Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


-2005 жылдардағы лексикалық жаңа бірліктер



Pdf көрінісі
бет249/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   284
1990-2005 жылдардағы лексикалық жаңа бірліктер

«Жаңа сөздер» немесе «лексикалық жаңа бірліктер (единицалар)» 

деген терминнің өзі – шартты, өйткені «жаңа» деп отырғанымыз  

бұрыннан бар түбір сөздердің жұрнақтар жалғау арқылы немесе екі 

түбірдің бірігуі, жұптасуы сияқты қосақталу амалы арқылы, я бол-

маса екі сөздің тіркесіп, бір ұғымды атауы, сондай-ақ қысқара, кіріге 

жымдасуы арқылы жасалған түрлері. «Жаңа сөз» деп жүргеніміздің 

бір  алуаны    жаңа  мағына  үстеп,  «тонын  айналдырып  киген» 

байырғы сөздер. Демек, жаңа дегеніміздің өзі  бұрынғы барлардың 

не  тұлғасы,  не  мағынасы  құбылған  «жаңғырықтары».  Бұлардың 

ішінде  құлаққа  жаңа  болып  естілетіндер  өзге  тілден  енген  неме-

се  енгізбек  болған  сөздер  болса,  олар  да  бұрыннан  «дүниеде  бар» 

(өзге  халықтар  тілінде)  нәрселер  екен.  «Жаңғырық»  деп,  әрине, 

жаңа  сөздерді  қомсытып  отырғанымыз  жоқ.  Олар    естіліп  барып, 

өшіп  кететін  дыбыс  жаңғырықтары  емес,  материалдық  дүниелер, 

тілдің  сөздік  қазынасын  молайтатын  бағалы  «дүниеліктер».  Бірақ 

әрбір материалдық болмыс сияқты, өмірге келіп жататын, қолайын 

тауып орнығып қалатын, «мезгілі жетіп» ығысып кететін дүниелер. 

Сондықтан  «жаңа  сөз»  деген  ұғымды  (категорияны)  жатсынбай, 

талдап,  тану  қажет.  Ол  үшін  осы  жұмыстың  зерттеу  нысандарын 

(тақырыптарын)  біршама  жүйелеп,  мынадай  тарамдарға  ажыратып 

алу қажет.

 Олар:

1) қазіргі қазақ тілінің сөздік қазынасының молаю уәждері, яғни 



жаңа қолданыстардың пайда болу себептері;

2) жаңа сөздердің көздері, яғни қайдан, неден жасалатындығы;

3) жаңа сөздердің тақырыптық топтары (әзірге ең жиі кездесетін) 

және қолданыс орындары;

4) жаңа бірліктердің тұлғалық көріністері, яғни жасалу амалдары;

5)  жаңа  қолданыстардың  әдеби  тіл  нормасына  өту  әлеуеті; 

нормалық дәрежеге ие болып, қалыптануы (кодификациясы).

Енді осы тақырыптардың әрқайсысына тіл қозғалысының соңғы 

10-15 жылдық кесігін алып, жеке-жеке тоқталайық.



367



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет