БІШКЕК: ҮСТІНЕ АҒАШ ҚҰЛАҒАН ДЖИПТІҢ
ЖҮРГІЗУШІСІ МЭРИЯДАН ӨТЕМАҚЫ ТАЛАП ЕТУДЕ
ҚЫРҒЫЗ ҚАРАҢҒЫЛЫҒЫ
Ақпарат көзі: Kloop (https://kloop.kg/blog/2017/05/30/bishkek-voditel-
razdavlennogo-derevom-dzhipa-potrebuet-kompensatsii-ot-merii/)
30 мамыр 2017 жыл
Үстіне ағаш құлаған «Лексус Gx 470» иесі қала
билігінен өтемақы талап
етпек. Мэрия өтемақы төлеу мәселесін сот шешетінін хабарлады. Қатты
соққан жел 16 мамырда бүкіл қала бойынша 29 ағашты құлатты. Те-
ректердің бірі Сұлтан Ибраимов көшесіндегі Жеңіс алаңының жанында
тұрған «Лексус GХ 470» көлігіне құлаған.Көлік иесі Элдиярдың айтуын-
ша, оның отбасы Мәңгілік алаудың жанында серуендеп жүрген.»Мен
көлікті
Мәңгілік алаудың жанында қойып, бес минутқа балаларымның
қасына бардым. Кенеттен қатты жел оғып, үлкен ағаш менің көлігімнің
үстіне құлады. Енді көлік қалпына келтіруге жарамсыз болып қалды», -
деді Эльдияр. Көлік иесі өтемақы алу үшін мэрияға жүгінетінін айтты.
«Зеленстрой» муниципалды кәсіпорнының
бас агрономы Эльнура Джол-
дошева сұхбатында Kloop.kg-ге берген сұхбатында өтемақы төлеу тура-
лы мәселені тек сот шеше алатынын айтты. «Біз акт жасадық және тәртіп
бойынша бұл акт сотқа беріледі. Сосын сот шешімі бойынша өтемақы
мәселесі анықталады. Бұл біздің құзыретімізде емес», - деді ол. Патруль-
дік милиция басқармасының баспасөз хатшысы Таалай Бұғыбаев Kloop.
kg-ге қалада көлік тұрағы арнайы жол белгілерімен
көрсетілетінін айт-
ты. «Жүргізуші алдымен белгіге қарауы керек еді. Егер көлік тұрағының
белгісі болса, онда көлікті қоюға болады, егер жоқ болса,
онда болмай-
ды», — деді Бұғыбаев. Алайда, Лексус иесі көлігін аялдамадан өткеннен
кейін қалдырған және көлік қоюға болатындығы туралы белгі жолдың бұл
учаскесіне орнатылмаған.
(Google-maps карталарына сілтеме, онда
белгі орнатылғанын, орнатылмағанына-
дамдардың бәрі көре алады)
Достарыңызбен бөлісу: