Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым - сол үшеуінің жөнін білмек.
Адамгершілік мәселесі тақырыбы
Негізгісі –білім, сол білімді халыққа жеткізетін ғажайып өнер иесі болуың керек. Осы екі шарттың тоғысуы қиынның қиыны, сол себептен жер бетінде шын кемеңгер аз, тіпті саусақпен санарлық. Абайда осы екеуі де болған.
Күз
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен
табиғаттың 4 жыл мезгілі
тақырыбы
Абай табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Ол бұл өлеңде табиғатты ғана суреттеп қойған жоқ, оны адам өмірімен, мал баққан қазақ халқының өмір шындығымен сәйкестендіре суреттеді
«Болар елдің баласына» лайықты іс – талаптылық, татулық, жақсы қылық, сұхбаттастық, жолдастық, сырға беріктік және өнер дей отырып, осы қасиеттерге күншілдік, көрсеқызарлық, жеңсікқойлық, пайдакүнемдік, ұсақтық, пысықсымақтық сияқты іс-әрекеттерді қарсы қоя сипаттайды. Өлеңде жар таңдау, жарасымды отбасы болу мәселелері де көтеріледі.