«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Хажыбтың Айтолдыға жауабы



Pdf көрінісі
бет28/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   247
Хажыбтың Айтолдыға жауабы

 

Айтолдыға берді Хажыб жауабын: 



 

«Маған сенгін, шағылмасын тауаның.

 

Мен Елікке айтайын бұл сөзіңді, 



 

Тілегің не, таныстырып өзіңді.

 

Бұл сөздерді Елікке енді айтайын, 



 

Жүздесетін күнін естіп қайтайын.

540    Сені білсін, сонсоң көрсін өңіңді,

 

Қор тұтпасын, қадір тұтсын өзіңді.



 

Керегіңше көмектесіп тұрамын, 

 

Бар ісіңді сүйінішпен қыламын.



* * *

 

Талай жақсы сөзді тілі сайрады, 



 

«Істейін!» — деп, белін қатты байлады.




 104

 

Қайырымды, ізгі кісі көгерер, 



 

Ізгі кісі — халық жүгін көтерер!

 

Не дейді ер, тыңда, елді басқарған, 



 

Күллі істі көріп қанып атқарған:

545   «Кімнің бағы асса, игеріп ел ішін, 

 

Кілең ізгі заң жасасын ел үшін,



 

Кімнің қолы ұзын болса жұртына, 

 

Түзу, сынық болсын қылық, құлқы да!



 

Кімнің сөзі болса өтімді еліне, 

 

Тілі шырын, болсын жылы өңі де.



 

Опасыз бақ желпінтеді, бұзады, 

 

Тиянақсыз  — тозады һəм озады».



 

Құтқа иланба, ізгілік қып жүргейсің: 

 

Бүгін мұнда ол, ертең — онда, білгейсің!



550     Құт иесі! Қуанба құр, сорың ең  —

 

Келген бақыт қайтар келген жолымен!..



 

Құт  иесі! Ізгі дəулет құтпенен, 

 

Тұрам десең, тұрғын ізгілікпенен!



 

Ұлық, бектік тисе, ұстанып жақсы атты —

 

Кісі алдында кішілікті мақсат қыл!



 

(Бақ иесі! Қимасаң құт-ырысты, 

 

Жақсылықпен шығысқаның дұрыс-ты...



 

Қонған құтты көтере алмай, қинасаң, 

 

Көзіңді ашып, құлқыныңды тыймасаң.



 

Мүмкін, ұлы-ақ, мүмкін, күшті-ақ шығарсың, 

 

Қас қағымда-ақ қара тастай құларсың!)»



 

Бақытты бол! — деді Хажыб,— сен бүгін, 

 

Байлап алдың құттың кемер белдігін,



 

Əр істің өз сəті келер, саспағын, 

 

Сəті келсе, есік қалмас ашпаған!



555     Бар мынадай білікті ой, терең сөз, 

 

Білікті сөз — түгел түзу, берен  сөз:




 105

 

«Қай істе де аптыққандар кеш қалар, 



 

Асықтырған іс — өкініш, еш болар!»

 

(Қай істе де асыққан жан жай қалар, 



 

Асыққан іс күйінішке айналар!)

 

Абдырамай əр ісіңнің сəтін бақ, 



 

Ай, бек, ісің табар бабын сəтінде-ақ!

 

(Еш уақытта саспа, асылық ойлама, 



 

Бітер істің толғағы бар, ей,  дана!)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет