Мәңдерінің бірі –заттар салмағының сақталу заңын ашқан кедергі деңгейінде қалыптасып,әрі қарай даму дәрежесі жетті



бет4/46
Дата27.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#24446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Қолданылатын әдістер

Химиялық жүйе жеке қосылыс, заттар қоспасы, заттың сапалық және сандық құрамы болады.

Сапалық құрам - зат құрамындағы белгілі бір элементтердің, функционалдьды топтардың, иондардың барын көрсетеді.

Сандық құрам – зат құрамындағы белгілі бір бөлшектердің мөлшерін көрсетеді. Сапалық және сандық кұрамдарды химиялық анализ әдістері арқылы анықтайды.

Химиялық анализ әдістері беске бөлінеді.

1.Химиялық әдістер - химиялық реакцияларға негізделген, анализдің эффектісін визуальды түрде көзбен көріп байқауға болады

2.Физикалық әдістер - заттардың физикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген, бұл әдісте химиялық реакциялар қолданылмайды. Мысалы: поляризациялану кеңістігінің ауысуы, жарық сәулесінің ерітінде сынуы, заттардың оптикалық спектрлері.

3.Физика-химиялық әдістер - химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың жүруі барысында заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеруін байқауга негізделген үрдістер. Физикалық және физика-химиялық үдістерді біріктіріп, құралдық (интрументальды) әдістер деп атайды

4.Биологиялық үрдістер - әртүрлі объектілердің биологиялық активтілігін зерттеуге негізделген жэне химиялық реагенттердің биологиялық объектілерге әсерін зерттеуге негізделген үрдістер.

5. Аналитикалық химияда бөлу әдістері жэне анықтау әдістері бар. Бөлу әдістерінің негізгі мақсаты кедергі келтіретін компоненттерді бөлу немесе анықталатын компоненттерді сандық жағынан анықтауға қолайлы түрде бөліп алу болып табылады. Бірақ, көбінесе, қызықтыратын компонентті анықтау алдын-ала бөлусіз, сынақтың өзінде-ақ жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бөлу және анықтау әдістері бір-бірімен тығыз байланыста болып, толық бір әдісті құрайды. Осындай әдіске газды хроматография жатады. Хроматография процесінде қоспаны жеке компоненттерге бөледі және олардың сандық құрамы анықталады. Анализдің мұндай әдістері бөлу мен анықтаудың бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетеді және олар гибридті әдістер деп аталады.

Химиялық анализ әдістерін мынадай белгілер бойынша топтауға болады:заттың агрегаттық күйі бойынша, анализге алынған заттың мөлшері бойынша, анализдің орындалу техникасы бойынша

1- кесте


Ескіше атаулар

Жаңа атаулар

Зерттелетін заттардың

мөлшері


Макроанализ

Жартылай микроанализ

Микроанализ

Улътрамикроанализ

Субмикроанализ


Грамм-әдісі

Сантиграмм-әдісі

Миллиграмм-әдісі

Микрограмм-әдісі

Нанограмм-әдісі


1-10 грамы

0,05-0,5 грамы

10-3-10-6

10-6-10-9

10-9-10-12

Химиялық лабораторияда оқыту мақсатында жарты­лаймикроанализ жүргізіледі, сезімталдығы жоғары реакциялар қолданылады және бұндай реакциялар анықталатын ерітіндідегі бөлшектердің өте азғантай мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Реакциялар микрокристаллоскопиялық немесе тамшылы әдістермен орындалады. Микрокристаллоскопиялық әдісте реакциялар әдетте заттық шыныда жүргізіледі, анықталатын ионның бар-жоғын кристалдар формасын микроскоп арқылы қарап болжайды немесе тамшылы әдісте ерітінді түсін өзгерте жүретін немесе нәтижесінде түсті қосылыстар, түсті тұнба түзілетін аналитикалық реакциялар қолданылады. Бұндай реакциялар көбінесе фильтр қағазында орындалады.

Аналитикалық реакциялар «құрғақ» және «ылғал» жолмен орындалады. «Құрғақ» реакциялар қосымша роль атқарады және алдын-ала жүргізілетін зерттеулерде, сонымен қатар «ылғал» реакция жүргізу мүмкін болмайтын жағдайларда жасалады. Көбіне көп «ылғал» реакциялар қолданылады. Оларды жүзеге асыру үшін алдымен затты ерітеді. Еріткіш ретінде әдетте су, кейде қышқылдар мен сілті қолданады.

Бейорганикалық заттардың сапалық анализінде негізінен тұздар, қышқылдар және сілтілер ерітінділерімен жұмыс жасайды. Бұл заттар электролиттер болып табылады, яғни олар сулы ерітінділерінде иондарға диссоциацияланады. Сондықтан реакция иондар арасында жүреді, яғни сапалық анализде элементтерді емес, иондарды ашу реакциялары жасалады.



  1. Белгілі бір аналитикалық реакцияны орындау үшін белгілі бір жағдай жасау қажет: ерітінді ортасы (рН), мысалы кейбір тұнбалар қышқылдарда жақсы ериді, сондықтан орта қышқыл болса, онда тұнба түзілмейді немесе кейбір тұнбалар сілтілерде жақсы ериді, яғни бұндай тұнба сілтілі ортада түзілмейді. Ал кейбіреулері қышқылдарда да, сілтілерде де ериді, оны тек бейтарагі ортада ғана алуға болады. Демек, реакция толық жүруі үшін қажетті орта болуы керек.

  2. ерітінді температурасы. Кейбір реакцияларды салқын ортада жүргізу керек болады немесе керісінше, ал ерігіш тұнбалар температура артқан сайын әрекеттеседі.

  3. Ерітіндідегі анықталатын ионның концентрациясы жеткілікті түрде мейлінше үлкен болуы керек. Концентрациясы өте аз болса реакция дұрыс жүрмейді. Мысалы, тұнба ерігіш болса, тұнба түзетін ион концентрациясы тұнбаның ерігіштігінен жоғары болған жағдайда ғана тұнба түзіледі. Ал қиын еритін тұнба үшін аз ғана концентрацияның өзі жеткілікті болады.

Химиялық анализде қолданылатын реакцияларға мынадай талаптар қойылады:

1) реакция тез орындалатын және қайтымды болуы;

2) аналитикалық сигналы (түстің болуы, тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі) бар реакциялар болуы;

3) сезімталдығы жоғары реакциялар болуы;

4) таңдамалылығы жоғары реакциялар болуы керек.

Заттың қасиетіне қарай классификациялаған кезде анализдеу әдісі өлшенетін қасиеттін атын сақтайды. Егер тұнбаның массасы өлшенетін болса, әдіс гравиметриялық деп, егер ерітінді түсініп интенсивтігі анықталатын болса - фотометриялық немесе спектрометриялық деп, ал егер электр қозғаушы күші (ЭҚК) өлшенетін болса - потенциометриялық деп аталады және т.б.

Көбінесе анықтау әдістерін анализдің физикалық әдістерінің тобын айшықтай отырып, химиялық және физика- химиялық деп бөледі. Химиялық немесе классикалық анализ гравиметрикалық және титриметрикалық әдістерді жатқызады. Физика-химиялық және физикалық анализ әдістерінде заттың эмиссионды спектроскопияда спектралды сызығының интенсивтігі, полярографияда диффузионды токтың шамасы сияқты және т.б. қасиеттері байқалады немесе өлшенеді.

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАУЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СҰЛБАСЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет