«Математика» пәнін оқытудағы белсенді оқу әдістері


Ондық бөлшектер разрядтарының кестесі



бет3/9
Дата18.05.2022
өлшемі1,05 Mb.
#34939
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ондық бөлшектер разрядтарының кестесі

Бүтін бөліктің разрядтары

Бөлшек бөлігінің разрядтары

Разрядтар

Мыңдық
тар

жүздіктер

ондықтар

бірліктер

,

Ондық үлес

Жүздік үлес

Мыңдық үлес

Онмыңдық үлес

жүзыңдық үлес

122,175

1

2

2

,

1

7

5

76,907

40 ,55

65 ,0003

Тапсырма:
1).Берілген ондық бөлшектерді кестеге толтырыңдар;
2). 5,6932саны берiлген. Осы санның 1) жүздiк үлес; 2) он мыңдық үлес; разрядында қандай цифр жазылған?
3). 65,007 саны берiлген. Осы санның 1) ондық үлес; 2) мыңдық үлес разрядында қандай цифр жазылған?
-Түсіндіру жəне сипаттау: Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру: мысалы, математикадан есептеу тəсілін баяндау жəне бұл неліктен осылай шығатынын түсіндіріп, математикалық терминнің, таңбаның немесе шартты белгілеу жүйесінің мəнін беру, жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару жолдарын түсіндіру.
3
«Түйінді сәттер» әдісі
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша
тапсырмаларды оқушылар орындағанда
оқып жатқан тақырыптың түйінді сәттерін
түсінуге және дамытуға әкелетін әдіс.
«Екеуі үйде, біреуі қонақта» әдісі Мақсаты: оқушыларға тақырыпты өздері түсініп оқуы және топ ішінде талқылап, басқаларға түсіндіре алуы.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауда
1-тапсырманы әр оқушы жекелей,
2 тапсырманы жұпта, 3 тапсырманы топта орындай отырып, үлгерімі төмен оқушылардың қажеттіліктерін ескереді.
-Сұрақ қою жəне талқылау: Барлық оқушылардың қатысып отырғанына көз жеткізу үшін сұрақ қою тəсілі сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес келетін жолдармен жүзеге асырылуы тиіс (қажет болған жағдайда, құрылғылардың, калькулятордың көмегімен немесе өзара қарым- қатынас арқылы, белгілер мен таңбаларды қолдану арқылы); шебер ойластырылған, өңделген жəне мақсатқа бағдарланған ашық жəне жабық сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан əртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізуге болады; түсініктеме беруін сұрап; оқушылардың жауап берудің алдында ойлануына уақыт беру керек; оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін сындарлы əрекет ету; оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу.
4
«Конверт – сұрақ» әдісі
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз
(оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда
өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт
дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут
беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын
жазады; екі минут өткен соң конверт келесі
оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа
барлығы жауап бергенше жүре береді.
Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты
дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан);
сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты
дұрыс болғанын талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет