«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 АЙТОЛДЫНЫҢ КҮНТУДЫ ЕЛІККЕ ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет25/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   247
13. АЙТОЛДЫНЫҢ КҮНТУДЫ ЕЛІККЕ ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛУІ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Айтолды атты бар еді бір ер кісі, 



 

Даңқын естіп, келді елбасын көргісі.

 

Жігіт еді жаны жомарт, жұғымды, 



 

Көңілі зерек, ақылды, ойлы, ұғымды.

 

Көрікті еді, көз қарығар түрінен, 



 

Сөзі майда, шындық тамған тілінен.

465    Күллі өнердің бəрін түгел үйреніп, 

 

Жүрген ер-ді өнерді еркін игеріп.



* * *

 

Бірде өзін-өзі сөгіп қамыққан:



 

Өнерім — мың, қалдым оқшау халықтан!

 

Неге мұнда бекер жүріп қурайын, 



 

Күнтудыға барып қызмет қылайын!

 

Соған болсын күллі өнер, еңбегім, 



 

Қайыры — оның, тисін менің көмегім,

 

(Білгендерім ел ісіне жарасын, 



 

Сергиін мен, буған бейнет тарасын.)

 

Ақылды бек мейірімді, білікті, 



 

Шетке қақпас білімді, есті жігітті.




 98

470    Ой сырына тек ақылды қанады, 

 

Білім сатса — тек білімді алады.



 

(Ақылды ұғар, білсе ақыл қадірін, 

 

Білікті алар, сатса білік ғалымың!)



 

Шайыр сөзі мұны терең меңзепті, 

 

Ұшқыр сөзбен тілін безеп, тербепті:



 

«Білім құнын біліктілер біледі, 

 

Ақыл мəнін білікті ұғып жүреді.



 

Қайдан білсін надан білім бағасын, 

 

Қайда болсын, білімді алар алғасын!»



 

(Білімдінің атын білер — білікті, 

 

Білім жайлы біліксіз не біліпті?



 

Білік құнын білген ғана ұғады, 

 

Гауһар сынын зергер ғана ұғады!)



* * *

 

Атты ерттетіп, қолын созды тонына, 



 

Бұрдым, — деді, — бетті қызмет жолына.

475    Алып керек-жарақтарын, тұрды да, 

 

Елбасына жүзін бұрды бұл дана. 



 * * *

 

Жəне айтты: Мұнан тұрып барармын, 



 

Хан ісіне өзімді бек салармын.

 

Бөтен жерде керек азық, мал даяр — 



 

Қолым қысқа болса, жүзім сарғаяр.

 

(Ғаріптік жерде болу керек мал-жайың, 



 

Олар бітсе, семер жүзің сарғайып.)

 

 

Ал ғаріптік ерге қатты батады, 



 

Ғаріптіктен ердің басы қатады.

 

(Мүсəпірсің, бол дананың данасы,



 

Қырық қадам кеткенде елден, шамасы!)

 

Шүбəсіз мол алтын-күміс керекті, 



 

Қай қашанда қаржы жөні ерек-ті.




 99

480    Білімі теңіз ғұламаға сыр ашқан,

 

Ай, шырайлым, пейіл беріп, құлақ сал:



 

«Қызметке кірмек болса, кімде-кім; 

 

Екі нəрсе қажет, дұрыс білгенің!..



 

Біріншіден, тірлік керек кеселсіз, 

 

Жүзің жайнап, істі баянды етерсіз.



 

Екінші, саф алтын керек, ақылдым, 

 

Өз ісіңде қажетке оны асырғын.



 

Жарар қызмет бұлардан да басқаға, 

 

Оны білсе, қалмас берік қақпа да!



485  Алтын-күміс, тауарларды* тиеді, 

 

Тығырықта, — деді, — себі тиеді.



* * *

 

Сапар ұзақ, асуларды алса да, 



 

Аяңдады, аялдады қаншама...

 

(Үйден шығып, жолға түсіп жөнелді, 



 

Біраз жүрді, біраз шаршап-бөгелді.)

 

Келіп жетті Елік тұрған ордаға, 



 

Ақыл-ділі күткен тілек орнына.

 

Кентке кіріп, түсер жайды көрді ойлап, 



 

Түсер жер жоқ, дүние тар, көрдей  нақ.

 

Мүсəпірлер үйін тапты. Түнерді, 



 

Кешке жатып, сабыр қылып түнеді.

490    Енді естіңіз не дегенін дананың, 

 

Сөзін өрді, түйіп тірлік сабағын:



 

«Жалғыз басқа, кірсе қалың жат елге, 

 

Уайым  көп, жетіп жатыр қатер де.



 

Нақ жетімсің жоқ бір таныс, жайлы жер

 

Ал жетімнің жан серігі — қайғы-шер.



 

Білісі жоқ. Бейне соқыр қамыққан, 

 

Сөкпе адасса, соқыр жолдан — бағыттан.



 

Келсе адам бөтен елге тегінде, 

 

Тілсіз тынар, ұқсап ер де келінге!




 100

495    Жолаушыны мархабатпен қабылда,

 

Ішкіз, жегіз — қан жылысын тамырда.



 

Жатты күткен жанның көзі ашылар, 

 

Мүсəпірдің сөзі нұрдай шашырар.



 

Қай жерде де болсын таныс-білісің 

 

Қалмас сонда орындалмай бір ісің!



 

(Барлық жерде біліс керек кісіге, 

 

Біліспенен бітер күллі ісі де!)»



 

Айтолды да кешіп қиын жағдайды, 

 

Ғаріптіктен мұңайды, өңі сарғайды.



 

Адамдардан таныс тапты, сырласты, 

 

Отау** ұстап, күлді жайнап. Мұң қашты.



500    Достар тапты. Жанға жақын балады, 

 

Құрметтеді ініні де, ағаны...



 

(Жолдас-жора тауып, тартты ішіне, 

 

Жүзін ашық ұстады үлкен, кішіге.)



 

Бір атақты ермен дос боп, сеністі, 

 

Кеңесті де, Айтолды сыр бөлісті.



 

Адаш тұтты Айтолды ерді түсі игі, 

 

Есімі оның Көсеміш-ті, ісі ізгі.



 

(Ісі игі ер, Көсеміш ол, ақылды, 

 

Бауыр  тартқан алысты да, жақынды.)



 

Айтолды оған ашты көңіл сөздерін, 

 

Тілегі не, не үшін жаһан кезгенін.



 

Туған елден мұнда не үшін келгенін, 

 

Айтып берді барлық сезген, білгенін.



* * *

505    Елікке жақын бір хас хажыб бар еді, 

 

Есімі — Ерсік, Елікке сай жан еді.



 

Ал Көсеміш соған барды бір күні  —

 

Сөз сөйледі, сыр айтпағын білдіріп...



 

Хажыб оның əрбір сөзін аңдады, 

 

Тілегі не? Сұрап, естіп, талғады.




 101

 

(Айт, — деді Ерсік, — ниетіңді жасырмай, 



 

Тұнсын ойың, күміс тұма тасындай.)

 

Көсеміш те айтты күллі білгенін, 



 

Кім екенін, неге келіп жүргенін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет