«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 КІТАПҚА АТ ҚОЙЫЛУЫ ЖƏНЕ ҚАРТТЫҚ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет23/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   247
11. КІТАПҚА АТ ҚОЙЫЛУЫ ЖƏНЕ ҚАРТТЫҚ ТУРАЛЫ 

АЙТАДЫ

350    Кітап атын  «Құтадғу біліг» қойдым — 

 

Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың.



 

Жазған кітап, сөйлеген сөздеріммен, 

 

Екі дүниені ұстауды көздедім мен.




 90

 

Көрген адам қызығын қос жалғанның, 



 

Бақытты жан сөзімде жоқ жалғандық.

 

Күнтуды хан деп бастадым сөзімді, 



 

Соның жөнін айтайын деп ей, ізгі!

 

Айтолдыны жыр еттім — мархаббатты, 



 

Нұрын төккен бақыттың, шапағаттың.

355    Бұл Күнтуды — түп-түзу заңның өзі,

 

Ал Айтолды  — бақыт һəм құттың көзі.



 

Заты — Ақыл, бастайтын ұлылыққа, 

 

Аты Өгдүлміш сөйледім мұны жұртқа.



 

(Ақыл жасар ғажайып, ғаламатты, 

 

Ақыл деген көктетер азаматты!)



 

Одғұрмышты сөз еттім тағы да мен, 

 

Ақыбет* деп ат қойдым мағынамен.



 

Тіліме төрт нəрсені тиек еттім, 

 

Көз ашылар, көңіліңе түйе кеткін.



 

Жақсы жігіт, сүйсінткен сүйініш күй, 

 

Сөзімді зия қылмай, көңілге түй!



360    Қатулан, əділдіктен таймасын жол,

 

Қор қылмай, жігіттіктің пайдасын көр.



 

Қадірін біл, жігіттік кетер тастап, 

 

Қанша қапсыр, бұл тірлік түбі қашпақ.



 

Барында жігіттіктің күші бойда, 

 

Қор қылмай, ибадат ет, пейіл қой да!



 

Жігіттік опындырып жандым, күйдім, 

 

Өкініштен пайда жоқ, сөзді тидым.



 

Асқан адам қырықтың қырқасынан, 

 

Айырылар жастық шақ сырласынан.



 

 

(Қырықтан өтсе кімнің тірлік жылы, 



 

Жігітшілік қош айтар білгін, мұны.)

365    Елу жасым мені де құрсауға алды,

 

Қарға түстес басымды қырау шалды.




 91

 

«Кел! Кел!» — деп, шақырды үні алпыс жастың,



 

Жолымда ажал жатпаса, тартынбаспын!

 

Алпысты ассаң  —  шілденің аптабынан



 

Аттадым де қысқы аяз қақпанына.

 

Елу отыз жиғанды кері алады, 



 

Алпыс қолын тигізсе, нең қалады?!

 

Ей, елу, менде қалған өшің бар ма? 



 

Етек-жеңді жұлмалап есімді алма!

370    Жас кезде у ішсем де шырын еді, 

 

У қылды ішкен асты бүгін енді.



 

Жебедей ем, көңілім садақтай-тын, 

 

Көңілім — оқтай, енді өзім садақтаймын.



 

(Бой жебедей, көңіл еді садақтай, 

 

Көңіл — жебе, бойым енді садақтай!)



 

Алды қарттық бергенін жігіттіктің, 

 

Саған да келер кəрін тігіп бір күн.



 

Тұтқын болдым ай, жылға, шектім жапа, 

 

Ай, жанашыр, ал келіп, қылма қапа!



 

Кісенсіз-ақ шалынып жүре алмаймын, 

 

Көзім нұры түнерді, көре алмаймын.



375    Кетті шаттық, лəззаттың түні балды, 

 

Жігіттіктің оты өшіп, күлі қалды.



 

Мойынсұнған, қария, ажалыңа, 

 

Жоқта өткенді, өкін, күй азабыңа.



 

Өткен — өтті... Жыла, өкін... Бəрібір, құл: 

 

Енді қалған аз күннің қадірін біл!



 

О, ием, мəңгі тірі, қайғы-мұңсыз, 

 

Тəуелді еттің ажалға қайырымсыз.



 

Дұғам бұл сөз — тілегім, жұбанышым, 

 

Ұзартқын бұл дүние қуанышын.



380    Бұл сөзімді дəт тілеп бастап едім, 

 

Тамамдауға медет бер, қоштап  ием!




 92

 

Жырла тілім жаратқан қасиетін, 



 

Қуат берген, жолатпай қасіретін.

 

Таңдады да жаратты, жандым еріп, 



 

Түзу жолға бастады, сабыр беріп.

 

Түнекте едім, түнімді сөкті барып, 



 

Зұлматта едім, күн  нұрын төкті жарық.

 

Адасқан бір пенде едім, жөн сілтеді — 



 

Сақтамаса, өртейтін өрттің селі.

 

(Азып жүрген едім мен, нұсқады жол, 



 

Отқа түсер едім, тек ұстады ол.)

385    Сайлап, таңдап, еңсемді биіктетті,

 

Азған жолдан құтқарды, күйік кетті.



 

Көкірегімде шындықтың шамын  жақты, 

 

Тіл безесем сөздерім жалын шашты.



 

Көңіл берді,  көз, ақыл, білім берді, 

 

Сөз айтуға сайратты тілімді енді.



 

Оңға бастар пайғамбар үмбетімін, 

 

Сүйініп сол, жар болғай, бірге ділім.



 

Мұның бəрі иемнің мейірімі, 

 

Мендей құлға түскені пейілінің.



390    Шүкірлікті мен қалай өтер екем,

 

Тірі болсам, ай-жылдар жете ме екен.



 

Біл, иллəһə! Күнəмді бір сен енді, 

 

Саған ғана ашамын мұң-шерімді.



 

Саған шүкір ете алмай егілемін, 

 

Шүкір қылғай мен үшін өзіңе өзің!



 

Түзу бастап, ақ жолды кеспегейсің, 

 

Иман тонын үстімнен шешпегейсің.



 

Шығарда бұл тəнімнен жаным менің, 

 

Шахадатпен* үзілсін соңғы демім.



395    Қара жердің астында қалсам жалғыз, 

 

Рахмет  нұрын  саулатып  маған  жауғыз!




 93

 

Құлшылықсыз құлыңмын жазығым көп, 



 

Кешір өзің, мейірім, фазылыңмен!»

 

Момындардың жарылқап түгел бəрін, 



 

Бақилықтың білдіргін бүгін   мəнін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет