Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет248/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   284
жол,  сужолы  деген  сияқты  жолдың  түрін  айырып  атайтын  жай 

тіркес,  ал  рельс  –  сол  темір  жолды  жасайтын  «құралдың»  жеке 

атауы,  оны  «вагондары,  паровоз,  тепловоздар  тағы  басқаларының 

дөңгелектеріне  лайықтап  жасалған  металл  табандар»  деп  атаудың 

орнына бір сөзбен рельс (рельстер) деп қабылдау да кірме сөздердің 

қатарында тұрады. «Ақша сақтайтын арнаулы орын» деп көп сөзбен 

аталуға тиіс орынды бір сөзбен банк деп атау да осы қатардан табы-

лады. Кірме сөздердің ішінде бұл тақылеттес бірліктер қатары едәуір 

баршылық.  Қысқасы,  белгілі  бір  тілде  кірме  лексикалық  қабаттың 

пайда болуының себептері көп, олар тіл білімінде кеңінен көрсетіліп, 

дәлелденіп келеді.

Сөйтіп, қазақ тілінің қолданысына енген жүздеген, тіпті мыңда- 

ған  бөгде  тілдік  сөз,  оның  ішінде  көпшілікқолды  ғылыми-техника- 

лық  саяси-әлеуметтік,  мәдени-идеологиялык  халықаралық  тер-

миндер,  бірен-саран  орыс  сөздері  орысша  тұлғаланып  жүргеніне 

қарамастан, кірме сөз санатына танылуға тиіс.

Халықтың әлеуметтік-мәдени өмірінде белгілі бір қажеттіктерді 

өтей алатын, өтеп отырған бөгде тілдік бірліктер, әсіресе лексикалық 

топтар  едәуір  уақыт  орын  алып  келе  жатса,  олар  еркін  әрі  жиі 

қолданылатын болса, бұларды сол тілдің сөздік қазынасына қоспау 

дұрыс  емес.  Тілтанушылар,  әсіресе  қазақ  тілінің  орфографиялық, 

орфоэпиялық,  екітілдік,  түсіндірме  сияқты  сөздік  түрлерін  жасау-

шылар  (түзушілер)  жүздеген,  тіпті  мыңдаған  бөгде  тілдік  термин 

сөздерді  орысша  орфограммасымен  реестрге  шығарып  ұсынып 

келе  жатыр.  Мұндағы  мақсат  –  қазақ  жазба  үлгілерінде,  әсіресе 

баспасөз беттері мен әр алуан ғылыми еңбектерде жиі не сирек бол-

са да әйтеуір кездеседі деген сөздердің дұрыс жазылуын білу үшін 

орыс тілінің орфографиялық сөздігіне қоса үңіліп отыру әрекетінен 

құтқару еді. Қазіргі қазақ тілінде актив қолданыста жүрген сөздердің 

көбі «бөгделік» тұрпаты (орфограммасы) сақталған бірліктер болып 

шығады.

2006  жылы  ұсынылған  «Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігін» 

алсақ,  мұнда  «орысша»  жазылған  «орыс»  сөздері  (дені  интертер-

миндер)  аз  емес.  Әсіресе  емле  сөздіктерінде  бір  сөздің  әртүрлі 

жұрнақтармен  келетін  түрлері  түгел  сөзтізбеге  түсетіндіктен, 



365

бұлардың саны тіпті көп болып шығады. Мысалы, бір ғана баланс 

деген  сөзден  туындаған  балансир,  балансирлер,  балансирлеуші,  ба-

ланстау,  балансты,  баланстық  деген  7  сөзтізбе  (реестр)  болып 

тіркелген. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, тіпті екі тілді 

сөздіктерінде  орысша  тұлғадағы  сөздер  көп  деп  сын  айтушыларға 

бұл  факт  дәлел  болып  көрінеді.  Айталық,  а  әрпіндегі  сөзтізбеде 

қазақ сөздерімен тіркескен авиа, авто, агро, аэро тұлғалы сөздерді 

қосқанда, бір ғана а әрпіндегі «орыс» сөздері жүздеген санға жетіп 

тұрғанын көруге болады.

Бүгінгі қазақ тілі қажетін өтеп, оның сандық, сапалық байлығын 

көрсететін  бөгде  тілдік  бірліктер  сыртқы  тұрпатына  (жазбадағы 

пішініне) қарамай, қазақ лексикасындағы жаңа бірліктер болып са-

налады. Тілдің дамуы, жетілуі не әлсіреуі, сөздік қазынасының баюы 

не кемуі алдымен оның әлеуметтік қызметімен белгіленеді. Төл сөз 

болсын,  бөгде  тұлғалар  болсын  белгілі  бір  сөздер  қоғам  өмірінде 

қолданылып,  орнығып,  коммуникативтік  қажеттікті  өтеп  отырған 

болса,  оларды  тек  жазба  тілдегі  орфограммасына  қарай  бағалау 

(тану) – біржақты, жеткіліксіз критерий болары айқын.

Сөз жоқ, жазба тілдің табиғаты мен қолданысында жазу факторы- 

ның орны бар, дегенмен сол жазу үрдісінің тіл дамуының әр кезеңін- 

де  әр  алуан  ішкі  (лингвистикалық)  және  сыртқы  (экстралингвис- 

тикалық)  факторлардың  күшімен  жүретіндігін  ескеру  де  аса  қажет 

екендігін мойындауға тура келеді.

Міне, лексиканың төл және кірме қабатын анықтауда көңіл ауда-

ратын мәселенің бірі осындай.

Белгілі бір тілдің (тілдердің) онтогенездік дамуы, яғни өзіне «Құдай 

бұйыртқан» тәртіптерді басынан кешіріп, жеке дамуы барысындағы 

жоғарыда айтылған «советтік дәуір» «жазмышын» ескере келіп, өзге 

де түркі тілдері сияқты қазақ тілінің кірме қабатын «орысша» жазы-

латын мыңдаған тұлғалар (сөздер) құрайды деп табамыз. Бұл таным 

кириллицаға  негізделген  орыс  әліпбиінің  қазақ  жазуы  қолданылып 

отырған  бүгінгі  кезеңге  тән.  Ал  жазу  үрдісі  өзгерген,  айталық,  ла-

тын  графикасын  қабылдаған  күнде  бұл  қағиданың  (танымның)  сәл 

өзгерері даусыз.

Сөйтіп, бүгінгі таңдағы қазақ тілінің қолданысындағы мыңдаған 

бөгде тілдік атаулар мен терминдерді кірме элементтер (сөздер) деп 

есептеуіміз керек.

Фонетика саласындағы шартты түрдегі кірмелер, жоғарыда да ай-

тылды, ф, х, в, ч, ц дыбыстары деуге болады.

Бұлар да – кірме сөздердің ғана құрамында кездесетін құбылыс. 

Бұлардың бірқатары, мысалы, ф, х, в дыбыстары графика өзгерген 

күнде де сақталуы қажет.




366

Морфология мен синтаксис саласында кірме элементтер арнайы 

іздестіруді, талдауды керек етеді. Біз әзірге даусыз фактілердің бірен-

саранын ғана көрсете аламыз. Олар авто, аэро, авиа сияқты сөзалды 

форманттардың  қазақ  сөздерімен  қолданылуы,  мүмкін,  ішінара  сөз 

құрылымына енгізілгеп морфологиялық жаңалық болар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет