ҚОЛДАНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР
Батыс
прессасында жаңалық, факт (news, ақпараттық жанрлар) және пікір (opinions, публицистика) арасында қатаң дифференциа-
ция қалыптасқан. Пікірлердің өздері салмақты болмағанымен әрдайым фактілерге және логикалық дәлелдерге,
шындыққа негізделіп ай-
тылады. Автор өзінің жеке пікірін осыларға сүйене отырып білдіреді. Жаңалықтар (газеттердің бірінші бағандарына шығатын) әрдайым
құрғақ әлі қарапайым тілмен жазылады. Ал, пікірлер (газеттің барсқа парақтарындағы) эмоционалды жақтың орнын толтырады. Іскерлік
әлемде бұл өзін-өзі ақтай алады. Мәселен, биржадағы баға белгілеулер туралы ақпаратты сарапшылардың әртүрлі болжамдарынан
ажыратып беру өте маңызды деп саналады. Бәлкім, ақпараттық журналистиканың ең негізгі стандарттарының
бірі факті мен пікірдің
ара-жігін ажаратып беру осыдан шықса керек.
Әрине, осыдан жүз жыл бұрын да БАҚ-та қателер кездескен. Мысалы, асығыстық, кейде сенсация қуғанның салдарынан ақпарат дайын-
дағанда
ұқыпсыздыққа жол беру, кейде – ашық сипаттағы «газеттегі үйректер» (қазір жалған ақпаратты «фейк» деп атаймыз). Дегенмен
де, журналистік қауымдастық дәл бүгінгідегідей БАҚ-ң негізгі капиталы – аудитория сенімі екенін білетін. Таралым саны емес,
тез ара-
да пайда табу да емес, қоғамның сенімі! Осының арқасында Times (1785, Ұлыбритания), LeSoire (1887, Бельгия), TheWallStreetJournal
(1889, АҚШ) секілді беделді басылымдар ғасырдан астам уақыт бойы өз елдерінде ғана емес, бүкіл
әлемде көшбасшы позициясын
сақтап қалды.
«Журналистикамен айналысып жатқандардың барлығын медианың қандай түрі болмасын өздері таратып отырған ақпарат үшін жауап-
кершілік алуға үндеу» (Кәсіпқой журналистер қоғамы, АҚШ) 1922 жылы Америкалық газет редакторларының
қауымдастығының қағи-
далар Декларациясын ішкі құжат ретінде жасауға итермеледі. Қазіргі уақытта журналистикадағы ұлттық этикалық кодекстердің негізі
Журналистер тәртібі қағидаларының Декларациясына (Журналистердің халықаралық федерациясы) және Халықаралық журналистік
этика принциптеріне (ЮНЕСКО) сүйене отырып жасалады. Бұл кодекстердің бірінші пункті – адамдардың шынайы ақпарат алу құқығы.
Халықаралық нормаларды Қазақстан журналистерінің этикалық кодексімен салыстырып көрейік:
Достарыңызбен бөлісу: