«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

Қорықпасаң, аттан түс,

Сырласайын мен енді.

Өлтіргені Мамайдың

Өзінің жиен туғаны.

Мамайдың қылар ісі емес,

Әнжінің рас қылғаны.

2910

2920


2930

2940


208

208


209

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Бағана айттың, Қарасай,

шариғатқа тураны.

Айтқан сөзің ол кезде

Ашуменен қонбады.

Сөздің шыны айтылып,

Көкірегім ойланды.

Ақымақтың бүлік бұл ісі

Мұсылманды жаулатты.

Сөйлетіп көрсем қасымда

Қатым еткен молдамды

Ақыр заман белгісі—

Мұсылман өзі жау болып,

ықпалы кәпір қаулады.

Қуанышта бұл күнде

«Мұсылман өзіне жау болды» деп,

Күншығыстың қалмағы.

Дұшпаннан қорған болатын

Едіге бидің әруағы.

Жеті атаңнан сен едің

Ноғайлының қорғаны.

ұрыса қойсам сенімен,

 Болар еді Құдай жазғаны.

Ойыма түсіп тоқталдым,

Жалғыз барып Орақтың

Азауды өзі бұзғаны.

Түспейсің неге атыңнан,

Жүрегім неге сыздады?!

Түсіріп аттан алдасам,

Әруақтың мені ұрғаны!

Жасауыл қайда, жасқанбай 

Атынан түсір мырзаны?!

Қарасай  қылышын  қынабынан  суырып  тұр  екен.  Жасарал 

мұны айтқан уақытта, ол қылышын қынабына қайта салып, ат-

тан қарғып түсіп, шатырға қарай жүре берді. Жасауылдар жүре 

берді.  Жасауылдар  атының  басын  байлады.  Бұл  шатырдың 

есігінің  алдына  барғанда  Жасарал  Әнжінің  жазған  қар  бойы 

қағазын  алып  қарсы  шықты.  Қарасай  Әнжінің  жазған  хатын 

таныды.


14-310

2950


2960

2970


210

БАТыРлАР  ЖыРы

210

211


Екеуі сол арада құшақтасып дос болды. Қалмаққа аттанса, 

екеуі біріне-бірі хабарласып аттанатын және мұсылманға оқ ат-

пайтын болып уәделесті. Сөйтіп, Жасарал Қалила қарттың үш  

жүз жылқысын Қарасайдың алдына салып берді.

Қарасай елге қайтты. Ол Қалила қарттың жылқыларын ай-

дап, елдің үстінен құлатып жіберді. «Енді Әнжіні өлтірмей, ат-

тан түспеймін!» деп, ауылға шапты. Сол уақытта Әнжі басында 

жаулық, үстінде шұбалма көйлек, қолында былғауышы, тары 

қуырып  жүр  еді.  Қарасайдың  келе  жатқанын  біліп:  «Оның 

ажалының  себебі  неден  болар  екен?»  деп  тырнағына  қараса, 

өз  бетінше  жүріп  өлмесе  ештеңеден  себебі  түспейтіні  білінді. 

«Бұдан  қалай  құтылам?»  деп,  екі  көзі  Қарасайда,  жалтаңдап 

жан-жағына қарап кетіп бара жатып, аяғын бір шөп іліп кетіп, 

сүрініп жығылды.

Өзі  мес  болып  шайқатылып,  антқа  жолығып  жүр  екен. 

Жығылған  жерде  бір  шөп  кіріп,  Әнжі  өліп  қалды.  Тез  басып 

Қарасай  да  келді.  Келсе  екі  үйдің  арасында  Әнжі  етпетінен 

түсіп жатыр. «Бұл өтірік істеп жатыр. Әлі де талай қулық жа-

сар!» деген оймен шауып өлтірейін деп келсе, әлдеқашан жаны 

шығып кетіпті. 

Әнжінің  өлгенін  көрген  соң,  елі  жиылып  келіп:  «Бұл 

Әнжінің  әкесі  Мұса  деген  әулие  адам  еді.  Мұсаның  бөліп  бер-

ген еншісіне Әнжі қайлы болмаған. Сонда әкесі: «Менің тілімді 

алмаған  біреудің  бір  себеппен  жерге  кіресің,  өңменіңнен  шөп 

өтіп  өлесің!»  деп  еді.  Мұның  екі  айтқаны  да  келді»  деп,  сонда 

да  болса  Әнжіні  адамша  жерледі.  Қарасайға  халықтың  көңілі 

бітіп, «жамансынып жүрсек, аталарына ұқсап, ел қорғап адам 

болатын түрі бар екен ғой» деп, еліне салық салып сауын мал, 

мүлік жиып берді.

Қарасай атқа шықты мұнан былай,

Бұл бұрын жүдеу еді жетім бала-ай.

Көп дұшпан ұрыспастан жолдан қайтып,

Абырой берді бұған мырза Құдай!

Жылқысын Қалиланың әкелген соң,

Сыртынан халық мақтады улап-шулай.

Бүлдіріп өмірінше ноғайлыны,

Дүниеде ысмайыл өтті қу, сұмырай.

Ат сатып Сұлтанай би әпергенде,

2980


210

210


211

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Таңқалған Сұлтанайға бүкіл ноғай.

Деп айтты есіткен жұрт Сұлтанайды:

«Жан екен артық туған, нағыз құмай!

Жалданған жарлы үшін Әзірет Әли,

Бұл күнде Сұлтанай би болған сондай!»

Қарасай көп көріп еді жетімдікті,

Ер еді шынжыр атай түпкілікті. 

ықпалы Қарасайдың жүрген заман,

Іздетті Жасаралға кеткен кекті.

Әнжіге қарап жүрмей хат жазғызып,

Бақ қонған Қарасайға сол себепті.

Қысылып жетім бала барғанында,

Халық үшін Сұлтанай да рахым етті.

Қипатша Қызыл атты сонша бағып,

Бағына Қарасайдың кез келіпті.

Кезекпен Қарасайды халық шақырып,

Ардақты халыққа болды басы сыйлы,

Жүр еді жетімдіктен болып шерлі.

Адамдар инабатты ортаға алып,

Құрметпен аралатып танытты елді.

Мінер ат, киер киім, сауар сауын

Халықтан салық салып, дүния жиды.

Осындай ойын, қызықпен ел аралап,

Сайрандап салауатпен бір жыл жүрді.

«Бастырып қырық нарға 

Сұлтанай Қызыл атты алып берді.

Келмейді жатса ұйқы Қарасайға, 

Қаруын қайтарам деп қайсы жерде?»

Бір күні пікір түсті кеуіліне,

Хан қоймақ Сұлтанайдай артық биді.

Бұл істі бітірмек боп көп ұзатпай,

Үйіне Мүсілім ханның арнап келді.

Үйіне Мүсілімнің келгеннен соң,

Сескенді ол жүргізді деп бір кеуілді.

Енді  таныстырып  болған  соң,  үлкендер:  «Атаңның  мұрасы 

еді,  тақтың  еркі  өзіңде»  деп  айтар  деп  еді.  Онымен  ешкімнің 

ісі жоқ. Әркім өз бас пайдасына тарап кетті. Сонан соң қаруын 

беліне байлап Мүсілім ханның ордасының еңсесіне келіп түсті.

2990

3000


3010

212

БАТыРлАР  ЖыРы

212

213


Мүсілім Стамбұл деген қаладан қашып келген жалғыз басты 

ноғай еді. Жалғыз басты болса да, хан болып отырғанының се-

бебі: ноғайдың бел жері Мүсеке мырза деген кісі бар-ды. Мүсілім 

соның жиені болатын. Өзі жуас жігіт. Жуас та болса, елді ұстап 

хан болып отыр.

Екінші  жағынан,  Орақ  пен  Мамайдың  заманында 

Толағай  байдың  Қалипа  деген  қызы  бар  еді.  Қалипа  өзінің 

ақылдылығынан  Ораққа  өкіл  қыз,  Мамайға  қарындас  бол-

ды.  Сөйтіп,  екеуіне  Боғда  деген  қонысты  сұрап  алған.  Төркін 

сыбағаға сол қонысты алып, өмірінше елге салық бермей кетіп 

еді. Қалипа ақылды, сөзге жүйрік адам. Қалипа Мүсілімге тиіп, 

бұл күнде ханым болып отыр.

Сол  өкіл  апасы  Қалипа  бұл  жетім  бала  болып  жүргенде, 

«інім» деп маңдайынан бір сипамаған екен. Оның бержағында, 

Қарасай бір жыл бойы ел аралап жүргенде «апама сәлем берем» 

деп  келмеген.  «Бұлар  кісі  өлтіруден  таймайтын  адамдар  еді» 

деп, енді сол апасы Қарасайға өз алдына бөлек үй тіктірді.

Сөйтіп, Қарасайды жайлап болған соң, апасы киімін иығына 

жамылып  Қарасайдың  үстінен  келіп,  баяғы  сарт  еліндегі 

Ақташаған,  Әли  бидің  қоластында  болып,  қайтадан  «Мамай 

Мәскеуге хан болды» дегенді естіп, ауылына қайта көшіп келіп, 

осы ұлы борсық, Кіші борсық құмдарын жайлап-қыстап жүріп 

Орақ пен Мамайдың тұтқынына түскенінен бері қарай айтып, 

інісіне өкпелеп, толғап жатыр:

—шырағым, жаңа талап сен бір бала-ай,

Көп жасап заман көрдік, өтті талай.

Кеуілім ауырлады келмеген соң,

Ойланып өтіп кеткен бұрынғыны-ай.

шырағым, құлағың сал бұл сөзіме,

Ноғайда руымыз еді тама-ай.

Апаңа сәлем бере бір келмедің,

Сайрандап ел қыдырдың бір жыл ұдай.

Жерінде қызылбастың мекен етіп,

Аралас шиғаменен болған сыбай.

Хан шығып қызылбастан Ақташадай,

Тамаға салды залым көп бұлалай.

Хан болған мұсылманнан би Едіге

Баласы тентек болды Нұрадындай.

3020


212

212


213

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Басында сонан бүлген біздің халық,

Айтылған әрбір жұртқа барша ноғай.

«Мәскеуге әділ Мамай хан болды» деп,

Есітті босқан халық хабарын-ай.

Тепкісі Ақташа хан өткен ноғай

шиғадан қашып көшті бермен қарай.

«Бұрынғы мекеніне жетеміз» деп,

Халық көшті бермен бірі қалмай.

Таманың ел атында ардақтысы,

Қолында дүния көп, төрт түлік сай,

Көше алмай тоғыз үймен сонда қалды,

Мыңғырған малын айдап жүргізе алмай.

шиғада қалған жалғыз мал қия алмай,

Бар шығар есітуің Нәрікбай бай.

Сөйлермін мен сөйлесем арғы жерден,

Көргенім ойға түсіп, оһ дариғай!

Тұқымы хан болған соң Едігенің,

Құмары жетпек болды біздің елдің.

Тырнағы бөтен елдің батқан халық

Жат жұртта Ақташа хан, Әли бидің.

Ақташа, Әли биден қашып көштік,

Қадірін өтіп атамекен, өскен жердің.

Бойына екі Борсық жеткенінде,

Есіттік Әнжі залым бүлдіргенін.

Келе жатқан аңсап халық алдындағы

Ақиқат жұрт есітті бүлінгенін.

Баласы Жаңбыршының екі асыл нар

Жұртына қондыкердің бөлінгенін.

Күніке мен Телағысқа халық көп еріп,

Есіттік Мамай, Орақ кемігенін.

Сонан соң біздің тама ренжіді,

Ойға алып Нұрадындей арғы тегін.

Тоқтады енді көшпей тама халық,

Бұл жерге мақұл көріп кідіргенін.

Ортасы Азияның малға жайлы,

Қос Борсық мекендедік екі шенін.

Халық отыр екі құмда тырна қатар,

Жайықтың сүрікпенен суын татар.

Кең қоныс байтақ жатқан мекендедік,

3030


3040

3050


3060

214

БАТыРлАР  ЖыРы

214

215


Жоқ болды еш дұшпаннан қауіп-қатер.

Адам жоқ әкім болып халық басқарған,

Бұл тама бір жұрт болды бөлек отар.

ұлы жоқ Толағайдың жалғыз қызы,

Бала едік біз сол күнде он үш жасар.

шырағым, апаң болды көп сөйлейтін,

Көргенде жақсы тұқымды көңіл ашар.

Жақсы жоқ, осы күнде халық азығып,

Адам жоқ дуа тиген, бәрі нашар.

Бұл күнде бұл елдегі Сұлтанай би

Жақсыдан үлгі көрген соған ұқсар.

Хан болды мына жездең жуастықтан,

Тек қара, әншейін-ақ орын басар.

Не пайда хан болғанмен, халық азықты,

Басында бұлты болмай дұшпан қашар.

Осындай заман болды, шырағым-ай,

Таң қалды Мамай өліп мына құмда.

Баласы бәйбішенің төртеу еді,

Жоқ болды Әнжі салған ылаңында. 

Кешегі он екіде Айдынды-Имаш

Ақиқат ер болып дер шағында.

Ол күнде Қангерманда оқып жаттың,

Болды ғой бұлан-талай бұяғың да.

Жаббас құл ажалына себеп болып,

Өмірін қысқа қылды Құдайым да.

Неше жыл жер астында оқып Әнжі,

Ілгергі істің білген боларын да.

Мойнына неше адамның қанын жүктеп,

Жете алмай ол да кетті-ау құмарына.

Құдайым өмір берсін абыройлы,

ықпалың жүре берсін ұзағына!

Алдынан Әнжі көрер азабын да,

шамалы көріп кетті азарын да.

Сыртыңнан мен тілектес, Қарасайжан,

Ашылсын мұнан былай таланың да!

Жүрмісің аман-есен, Қарасайжан,

Сөйледім ойға түсіп өткен заман.

Болып еді әкем—Орақ, Мамай—ағам,

Боғданың қоныс беріп алабынан.

3070


3080

3090


3100

214

214


215

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Балқыдым сені көріп бойым еріп,

Болған соң қалған тұқым әне сонан.

Қарасай, топырақ-жасын берсін саған,

Жеткерсін жаратқан Хақ талабыңнан!

Халқыңды қаласаң ал, мін тағыңа,

Мен тақты неге аяймын шырағымнан.

Арғы атаң Едіге би әрі әулие

Тұтпаған мұсылманның шылауынан.

Әулие әрі батыр болса дағы,

Кетпеген Әмір Темір қарауынан.

Бір тізгін, екі қайыс өз қолыңда,

Жездеңді сенен бұрын қара қылған.

Тараттым іштен шерді сөйлеп сөзді,

Айта бер жұмысыңды ойыңа алған.

Апасы  осылайша  әрі  өкпесін,  әрі  өзінің  Қарасайға  қандай 

қатысы бар екенін айта келіп:—Атаң Едіге әулие де, батыр да 

адам  еді.  Сондай  болса  да,  Әмір  Темірдің  қарауынан  шыққан 

жоқ еді,—деді. Бұл «Жездеңнен тақты алмасаң қайтеді?» деген 

ойын астарлап білдіргені болатын.

Енді соған Қарасай жауап берді:

—Жалғыз Алла жаратты

Он сегіз мың ғаламын.

Өзгертпейді жазудан

Не де болса қаламын.

Оның дұрыс, әй, апа,

Мойныма аламын.

Атадан жетім жас қалған,

Үлгі көрмен нұсқадан,

Қайдан іздеп табайын

Атаның дос адамын.

ықпал жүрген уақытта,

Кім дос қылады ертіп,

Халқының білгіш маманын.

Көргенім жоқ бір досты,

Мен де көзім саламын.

Бір адам арнап барған жоқ,

«Жетім» деп көзін салған жоқ,

3110


3120

3130


216

БАТыРлАР  ЖыРы

216

217


Бізбенен ісі болған жоқ,

«Дос» дегенге қалай нанамын?!

Көрмей ме екен дос болса,

Ізінде қалған досының

Біздей болған мен аялын.

Дал болып жүрмін, әй, апа-ай,

Жетімдік кетпей арқамнан.

Жақсы біледі өзіңдей,

Сырымды сырттан байқаған.

Көргенім жоқ теңдікті 

Мына жатқан халқымнан.

Кеше жауға жалғыз кеткенде,

Жауда ажалым жеткенде,

Баратын жан жоқ артымнан.

Жау келе жатыр дегенде,

Неше түрлі сөз болды,

Есітіп жүрдім сыртымнан.

«Осы тұқым құрымай

Бүліншілік кетпейді,—деп,—

Ноғайлының жұртынан!».

Көтере алмай бұл сөзді,

Майысып сүйек балқыған.

Мінуге көлік таба алмай,

Торықты кеулім шалқыған.

Сұлтанай болды бұл елде

Маңдайымнан сипаған.

Қайыра алмай соның  қарымын,

Мен безіп жүрмін ұйқымнан.

Сұлтанайдың қарызын,

Қайырмақ, апа, арманым!

Едігеден сөз қылып,

Тастадың сөздің салмағын.

Темір ханға қараса-ай,

Тентек болып баласы-ай,

Қашырған өзінің әруағын.

ықпалы жүрген уақытта

Аңғысын досын хан қылып,

Тарқатқан ол да арманын.

Көкмойынның баласы

3140


3150

3160


3170

216

216


217

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

шапса озбай қоймайды.

шалқұйрықтың баласы

Артқан жүкке талмайды.

Ақсұңқар құстың баласы

Қарғаны ілмей, талғайды.

Жаратылған жан болса,

Тегіне тартпай тұрмайды.

Атадан жаман ұл туса,

Халық санға алмайды.

Жетесі болса сонан соң,

Көріну үшін халыққа,

Қайрат қылмай болмайды.

Қолқасына Қызыл аттың

Қолымда жоқ ыңғайлы.

Керек емес дүния-мал,

Сұлтанай оны жимайды.

Бір мен емес, әй, апа,

Әркім де досын сыйлайды!

Өкіл әкең ер Орақ

Саған берген Боғданы.

Бір мен емес, ноғайлы

Қайдан тапты оңайды?!

Қолқасына Қызыл аттың 

Таба алмай жүрмін орайды.

Орнымның еркін бермесе,

Мені атамнан кем десе,

Кеулім бұған тұрмайды!

Менің қайқайдағым торлайды!

Адамдықтың белгісі—

Айтқан сөзін шындайды!

Ақылы жоқ наданға

Айтқанменен қанбайды.

Өзіңнен жақсы кез келсе,

Сөздің шынын ойлайды.

Бұл сөзімді аңғарған

Тезірек халқын жинайды.

Қарасай  мұны  айтқан  уақытта,  Қалипа  Мүсілімді  «бері 

шық» деп ордадан шығарып алды. Ордадан шығарып алып:—

3180

3190


3200

218

БАТыРлАР  ЖыРы

218

219


Бұған өкпелейтін орнымыз жоқ еді. Ашуы басылсын деп босқа 

өкпелеп отыр едім. Сен енді мына жасауылмен ноғайлыны жи-

нап  ал.  Тақтың  ықтияры  менде  болса  мен  мына  Қарасайға  бе-

рем. Өздеріңде болса, өздерің алыңдар де. Сосын жақсысы сый-

лар, жаманы қорғалар. Сөйтіп, тақтың ықтиярын бер. Өзі кімді 

қойса, оны қойсын. Өз қолынан қойсын. Сен сөйтіп, бір қасық 

қаныңды арашалап қал, болмаса өлтіріп кетер,—деді. Мүсілім 

Қалипаның  айтқан  сөзін  мақұл  көріп,  халқын  жинайын  деп 

жатыр.

Ендігі сөз Мүсілімнен.



Қалипа мұны айтқан соң,

Мүсілім де ойланды.

Нәті әйел болғанмен,

Ақылы ойға қонған-ды.

Жасауылдарын шаптырып,

Ноғайлыны жинады.

Құрмет етіп, үй тігіп,

Қарасай ерді сыйлады.

Айтсаң да әзір хан тағы

Халық қалмай жиналды.

«Ертең сәске болғанда,

Келген халық кірсін!» деп,

Тіктірді алты орданы.

Халық ішінде ардақты,

Атағы шыққан айбатты

Қарасай, Мүсілім отырған

Ордаға тыныштық орнады.

Халқы қалмай келген соң,

«Неге дейсің, патша?» деген соң,

Өткенді айтып қозғады,

Мынаны айтып толғады:

—Келдіңдер ме хабармен,

Қарауымдағы елдерім,

Ел ішінде ерлерім?

Көпті көрген, билерім,

Табылып келеді бірлігің.

Мұсадан қалған алтын тақ

Бәрің маған «мін!» дедің.

3210

3220


3230

218

218


219

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Кешегі Мамай асыл тек,

Артығы еді пенденің.

Батыр Орақ ағасы,

Мына тұрған Қарасай

Сол батырдың баласы.

Едігеден келе жатқан 

Ноғайлы деген ел едің.

Желкеге жау келгенде,

Қорғаның болады сендердің.

Кешегі залым ысмайыл

Істеп кетті білгендерін.

Үш жарым ай хан болып,

Өзгеріп еді елдерің.

Азарына шыдамай,

Жирен сақал ұялмай,

Қаракөк атты бере алмай,

«Мына таққа мін!» дедің.

Жасарал елге келгенде,

Елге азары өткенде,

Неге хабар бермедің?!

Қарасай мынау болмаса,

Қайтпас еді менен еңбегің.

Мына отырған Қарасай

Кешеден бері үйімде.

Ненің барын білмеймін,

Сұраған жоқпын кеулін де.

Жақсыдан қалған жәдігер

Көрінген соң көзіме,

Қиял түсіп өзіме,

Ат шаптырдым ардақты

Ахметтей еріме,

Сұлтанайдай биіме.

«Жирен сақал, қалдырмай

Алып кел,—дедім,—сені де».

Қипатшадай саудагер,

Хабармен сен де келдің бе?

Ендігі билер жас түлек

Сендердің жүрген ізіңде.

Баршаларың аман ба?!

3240


3250

3260


3270

220

БАТыРлАР  ЖыРы

220

221


Бір пәтуа бірлікпен

Мінгіздің таққа мені де.

Таба алмай тұрамын сыйлықты

Қарасайдай еріме.

Жасарал келсе кешегі

Қырық мың қолмен еліме,

Қыратын менде қайрат жоқ,

Сене алмаймын өзіме.

Бәрің мақұл көрсеңдер,

Хан деп билік берсеңдер,

Құлақ сал менің сөзіме.

Ақсұңқар құстың баласы

Қарғаны ілмей, қаз  ілед.

Арғы атасы Мәулімге

Дұға берген Әзірет.

Онан туған Едіге

Батылменен іс көред.

Нұрадын артық ер болып,

Ерлігі мен елінен

Сұрамаған еш көмек.

Мұсылманды қойдай бауыздап,

Атасы сонан көрген жек.

шарабас туған тым жүдеп.

ұшырап қанға баласы

Аппас, Ғаппас—екеуі

Адам болып туған тек.

Едігенің тұқымы

Кеткеннен соң тым жүдеп,

Сол уақытта халық азып,

«ұшырады қанға» деп.

Халықтың сөзі қалмайды,

Хақтың ісін кім білмек.

Сол уақытта халық азып,

Кетіпті елді құл билеп.

Кеткен соң елді құл билеп,

Кеткеннен соң қорғаны,

Жұрт орнынан қозғалды.

Көлікті адам озған-ды,

Көліксіз мойнын созған-ды.

3280


3290

3300


3310

220

220


221

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ақсақ Темір Көрген

ықпалы жүріп үдеген.

Қытай, қалмақ, монғолдың

Қалаларын бұзған-ды,

Мұсылманды жиған-ды.

Дүниядан өтіп Темір хан,

Бітпей кетті арманы.

Мұсылман сансыз тозған-ды,

Жаңбыршы, Мұса ел тұтып,

Таланды болып зорланды.

Қаланың аузын шаң қылып,

Қақпаның аузын қан қылып,

Едіге бидің ен әруақ

Мұса ханға қонған-ды.

Құрастырып халық қылып,

Ортаға тіккен орданы.

Содан бері халықтың

Табаны жерден таймады.

Мамай хан билеп тұрғанда,

Төрт тарапқа даң болып,

Халық шағанды-ай жайлады.

Батыр Орақ дұшпанға

Жауатын бұлттай торлады,

Найзағайдай ойнады.

Әнжі залым туғаннан

Арамдықты ойлады.

Атадан төре жас қалып,

Мұрасынан бос қалып,

Жетімдік көріп сандалды.

Кесе тұрып дұшпанға,

Кеше жаудан арды алды.

Бізде қалды міндеті

Қылайық ырза мырзамды.

Назбедеу аттың тайына

Жасынан жабу, жем керек.

шын құмайдың баласы

Алтайы ұстайды ертерек.

шалқұйрықтың тайлағы

Бидасын тартпас еркелеп.

3320


3330

3340


3350

222

БАТыРлАР  ЖыРы

222

223


Тұқымы асыл айбатты,

Айтқанын қылар ер керек.

Мінуім тақты қолайсыз,

Қолымызда бұл тұрып.

Кеңеске келген кемеңгерлер,

Отырсыңдар не біліп?!

Отырып бір ордада,

Түзу кеңес құрайық.

Келе жатқан бұрыннан

Атаңның жолын құрайық.

Алайық, не қояйық,

Не ойлап отырсың, халайық?

Жеті атадан шын жүрдің,

Тақ, міне, ой ойлайық,

Қанеки, сөйле, көсемдер,

Білгір туған шешендер!

Көбің мақұл көрсеңдер,

Отырмын ойға мұны алып.

Мұны айтқанда ордада

Отырған адам ойланды.

Біріне-бірі қарайлап,

«Не дейсің?» деген сөз болды.

Әңгіме енді қозғалды.

Отырған адам үлкені

Қалила деген қарт еді.

Сөзді берді үлкенге,

Басқалар ләм-мин демеді.

Көпті көрген көнеден

Сөздің жөнін біледі.

Айбатты адам таба алмай,

Жұрт та жүдеп жүр еді.

Әділетті ханы жоқ,

Хансыз елдің сәні жоқ,

Тек бос отырған ел еді.

Қалила қартқа сөз келіп,

Бастады сөзді ойланбай:

—Халықтың жолы болған соң,

Сөз келеді үлкенге.

Ойларыңды айтыңдар,

3360


3370

3380


3390

222

222


223

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Жүрмейік қалып күңкілге.

Бірлікпенен іс қылсаң,

Жақсы болар ертеңге.

Қанша халық болса да,

Мырзаның тұқымы бір төбе.

Мұнан басқа бөтенге

Бақ қонған жоқ ертеде.

Үлкен деп тілді алсаңдар,

Сөзге құлақ салсаңдар,

Бір кеңеске іркілме.

Кеулін сұрап көріңдер,

Не дейді екен бұл төре?!

Мына отырған Мүсілім

Әзірге халық ағасы.

Басқа отырған балалар

Бәрің де ноғай баласы.

Мүсілімнің сөзінің

Табылып тұр расы.

Тегіс жауап берсеңдер,

Кеуілдің болмай аласы.

Өз ойымды айтайын,

Осы деп сөздің сарасы.

Мамай өліп қалғалы

Иесіз Мәскеу қаласы.

Сібірдегі сары орыс

Аямайды ноғайды,

Келсе егер шамасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет