қасиеттері мен жалпы ортақ қасиеттері жоқ емес. Соның ішінде адамға қатысты эмоционалды-экспрессивті сөздер мен дисфемиздердің көпшілігі адамның жеке басының әртүрлі қасиеттерін, мінез-құлқын, тұрмыс-жағдайын, сырт-сымбатын, түрлі әдетін, кемшіліктерін білдіреді. Мысалы:

- Қимамыздың қышуы қанып, масайрап отырып етке, араққа тойдық…



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет