Мазмұны кіріспе і–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық негіздері
курстық жұмыс Аяжан
Қорытынды. Біздің заманымызда, яғни ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамуы барысында ғаламдану процесі жүруде. Осыған сәйкес педагогтар қауымының алдында мемлекеттік бүкілхалықтық маңызды істердің бірі – қандай жағдайда оқушылардың оқуға деген ынта – жігерін күшейтіп, ақыл – ой әрекетіндегі белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын арттыруға болады деген мәселе. Қазіргі таңдағы басты мәселе – жастарды біліммен қаруланған жанды тұлға ғана емес, ақыл – парасатты, кісілігі мол зиялы азамат етіп тәрбиелеу. Сонда ғана адам ойынан туындаған өнер туындылары (техника, медицина, биология, химия т.б. салалардағы) адам игілігіне пайдаланылмақ. Міне, сондықтан қазіргі кезде білім беруде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру – білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Бұл мәселені шешу психология мен педагогикадан жүйелі зерттеу жұмысын жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың теориялық зерттелу тарихы мен тәжірибеде жүзеге асырылу барысы жөніндегі ой – пікірлер қазіргі кездегі педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің ашқан жаңалығы емес. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қызығушылығын арттыру басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолында олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - әр мектептің міндеті. Сол себепті білім мазмұнын, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін пәнаралық байланыс, оқушылардың өзіндік танымдық қызығушылығын арттыруға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Менің зерттеуім таным процестері негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін көрсету мен қалыптастыру және дамыту жолдары жайындағы мәселесіне арналған. Көптеген психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе және біздің тәжірибе жұмыстарымыздың нәтижесіне сүйене отырып, жас ұрпақтың танымдық қызығушылығын арттырудың маңызы зор деп есептеймін. Баланың танымдық қызығушылығын арттыруда олардың таным процестерінің маңызы зор. Танымдық қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін және дамытудың жолдарын пайдаланудың нәтижелерінде баланың өзіндік қасиеттерін, талабын, ойлау қабілетін анықтап, олардың дамуына ұстаз зор ықпал етуі керек. Танымдық қызығушылықты арттыру мақсатында сабақтарды әр түрлі ойындар арқылы ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеуші ғалымдардың құнды ой – пікірлерін өз жұмысымда басты назарда ұстай келе және тәжірибе барысындағы нәтижелерін сараптай отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыруға болады және жаңартылған білім беру негізінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алу керек деген қорытындыға келдім. жүктеу/скачать 244,48 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |