Мазмұны кіріспе Негізгі бөлім


Мотивациялық саладағы оқуға деген қатынас



бет9/11
Дата18.12.2022
өлшемі30,55 Kb.
#57884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мотивациялық саладағы оқуға деген қатынас 
Мектеп оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оған деген қатынасының сипаты маңызды. Мысалы, А.К. Маркова қатынастардың үш түрін анықтай отырып – теріс, бейтарап және жағымды қатынастар, оқушының оқу үрдісіне араласуы негізінде соңғы қатынастың нақты саралап жіктелінуін келтіреді. Бұл мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды. Автор оқуға деген жағымды қатынасты төмендегідей бөледі: а) жағымды, айқын емес, белсенді, мектеп оқушысынң оқуға кірісуге дайындығын білдіретін; б) жағымды, белсенді, танымдық, в) оқушының қарым-қатынас субъекті ретінде, тұлға және қоғам мүшесі ретінде араласуын білдіретін жағымды, белсенді, тұлғалық-әуестік; басқаша айтқанда, оқу іс-әрекеті субъектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп компонентті емес, сондай-ақ әртекті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте қиын екеніне көз жеткізеді.
Ақыл-ой дамуы мен түрткінің байланысы
Оқу мотивациясы проблемасын зерттеуде оқушылардың ақыл-ойы дамуының деңгейі мен олардың мотивациялық саласының мотивация-ларының қалыптасуы, дамуы арасындағы байланыс атап өтіледі. Мысалы, кіші мектеп жасындағы оқушыларды зерттеу материалдары негізінде М.В. Матюхина олардың психикалық дамуы үрдісінде мотивация дамитынын атап көрсетеді. Бұл «ақыл-ой дамуының жоғарғы бастапқы деңгейі, бір жағынан, бала мотивациясының бастапқы деңгейінің жүзеге асуының аса маңызды шарты болса, келесі жағынан – оқу іс-әрекеті процесінде жағымды мотивацияның қалыптасуының шарты болып табылады» деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл жерде ақыл-ой дамуының жоғарғы деңгейі мен қалыптасып келе жатқан жағымды мотивациялық беталыстыр арасында тікелей байланыс орнатылады, және керісінше. Сонымен бірге, оқу іс-әрекетінің алғышарты болып табылатын мотивация мен жоғары және орташа мотивациялы балаларды оқытудың табыстылығы арасында тәуелдік айқындалды. 
Мақсатты ұйғару және мотивация
Сондай-ақ, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін аса маңызды оқу іс-әрекетінің мақсатын ұйғаруды өзгерту арқылы мотивацияны қалып-тастыру мүмкіндігі және өнімділігі жайлы жағдай да бекітілді. А.К. Маркова жетекшілігімен орындалған Т.И. Лях пен О.А. Чувалованың зерттеулерінде жеткіншектерде тұлғалық-мәнді мағына құраушы мотив қалыптастырылуы мүмкіндігі және осы процесс оның мінездемесінің қалыптасуының белгілі бір кезектілігінде жүзеге асатыны атап көрсе-тілнеді. Авторлардың айтуынша, алдымен оқу-танымдық түрткі атқарыла бастайды, содан кейін үстемдеуші бола бастайды және дербестікке жетеді, содан кейін барып қана сезіледі, яғни бірінші шарт оқу іс-әрекетінің өзінің жетілуі, ұйымдасуы. Бұл жерде мотивацияның өзінің әрекеттігі О.А. Чувалова көрсеткендей, іс-әрекет нәтижесі емес тәсілдерге бағытталған кезде артығырақ қалыптасады. Сонымен бірге, мотивация-ның бұл сипаттамасы түрлі жас кезеңдерінде оқу жағдайының сипатына және мұғалімнің бақылауының қатаңдығына байланысты түрліше көрінеді. Мысалы, оқушы неғұрлым кіші болса әрекеттегі мотивацияның оқу жағдайының сипаты мен мұғалімнің бақылауының қатаңдығына тәуелділігі, танымдық мотивацияның бірінші сатысы ретінде әрекеттігі қалыптасуының жағдайдың міндеттілігі мен мұғалімнің қадағалауынан тәуелдігі тығыс болады. Жалпы мектеп оқушыларының оқу мотива-циясын зерттеу оның өз-өзінен қалыптасуының, оның тек іс-әрекет тәсіліне ғана (оның нәтижесіне емес) бағдарланған жастық ерекшеліктерді есепке ала отырып мақсатты түрде сатылап дамуының принципиалды мүмкіндіктерінің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет