Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет246/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   284
неолексизмдер  деп  аталады,  мысалы,  егемен,  орынтақ,  үйқамақ, 

мырзақамақ. Соңғы екі топ сан жағынан өте аз, бірақ тіл үшін мәні 

зор, тілдің қолданыстағы барша мүлкін сарқа пайдалануда, қажетіне 

қарай әр сөздің прагматикалық мәнін арттыруда аэлогизмдер мен не-

олексизмдер құнды материал болып табылады.

Жаңа лексикалық бірліктердің сан жағынан да, әрі қарайғы даму 

әлеуеті жағынан да, тілдің толыққанды қызмет етуіндегі орны мен рөлі 

жағынан да ең үлкен тобы  бөгде тілдік сөздер, оның ішінде кірме 

деп аталатын бөлігі. Сондықтан осы жерде «кірме сөздердің» қазіргі 

қазақ  тіліне  қатысты  статусын,  өзге  жаңалықтардан  ерекшелігін, 

негізгі белгілерін, болашағын арнайы сөз етуге тура келеді.

Алдымен,  «кірме»  деген  терминнің  өзін  анықтап  алған  жөн. 

Орыс  тіл  білімінде  «заимствование»  деп  аталатын  лингвистикалық 

бірлікті:  жеке  сөзді,  сөз  тіркесін,  жұрнақтар,  сөзалды  элементтер 

сияқты морфологиялық тұлғаларды, синтаксистік модельді қазақша 

«кірме» (сөз, жұрнақ т.б.) деп атадық. Орысша терминнің мағынасын 

қуаласақ,  ол  пайдалануға,  қарызға  алынған  сөз  болып  ұсынылады, 

ал  қазақша  кірме  терминінде  «қолданысқа  кіргізілген  (кіріп  кет-

кен)  нәрсе»  деген  мағына  байқалады.  Бұрынырақта  қазақ  қауымы 

қолданысында  кірме  деп  бір  рудың  не  бір  атаның  адамдарының 

өзге руға, өзге атаға келіп паналағандарын атаған. Кірме сөздер де 

– сондай. Қазақ тілінде мағыналық баламасы жоқ, аудару не жасан-

ды  тұлға  ретінде  балама  ұсынуға  болмайтын  бөгде  тілдік  сөздерді 

алуға  тура  келеді,  ол  сөз  қолданысқа  түседі    тілге  кіреді,  «кірме» 

атанады. Бұл «атаққа» (статусқа) ие болуы үшін мынадай белгілері 

болуы  керектігі  айтылып  келеді:  1)  кірме  сөздің  функционалдық 

стильдерде, әсіресе публицистикалық, ғылыми-көпшілік, күнделікті 

тұрмыстық қатынас стильдерінде еркін әрі жиі қолданылуы; 2) кірме 

сөз  мағынасының  көпшілікке  түсінікті  болуы;  3)  тіркестер  құрауға 

қабілетті болуы, әсіресе бөгде сөзді қабылдаушы тілдің өз сөздерімен 

тіркесіп, қолданысқа қажет лексикалық, грамматикалық бірліктер жа-

сау мүмкіндігінің болуы; 4) образ (бейнелі сөз, сөз тіркесін) жасауға 

қатыса  алатындығы;  5)  варианттарының  болмауы;  6)  қолданылу 

әлеуеті айқын болуы. Сөзді кірме деп танытатын шарттардың тағы 

біреуі (7-ншісі) және бар, ол көптеген тілде орын алып отырған белгі 




361

 бөгде сөз дегеннің оны қабылдаған тілдің фонетикалық заңдылығы 

бойынша өзгеріп қолданылуы.

Бүгінгі  қазақ  әдеби  тіліндегі  кірме  сөздерді  тануға  келгенде, 

кірмеліктің  соңғы  (7-нші)  белгісі  басты  талаптардың  бірі  болмай 

отыр. Оның дәлелді себептері бар. Басым бөлігі білім-ғылымға, за-

манауи  техникаға  қатысты  интернационалдық  терминдер  болып 

келетін мыңдаған сөзді кірме деп, яғни қазіргі қазақ сөздік қазынасын 

толықтырып отырған бірліктер деп тану немесе танымау проблемасы 

пікірсайысқа түсіп отырғандықтан, кірме сөздер тақырыбын кеңірек 

сөз етуге тура келеді.

Ең  үлкен  себеп    1940  жылы  жаңа  графика    «орыс  жазуын» 

қабылдағанда  соған  орай  түзілген  қазақ  емле  ережелерінде:  орыс 

тілінен  XX  ғасырдың  басынан  бастап  енген  орыс  сөздері  мен  өзге 

тілдерден жасалған халықаралық сөздер орыс тіліндегі орфограмма-

сын (жазылу пішінін) сақтап жазылады деген баптар болды. Мұндай 

баптардың  орын  алуының  да  уәжі  тіл  заңдарына  емес,  саясатқа 

тірелген (негізделген) болатын. Соңғы 60-70 жылдық тіл тәжірибесі 

көрсеткендей, Кеңес Одағын құратын халықтардың барлығын «оры-

стандыру» мақсаты көзделгені ашық танылды. «Ортақ тіл» концеп-

циясы бел алды. Ең болмағанда КСРО деп аталатын бір елде комму-

низм  толық  жеңіп  шығуы  үшін  бұл  елді  мекендейтін  халықтардың 

мәдениеті қосылып кетуі керек, әр адам жеке ұлт өкілі емес, түптің 

түбінде  орыс  та  қазақ  та,  грузин  де,  чукча  да  емес,  «советтік 

тұтастықтың  өкілі»  деп  аталуға  тиіс,  ал  ол  үшін  ортақ  тіл  болуы 

керек деген идея орын алды. «Бұл ортақ тіл – орыс тілі, сондықтан 

елдегі  өзге  халықтар  да  орыс  тілін  неғұрлым  тезірек  меңгерсе, 

соғұрлым коммунизмге тезірек жетеміз» деген саясат күш алды. Тек 

тілге келгенде емес, қоғам өмірінің барлық саласында, әсіресе саяси-

идеологиялық жүйеде бұл идеяға қарсы шығу мүлде мүмкін еместігі 

белгілі еді.

Ол  мүмкіндіктің  жоқтығының  және  бір  себебін  атауға  болады. 

Қазақ жұртшылығы кириллицаға көшкен 1910 жыл  Кеңес Одағында 

1929-1937  жылғы  зауалдардан  соң  қылышынан  қан  тамып  тұрған 

коммунистік империялық («орыстық») саясаттың кезеңі болды. Қазақ 

емлесіне  «қазақылық  өң»  беруге  осы  зұлматтан  аман  қалған  қазақ 

зиялыларының, тіл мамандарының күштері жетпеді, жүректері дау-

аламады деуге болады. Әдетте жаңа қабылданған емле қағидаларын 

бірте-бірте  түзете  беруге  болатыны  белгілі.  Бірақ  мұның  да  реті 

келмеді: жаңа жазудың өзі, оның ережелері қабылданып, күшіне ен-

бей жатқан бірер жылдан соң Ұлы Отан соғысы басталды  «байтал 

түгіл бас қайғы» кезең туды.



362

Кириллицаны  қабылдап,  оның  емлесінің  ең  алғашқы  ереже- 

лерімен  жазу  тәжірибеміз  10  шақты  жылдың  ішінде  біраз  орын 

тепті. Сондықтан 1957 жылы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі 

ережелерінің  едәуір  реттелген  ішінара  түзетілген,  теориялық  негіз- 

дері  көрсетілген  Жаңа  редакциясы»  ұсынылған  болатын.  Бірақ 

мұнда да бөгде тілдік сөздердің жазылуы түбегейлі өзгеріссіз қалды, 

олардың  тұлғасы  қазақ  тілінің  фонетикалық  заңдылықтарына 

сәйкестендірілмеді. 1957 жылдардағы қазақ жазба дүниесін реттеуді 

қолға алған қазақ тіл мамандары тағы да батылдыққа бара алмады. 

Оның да себебін көруге болады. 1951-1952 жылдардағы «халық жа-

уларын»  іздеп,  Қ.Сәтпаев,  М.Әуезов,  Е.Бекмаханов,  А.Жұбанов, 

Б.Сүлейменов,  І.Кеңесбаев  және  т.б.  сияқты  қазақ  ғалымдары  мен  

қайраткерлерінің біразын 25 жылға жер аударып, бірқатарын Қазақ- 

станнан кетуге мәжбүр еткен кезеңі 1957 жылғы тіл, емле мәселеле- 

рін дұрыс шешуге жібермегенін білу қиын емес.

Қысқасы,  бөгде  тілдік  сөздерді  негізінен  «орысша»  жазу  тәрі- 

бімізді 1940 жылдан бермен қарай 60-70 жыл бойы қолданып келе  

жатырмыз. Дегенмен бүгінгі кірме сөздердің барлығы сыртқы тұлға- 

сын өзгертпей қолданылып жүрген жоқ.

Тілдік  кірмелердің  қоғамның  күнделікті  өмірінде  жиі  колданы-

латындары  және  сирек  жұмсалатындары  болады.  Сондай-ақ  жиі 

қолданылатындар күнделікті қарым-қатынаста, оның ішінде сөйлеу 

тілінде  жиі  және  еркін  жұмсалады.  Мысалы,  тұрмыстық  лексика 

сөздері, көпшілікқолды баспа беттерінде кездесетін, радио мен теле-

хабарларда жиі айтылатын жеке атаулар мен кейбір терминдер мек-

теп  оқулықтарында  жұмсалатын  сөздермен  бір  топ  құраса,  белгілі 

бір орындарда да, мысалы, мамандарға арналған ғылыми әдебиетте, 

медицина, химия өндірісі мен күрделі техникалық жұмыс орындары 

сияқты жерлерде жұмсалатын жеке зат, процесс атаулары, оның ішінде 

техникалық терминдер де кірме тұлғалардың екінші тобын құрайды. 

Сондықтан бұлардың жалпыхалықтық тілге ену әлеуеті күшті екені 

көрінеді,  яғни  барлық  жерде,  барлық  әдебиетте,  ауызша  да,  жазба 

тілде де қолданыла беретін, көпшілікке түсінікті болып келетін бөгде 

тілдік сөздер, біздіңше, нағыз кірме сөздер болып табылады. Олардың 

үлкен бір тобы – XIX ғасырдан бастап қолданылып кеткен тұрмыстық 

зат, бұйым атаулары (самауыр, шәйнек, шыт, бәтес, кіреует, пәтер, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет