Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
Үй жұмысын сұрау.
Ой сергек:
Оқушылар екіге бөлініп, бір – біріне қарама –қарсы тұрады. Артқа қарап тұрған оқушыға алдында тұрған оқушы сөздерді жұмбақтап айтады. Бірақ сөз атап айтпайды. Әр жұп бір сөзді ғана жасырады. Қарсы тұрған оқушы артына қарамай жұбының жасырған сөзін табу керек. Мысалы: мындай сөздер: Отан, ауыл, ағаш, үй, қазақ үй, әже, сиыр, қой.
(Оқушылар қызыл,көк,жасыл қағазға жазылған әріптерді түстеріне қарай құрастырғанда,сөз шығады.Сол сөз топтың атауы)
1-топ: «Елім»
2-топ: «Жерім»
3-топ: «Өлкем»
-Жаңа тараумен танысамыз:: « Менің туған өлкем!»
Жаңа сабақ Ситуация туғызу
-Өткен бір сабағымызда «Қартқожа» туралы әңгіме оқыдық.Сол Қартқожа туралы жазған кім еді?
-Кәне,ойланайық!
-Сол жазушы туралы білетіндерімізді қағаз бетіне түсіріп,пікір ағашын толтырайық.
Не білесің? айдары «Пікір ағашы»
ақын
ағартушы - ұстаз
сыншы
жазушы
аудармашы
Есіңе сақта! Автор туралы толығырақ түсінік беру Жүсіпбек Аймауытов
ХХ ғасырдағы қазақтың аса көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын қорына көркем шығармалар қосқан сан қырлы дарынды ақын 1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бірнеше газеттерде редакторлық қызмет атқарған. Көркем проза шебері. Жүсіпбек Аймауытов әңгімелер, күрделі шығармалар жазған ақын. Әкесінің шын аты - Оймауыт. Ж. Аймауытов әдеби шығармашылығын өлең жазудан бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеңдері күнделікті баспасөз бетінде сақталған.
-Енді балалар,сол Қартқожаның туған жері туралы білгілерің келе ме?
Олай болса, әңгімеге құлақ сал!
Тыңдалым
Жүсіпбек Аймауытов «Қарқожаның туған жері» атты шығармасын тыңдау.