Материалдар кедергісі – конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа зерттейтін ғылым



бет5/16
Дата07.09.2023
өлшемі4,24 Mb.
#106491
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қос күш – шамалары тең, бағыттары, қарама қарсы және әсер ету сызықтары бір түзудің бойында жатпайтын параллель күштер жүйесі. Қос күш тең әсер етуші күшке келтірілмейді. Қос күш әсерінен дене айналысқа келтіріледі. Қос күш орналасқан жазықтықты қос күш әсер жазықтығы, ал қос күштің әсер ету сызықтарының арасындағы ең қысқа қашықтық h қос күш иіні деп аталады.
  • Жазықтағы қос күш моментідеп оң не теріс таңбамен алынған қос күштің кез-келген күш модулі мен қос күш иіні көбейтіндісіне тең скаляр шаманы айтады .
    • A
    • Fd
    • Fb
    • a
    • F
    • b
    • a
    • F
    • F
    • F
    • M
    • A
    • )
    • (
    • )
    • ,
    • (
    • ҚОС КҮШ ТЕОРЕМАЛАРЫ
    • Қос күшті қос күш әсер жазықтығында жылжыту туралы – қос күшті өзінің әсер жазықтығының кез-келген нүктесіне тасымалдауға болады.
    • Қос күш эквивалентілігі туралы – егер екі қос күш моменттерінің алгебралық қосындысы тең болса, онда бір қос күшті екінші қос күшпен алмастыруға болады
    • Жазықтықтағы қос күштерді қосу туралы – қос күш системасын бір қос күшке алмастыруға болады, оның моменті берілген қос күш системасының моменттерінің алгебралық қосындысы тең болса
    • Қос күш тепе-теңдік шарты-
    • Берілген центрге (нүктеге) күшті келтіру (Пуансо тәсілі) – Дененің кез келген нүктесіне түсірілген күшті шамасы мен бағыты дәл өзіндей дененің басқа бір А нүктесіне түсірілген күшке және моменті берілген күштің А нүктесіне қатысты моментіне тең қос күшке келтіруге болады.
    • А нүктесіне мәндері өзара бірдей, берілген күштің шамасына тең, бағыттары бір түзудің бойында қарама-қарсы бағытталған, берілген кұшке параллель екі күшті қосамыз:
    • A
    • Берілген күш пен қарама-қарсы бағытталған қосылған күштің біреуі қос күшті құрайды.
    • Осы қос күш момент шамасы келтірілген центрге қатысты берілген күштің моментіне тең болады.
    • Жанақталатын күштер системасы келтіру центріне түсірілген бір күшке келтіріледі. Қос күштер системасы келтіру центріне қатысты берілген күштердің моментерінің алгебралық қосындысына тең, бір қос күш моментіне келтіріледі.
    • Кез келген жазық күштер системасын центрге келтіру - жазықтықтағы кез-келген нүктені алып, Пуансо тәсілімен әр күшті осы нүктеге тасымалдаймыз. Берілген кез-келген системасы орнына жанақталатын күштер системасы мен қос күштер системасын аламыз
    • A
    • A
    • Жалпы жағдайда кез-келген жазық күштер системасы бір бас векторге және бір бас моментке келтіріледі:
    • Кез-келген жазық күштер системасының тепе-теңдік шарттары:
    • Тепе-теңдік теңдерлер (I түрі) :
    • Тепе-теңдік теңдерлерін
    • (II не III) құрғанда х өсіне (AB перпендикуляр емес) және С нүктесіне (AB түзуінде жатпайды) шарт қойылады
    • Тепе-теңдік теңдерлер (II түрі) :
    • Тепе-теңдік теңдерлер (III түрі) :
    • МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ: НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ. НЕГІЗГІ ГИПОТЕЗАЛАР. ДЕНЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
    • Беріктік дегеніміз дененің немесе конструкция элементінің сыртқы күш әсеріне сынбай, қирамай қарсыласу қабілеті.
    • Қатаңдық дегеніміз дененің деформацияға қарсыласу қабілеті.
    • Орнықтылық дегеніміз дененің сыртқы күш әсеріне өзінің тепе-теңдігін жоғалтпай қарсыласу қабілеті
    • МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ МАҚСАТЫ салмағы жағынан жеңіл, қатаңдығы мен беріктігі жоғары, өзі арзан конструкциялардың жобасын есептеу болып табылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет