Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Көп мағыналы сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер



бет45/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
2.6 Көп мағыналы сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер

Қазақ тілінде көп мағыналы сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдерді де ұшыратуға болады. Көп мағыналы сөздер ана тілі байлығының сарқылмас кен-көзі, “сөз” атты тұнық бұлақтың бастауы. “Көп мағыналылық тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс. Әдетте, тіл-тілде ертеден, ежелден қолданылып келе жатқан байырғы сөздер, сол негізгі түбірлерден өрбігендер көп мағыналы болып келеді” [1, 133 б.]. “Сөздің көп мағыналығы тұрақты нәрсе емес. Бұрыңғы дара мағыналы сөз дами келе көп мағыналы сөзге айналуы да, ұрыңғы көп мағыналы сөздің дара мағыналы сөзге айналуы да мүмкін” [62, 20 б.]. Б.М. Юнусалиев: “Если исключить отдельное отклонение и брать явление в целом, то многозначность прослеживается по двум прзнакам: а) в зависимости от структуры слова; б) в завимости от принадлежности слова к грамматическим классам слов, или к той или иной сфере употребления,” - дейді [64, с. 98-112].

Тілдегі сөздердің көп мағыналығы туралы “Қазақ тілінің энциклопедиясында” былай делінген: “Сөздің көп мағыналығы, полисемия -сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы даму ережесі сөздік құрамындағы сөздердің саны көп байлығымен ғана өлшеніп қойылмайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан бір дамығандығын көрсетеді, бірден-бір белгілі -сөздердің көп мағыналығы. Бұл негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Олар ұзақ жылдар бойы тілімізде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған” [59, 353 б.].

Тілтанушы Б.И. Татаринцев: “Изучение внутрисловно семантическо-парадигматики есть изучение в основном смысловой стуктуры многозначных слов. Многозначность слов - многообразное и еще далеко не познанное языковое явление”, - деп түйіндейді [65, с. 13].

Көп мағыналы сөздерге тән ерекшеліктер мыналар: 1) көп мағыналы сөздердің барлық мағынасы бірдей дыбыстық тұлға, бірдей материалдық көрсеткішке ие болады; 2) оны құраушы мағыналардың өзара байланыстылығы, өзара әрекеттестігі. Өзара байланысқан мағыналарды салыстыра отырып, олардың ортақ семантикалық компонентін тауып алуға болады, туынды мағынаның пайда болу себептерін анықтауға болады; 3) көп мағыналы сөздердің мағыналарының мөлшері қатаң шектелмеген, ашық құрылымды болады; 4) көп мағыналы сөздер бір ғана сөз табынан болады; 5) олардың мағыналарының дамуы ішкі және сыртқы себептерге негізделеді; 6) көп мағыналы сөздердің мағыналары контексте ашылады. Семантикалық байланыстары фразада синтагмалық қатынасы арқылы айқындалады; 7) сөздің көп мағыналары парадигмалық байланыс арқылы анықталады [66, 28 б.].

Профессор К. Аханов көп мағыналық жайында негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болу, әр түрлі мағынада қолданылуын атаған [67, 96 б.]. Автордың көзқарасынан көп мағыналық амалдардың бір түрі, яғни семантикалық тәсілдің көрінісі іспетті пікірімізді В.Г. Гактың тұжырымдамасымен ұштастырайық. Тілші көп мағыналықты ауыспалы тәсіл (автордың термині бойынша “косвенный способ”) ретінде қарастырып, сөздің тура және ауыспалы мағынада келуін жаңа мағыналы аталымның тууына әкелетін әдіс ретінде, сөйтіп, екіншілік аталымның жасалу жолының бір түрі деген түйін жасайды [68, 247 б.].

Уақыт өте келе бір мағыналы сөздер көп мағыналыққа ұласқан. Мұның негізінде қарапайым сөздердің бір саласы дисфемизмдер пайда болған. Әдетте көп мағыналы сөздердің барлық мағынасы емес, бір ғана мағынасы дисфемизм бола алады. Мысалы:

Тарт, сасық қолыңды, калбит (Қ. Исабаев).

Сасық қулықты қойсаңшы (Б. Ыбраймов).

Сасық. сын. 1. Жағымсыз иісті, сасып кеткен, мұңкіген. Зат.м. Қолқаны қабатын жағымсыз иіс. 2. Ауыс. Пасық, арам, жаман. 3. Ауыс. Сиыр малына айтылатын қарғыс.

Осылайша сасық сөзінің бірнеше мағынасы бар. Олардың ішінде екінші мағынасын ғана дисфемизмге жатқыза аламыз. Бұл сөздің түбірін зерделейтін болсақ, жоғарыдағы сөздікке жүгінеміз; Сасу. Бұзылу, шіру, иістену орнына “сасу” сияқты сөзді де қолдана береміз. “Базарда ет арзан екен, саситын болған соң бере салдың” (С. Жүнісов). “Сасу” етістігінің алғашқы түбірі - “сас”, ал әуелгі мағынасы сәл өзгеше әрі түркі тілдерінен шыққандығын бірден айтуға болады. Осы түбірге “сас” дыбыстық жағынан сәйкес басқа түркі тілдеріндегі сөздер біздің тіліміздегі “иіс” мағынасында қолданылады: туваларда - чыт, якут тілінде сыт, хакасша-чыс, чуваштарда-шаш.

