Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет24/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   161
Боровков А.К. Очерки по истории узбекского языка //Советское востоковедение. 
- 1952. - Т. V. - С. 247- 250.


57
Ал Әмір Нәжіп Ясауи хикметтері Сырдарияның төменгі 
ағысында пайда болған, ол қыпшақ-оғұз аралас жазба тілді 
танытады, оған «Құтадғу біліктің» тілі әсер етпеген, «Хик-
меттер» тілі Қараханид дәуірінің қарлұқ-ұйғыр жазба тіліне 
қарама-қарсы тұратын тіл ретінде пайда болған дәстүр дейді
67

Түрікмен зерттеушісі М.Хыдыров Ясауи тілін қарлуқ-хорезм 
тілдерінің ескерткіші деп санайды
68
.
Ә.Нәжіп Ясауи хикметтері Орта Азия топырағында ғана 
емес, кең байтақ қыпшақ даласына, көшпелілер арасында да 
кең тарағанын айта келіп, Қожа Ахмет өзінің негізгі мақсатын 
көздеп, суфизм ағымын қалың көпшілікке уағыздау үшін 
қыпшақ тілдерінде сөйлейтін жергілікті халықтың ауызекі 
тіліне жақындатып жазды, Ясауи тілінің негізі – қыпшақ тілі, 
бірақ оғыз тілдерінің әсерін алған, сондықтан бұл ескерткіш 
– XII ғасырдағы қыпшақ-оғұз тілдерінің үлгісі, осы себептен 
Ясауи мұрасының тілі қазақ әдеби тілінің де бастау көзі болып 
танылуға тиіс деген дәлелді пікір айтты
69
. Қазақ тіл маманда-
ры мен филологтерінен бұл сыңайлас пікірді Н.Сауранбаев, 
Қ.Мұхаметханов, Ә.Құрышжанов және басқалар да білдірген 
болатын. Сондықтан біз Ясауи хикметтері тіліне біраз кеңірек 
тоқталамыз.
Бізге Ясауи хикметтерінің бірнеше қолжазбасы жетіп отыр. 
Автордың өз қолтаңбасы жоқ. Өз тұсындағы нұсқалар да бізге 
жетпеген. Ең әрі дегендегі көшірмесі – 1693-94 жылдары 
жазылған қолжазба, ол Стамбұлдағы Вафик паша кітапхана- 
сында сақтаулы. Ресейдегі осымен тұстас (XVII ғасырда 
көшірілген деп есептелетін) қолжазба нұсқасы – ХIX ғасырдың 
соң кезінде Самарқандтан акад. К.Г.Залеман алып шыққан, 
бұл күнде Санкт-Петербургте сақтаулы нұсқа. Ясауи мұрасы 
деп көшірілген қолжазбалар С.Петербургте (Ленинградта), 
Қазанда, Ташкентте, Самарқандта т.б. қалаларда едәуір кезде- 
седі. Колжазбалардың көпшілігі соңғы дәуірлерде, көбі XIX 
ғасырдағы көшірушілердің қолынан шыққан. Олардың сауат-
ты жазылуы да әртүрлі, қолжазбалардағы хикметтердің саны, 
орналасу тәртібі де біркелкі (бірдей) емес.
67
Наджип Э.Н. Кыпчакско-огузский литературный язык мамлюкского Египта XIV 
в. Автореф. докт. дисс. - М., 1965. - С. 10. 
68
Түркмен дилиниң тарыхындан материалдар. - Ашгабад, 1962. - С. 61.
69
Нәжіп Ә. Терең тамырлар //Жұлдыз. - 1972. - №4. - 154-б.


58
Кейін Ясауи мұрасы негізінен Қазанда бірнеше реттен ба-
сылып жарық көрді. Қолжазбалар мен Қазан басылымдары- 
ның арасында едәуір айырмашылықтардың бар екені байқа- 
лады. Олар: өлең жолдарының орналасу тәртібінде, кейбір шу- 
мақтардың бірінде бар, екіншісінде жоқ болуында, жеке сөз- 
дерінің арасында, сөздердің жазылуында т.б. көрінеді. Қол- 
жазбаларда да, Қазан басылымдарында да Ясауидің өзінің 
мұрасынан өзге басқа авторлардың Ясауише ұсынған (жазған) 
туындылары еніп кеткенін А.К.Боровков жақсы дәлелдеп 
көрсетті. Қазан басылымдарындағы барлық өлеңдер Ясауидікі 
емес дегенді П.М.Мелиоранский де айтады. Мысалы, Залеман 
(Самарқанд) қолжазбасында біздің есептеуімізше 76 (А.К.Бо- 
ровковтың есебінше – 73) хикмет болса, оның 46-сы ғана 
1904 жылғы Қазан басылымында бар, ал соңғыда 153 хик-
мет берілген, демек, оның 107-сі Самарқанд нұсқасында жоқ. 
А.К.Боровковтың айтуынша, Самарқанд қолжазбасында бар
Қазан кітаптарында жоқ 30 хикмет өзге қолжазбалардан табы-
лады. Демек, Ясауи мұрасын кітап етіп шығарушылар оның 
қаламына жатпайтын көптеген шығармаларды жариялағаны 
байқалады.
Ең алдымен, лексика саласына келсек, Ясауи тілінің 
негізіне оғұз-қыпшақ тобында сөйлеген ру-тайпалардың тілі 
жататындығы көрінеді. «Хикметтердің» сөздік қазынасы үш 
қабаттан тұрады: басым қабаты – түркі сөздері, қалғандары 
араб пен парсы сөздері. Лексикасының түркі қабаты қыпшақ 
тілдеріне, оның ішінде XII ғасырдағы жергілікті халықтың 
сөйлеу тіліне негізделгенін дәлелдейтін фактілер, біздіңше, 
мыналар сияқты: 1) түркі сөздері з, д дыбысты емес, й ды-
бысты тілдікі, мысалы: айақ (азақ, адақ емес), игем (іді, ізі 
емес), қой- (қоз-, қод- емес). 2) Ортағасырлық, тіпті кейінірек 
кезеңдерге жататын «Мухаббатнаме», «Ортаазиялық тефсир» 
сияқты ескерткіштерде көбірек ұшырасатын архаизмдер мұнда 
кемде-кем кездеседі. Олардың барлары: біт- (жаз), ай- (айт- 
дегеннің көне варианты), ошәл, ошбу (осы), қамуғ (барлық), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет