«Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады
«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған
«Неге? Неге? Неге?» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.
«Әңгімеге негізделген жазу»
Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.
Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам
Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
Шақыру қағазы
Оқушылар мазмұны кеш, туған күн немесе басқа да мерекелер туралы айтылған әңгімені тыңдағаннан кейін шақыру қағазын жазады.
Хат
Оқушылар әңгіме кейіпкерінің атынан хат жазады.
Ашықхат
Оқушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.
e-mail
Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.
«Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.
Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.
«Бағдаршам»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: |