Түркі тілдерінде -ч,-с,-т,-ш дауыссыздары мен -а,-ы дауысты дыбыстарының бірінің орнына бірі қолдана беретін заңдылықты қайталап жатпасақ та болады. Сайып келгенде “чыт”, “сыт”, “чыс”, “шаш” ең соңында біз талдап отырған “сасудың” түбірі “сас” алғашқы кезде бір дыбыстық құрамда болған да, кейін келе әр халықтың өзіне тән тіл заңдылығына қарай өзгеріске түскен. Кім біледі, біздегі - “иіс”, түркімендердегі -“ыс” тұлғаларда сол дыбыс өзгерістерінің туындысы болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, “сасу” етістігінің алғашқы түбірі “сас” екені және ол ертеректе біздің тілімізде де қазіргі “иіс” сөзінің орнына қолданылғаны күмән келтірмейді. Оған, әсіресе, чуваш тіліндегі “шаш” тұлғасы куә болғандай. “Сасу” дегеніміз қазіргі “иістену” дегенімен бара-бар [45, 245 б.].

Түсіндірме сөздікте сасық ауыз, сасық қулық, сасық бай, сасық жуа, сасық кеуде, сасық күзен, сасық көкек, сасық қоңыз, сасық меңдуана, сасық тұмау деген тіркестер келтірген. Бұл тіркестердің ішінде ауыспалы мағынада қолданылып, дөрекі реңк беріп тұрғандары: 1. Сасық ауыз. Әр нәрсені бір қоңырсытқыш, өсекшіл. 2. Сасық бай. Мал жинағаннан басқаны білмейтін, оның қызығын көрмейтін сараң бай. 3. Сасық кеуде. Адамдығы жоқ, қара ниет, арам.

Ә. Хасенов көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс, жақындық бар екендігін айтады: “Полисемияны сөздің семантикалық варианты деп те атайды. Полисемияға жататын сөздердің мағыналары арасында мағыналық байланыс, жақындық болады. Мәселен, ауыз, бас, голово, стол, муж сөздері мағыналарының арасында үзілмеген желі, мағыналық жақындық, ортақтық, сайып келгенде ауыз, бас, голово, стол, муж сөздердің негізгі, тура, номинативті мағыналарынан шығады; басқа мағыналарының сыры бұл сөздерді бастапқы, негізгі мағыналарымен салыстыра қарағанда айқындала, дәлелдене түсіп, түсінікті болады. Мағыналық жақындық, ортақтықтың болуы-болмауы - бір сөзді полисемияға жатқызу немесе жатқызбау үшін басты шартты критерии” [1, 134 б.]. Демек, сасық сөзінің бастапқы мағынасынан көп мағыналық өрбіп, осы сөздің бір мағынасынан сасық дисфемизмі пайда болып тұр. Бұл көп мағыналы сөздерден жасалған дисфемизмдердің бәріне ортақ қасиет.

Белгілі лингвист Б. Қасым көп мағыналық жөнінде: “Қазақ лексикасында бұрыннан қолданылып келе жатқан лексикалар сол бұрынғы лексикалық тура мағынасында қалып қоймай, олар өмірдің сұранысы мен қажетілігіне қарай жаңа мағыналық сипат алып, жаңа мағынада қолданылып, жаңа сөз тудыру үрдісіне қатысып отырады. Кез келген лексикалық бірлік өзінің табиғаты тұрғысынан көп мағыналыққа бейім келеді. Сөз мағыналары семантика танымның белгілі заңдылықтары бойынша қалыптасады. Оның бастылары: а) ұқсату заңы: түр, түс, пішін, көлем, ішкі-сыртқы белгілері, мекен орны, түрлі ерекшеліктері, қасиеттері, қолданысы; ә) қолданыстық қызметі заңы; б) бөлшектің бүтінге айналу заңы; в) мағыналардың кеңеюі мен таруы деген секілді заңдылықтардың негізінде жүзеге асатындығы тіл ғылымында бар құбылыстар. Ол - зат пен құбылысқа бекітілген белгілердің көп жағдайда, басқа да зат пен құбылыстарға кейбір белгілері туындайтын құбылыс! [69, 73 б.]. Әрине, бұл пікір дисфемизмдерге тікелей қатысты. Егер жоғарыда ғалым атап өткен тіл біліміндегі заңдылықтар болмаса, дисфемизмдерде болмас еді. Дисфемизмдер санамаланған заңдылықтардың негізінде қалыптасады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде шірік сөзінің үш түрлі мағынасы барлығы көрсетілген. 1. Әбден бұзылып, шіріп кеткен. 2. Ауыс. Ескірген, тозған (салт, әдет). 3. Ауыс. Намыссыз, ер, былжыр (адам) (ҚТТС, 10 т., 70). Осы мысалдардағы сөздер көп мағыналық қатар түзгені анық. Мұндағы бірінші шірікпен екінші шірік сөзі сырт қарағанда ұқсас болғанмен, ішкі мағыналық жағынан өзгеше, жаңа мағынаға ие болған. Алғашқы атау кейін болған атауға ортақ мағына - бір нәрсенің бүлінуі, шіруі. Осының негізінде шірік дисфемизмі қалыптасқан. Мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет