320
Алыстан сермеп – 5 буын
Жүректен тербеп – 5 буын
Шымырлап бойға жайылған – 8 буын
Қиуадан шауып – 5 буын
Қисынын тауып – 5 буын
Тағыны жетіп қайырған – 8 буын
Толғау тоқсан қызыл тіл – 8 буын
Сөйлеймін десең өзің біл – 8 буын
деген шумақтардағы тармақ өлшемдері қатарында көрсе-
тілгендей әртүрлі.
Өлеңді шумақтау саласында да Абай көп жаңалық қосты.
Абай өлеңдері арқылы қазақ поэзиясында бірнеше түрлі
шумақтар пайда болды. Бұрынғы 11 буынды 4 тармақты шумақ-
пен қатар, 8 тармақты («Сегізаяқ»), 6 тармақты («Ғашықтық
іздеп тантыма», «Кешегі Оспан»), 14 тармақты («Сен мені не
етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш», «Қатыны мен Масақбай»)
шумақтық (строфикалық) құрылымдарды ұсынды.
Жаңаша әрі түрлендіріп
құрылған ұйқас, шумақ түрлері
өлеңнің композициялық-синтаксистік құрылысын да өзгертті:
абаб болып келетін шалыс ұйқастың әрбір
аб фигурасы
көбінесе бір тұтастық (единица) болып құрылады, ал қатар
келетін ұйқастарға, мысалы, «Сегізаяқтың»
аа, бб, вв ұйқасты
жолдарына көбінесе жарыспа (параллель) конструкциялар ор-
наласады:
білгенге маржан ~
білмеске арзан, ауырмай тәнім ~
ауырды жаным...
Қазақ поэзиясында тұңғыш рет Дулатта байқалған тәсіл –
өленді композициялық бөліктерге
ажыратып құру да Абайда
жүйелі түрде кездеседі. Мұндайда әрбір композициялық бөлік
өзгелерінен ұйқас суретінің бірдейлігі, модальдық реңктің
тұтастығы, бір субъектіге қазықталу т.т. сияқты белгілі бір
элементтермен ажыратылады. Мысалы, «Болыс болдым,
мінекей» деп басталатын өлеңі 7 бөліктен тұрады,
олардың
әрқайсысы – бір шоғыр (тирада), бір тақырыпты қамтиды және
бір ұйқаспен топтастырылады: 1-бөлік 14 тармақтан тұрады,
ұйқасы:
шығындап ~
тығындап ~
мығымдап... болып келеді,
тақырыбы: бар малын тығындап болыс болған Күлембайдың
321
күштілерге бас изеп, әлсіздің сөзін шала тындайтын портретін
беру, 2-бөлік – 18 тармақ, ұйқас суреті:
лүпілдеп ~
дүпілдеп ~
күпілдеп...; тақырыбы: сол болыстың келесі жолғы болатын
съезді естіген кездегі күй-қалпы мен іс-әрекеті... осылайша әрі
қарай ажыратыла береді.
Қазақ поэзиясында проза синтаксисіне жақын құрылымды
да тұңғыш рет Абай ұсынды. Мысалы, «Қатыны мен Масақбай»
өлеңін тармақтарға бөлмей, тұтас жазсақ:
Сырмақ қып асты-
на байының тоқымын, отының басына төрінің қоқымын
бүксітіп,бықсытып,қоқсытып келтірді деген екі-ақ сөйлем
(ал өлеңде – 7 жол) болып оқылар еді. Демек, бұл – тармақ
араларында өлең тасымалы қолданылған прозаға жақын
құрылым. «Сен мені не етесің?» өлеңі де – осындай. Бұл да –
жетілген жазба поэзияның белгісі.
Стильдік мақсатта инверсияны (сөздердің орнын алма-
стыруы) қолдануда да Абай үлгі
көрсетіп, жол салды. Өлең
тасымалының алғашқы нышандары да Абай өлеңдерінен ба-
сталады.
Қорыта келгенде, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық
жағынан өзгеріс-жаңалықтар қосты деуге болады, осы арқылы
ол қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне
көтерді
211
.
211
Өлең тіліндегі инверсия мең тасымал және олардың Абай поэзиясындағы
көрінісі жайында мына еңбекте толық айтылды.
С ы здықова Р. Абай өлеңдерінің
синтаксистік құрылысы.
- Алматы, 1970.