Мазмұны Кіріспе Халықаралық құқықтағы даулар


Ізгі қызмет пен делдалдық



бет4/7
Дата03.11.2022
өлшемі23,75 Kb.
#47312
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Ізгі қызмет пен делдалдық
Ізгі қызмет пен делдалдықты (немесе медиацияны) пайдалану дегеніміз – үшінші тараптың араласып, дауласаушы тараптарды келісімге, мәмілеге келуге шақыруы. Бұл жердегі үшінші тараптың рөлінде жеке тұлға немесе бір топ жеке тұлға, тұтас мемлекет немесе мемлекеттер тобы, әлде халықаралық ұйым болуы да мүмкін.
Ізгі қызмет пен делдалдықтың арбитраж бен сот процестерінен айырмашылығы – тараптардың дау бойынша белгілі бір мерзім ішінде келісімге келуі талап етіледі. Сондай-ақ дауды шешудің нормаларын таңдауға еркіндік беріледі. Ізгі қызметте үшінші тарап дауласушы тараптарды келіссөз жүргізу барысында әсер етуге тырысса, делдалдықта келіссөзге өзі де белсенді, тікелей араласады. Шындығында, осы екі ұғымның аражігін айыру әдетте қиын. Себебі ондай істер бір-біріне ұқсас келеді. Ізгі қызмет тәсілінің мысалы көп. Мысалы, АҚШ президенті Ресей–Жапон соғысының қорытындысын жасауға көмектескен. Сондай-ақ КСРО 1965 жылы Үндістан мен Пәкістан арасындағы дауды шешуге атсалысты. Ал, Франция 1970 жылдардың басында Парижде АҚШ пен Солтүстік Вьетнам келіссөзін бастауға көмектесті.
Ізгі қызмет көрсетуге кейде БҰҰ Бас хатшысы да араласады. Мысал ретінде 1988 жылы Ауғанстандағы соғысты тоқтатуға қатысты істі атауға болады. 1988 жылғы Женева келісімінде БҰҰ Бас хатшысының ізгі қызмет көрсеткені айтылған. Сондай-ақ Бас хатшы ізгі қызметті аймақтық ұйымдардың басшыларымен бірігіп те жасай алады. БҰҰ Бас хатшысы өзінің Қақтығыстарға жол бермеу туралы 2015 жылғы баяндамасында БҰҰ-ның «ізгі қызметті», алғашқы дипломатиялық және делдалдық жұмыстарды басқаратыны мен осы салада көп жұмыс атқарғаны, тіпті «БҰҰ-ның өзі де осы мақсатта құрылғанын» айтты. Жалпы, БҰҰ мен аймақтық және субаймақтық ұйымдардың делдалдықтағы рөлі уақыт өткен сайын артып келеді. 1899 және 1907 жылғы Гаага конвенцияларында осы екі процесті жүргізудің, яғни делдалдық пен ізгі қызмет көрсетудің бірқатар нормалары келтірілген. Бұл конвенцияларда шартқа қатысушы тараптар тіпті соғыс кезінде де ізгі қызмет көрсете алатыны және делдал бола алатыны айтылған. Олардың осы құқықтарды жүзеге асыруын дауласушы тараптар дұшпандық ниетке баламауға тиіс. Сонымен қатар бұл екі процесс те міндетті еместігі атап көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет